Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4111 3 пікір 23 Қараша, 2018 сағат 17:47

Желтоқсан көтерілісінен кейін де тіл үшін күрес тоқтаған жоқ!

3 ақпан 1989 жыл. КарЛАГ. Учреждение АК -159/5. (Северный Караган). Абай қаласынан 2-3 км. шақырым. Айдала. 35-40 градус аяз. Оған қоса қар боратып, қатты жел соғып тұр. Желтоқсан үшін алған алты жылымның 2 жыл 2 ай, 10 күні артымда қалды. Бостандыққа УДО-ға 10 ай 9 күнге шықтым. Үстімде зектердің киімі. Қолымызда "волчий паспорт" (Справка об освобождении).

1986 жылы ҚазМУ-дың, тарих факультетінің студенті болған, бес жылға сотталған желтоқсандық Ермұхан Қуандықов екеуміз бірге, көптен бері армандаған "Уфф! "-деп бостандығымызға да шықтық. Сан қилы қиыншылықтар мен өлімнен аман қалдық. Қарулы күзет, тікенек сымдар қапталған биіктігі үш метр аршын дуалдар, сықырлаған темір есіктері бар торлары, күніне өте қатаң түрде 3-4 рет тексеруден өту шарасы жүретін КарЛАГтың қатаң жүйесі де артымызда қалды. Бұндай жерде 1 күнің 15-20 күнге теңеледі. 2 жылдан астам баласын күткен, ата-анамыздың қайғысының көз жасы мен ұйқысыз өткен күндерi де артта қалды. Бірақ 10 ай 9 күн КГБ мен хұқық қорғау органдарының надзорында болдым. 

Енді ата-анамыздың қуанышының көз жасына тезірек жолығайық деп Қарағанды теміржол вокзалына асыға бет алдық.. Сағына күткен Алматыға билет келесі күні Петропавл - Алматы бағытындағы таңғы уақытқа екен. Бостандыққа шыққанымызға небәрі 3-4 сағаттай ғана болып қалды. Теміржол вокзалында хабарландыру тек орыс тілінде жүргізіліп жатқаны Ермұхан екеуміздің намысымызға кезекті рет тиді. Вокзал әкімшілігіне барып жағдайды түсіндіріп, книга жалоб и предложенииге, «Қарағанды вокзалында хабарландыру неге тек орыс тілінде жүргізіледі. Конституция бойынша қазақ тілінде де хабарлану керек» - деп ауызша да айтып, кітапшаларына да жазып кеттік. Екі айдан кейін, Алматыдағы «Таулы Қыраттағы» (Горный гигант) Маршала Жукова 20-дағы тұратын үйімдегі пошта жәшігіме бір хат келіп түсті. Декелбаеву Ерлану..... От: Карагандаинский ж.д вокзал деген жазуы бар. Түсінбей қалғаным бар емес пе, бұл қайдан келген бәле деп жаман ойыммен конвертті аштым. Хатты оқысам: «Уважаемый Ерлан Абдурашитович! Ваша жалоба рассмотрена на общем собрании коллектива ж/д вокзала г. Караганды и на данный момент ж.д вокзалe Караганды сообщение объявляется на двух языках» - деген сөз жолдарын оқығанымда қандай күйде болғанымды білсеңдер ғой. Шынымды айтсам маған осындай жауап келеді деп ойыма да кірген жоқ.

ӨСТІП ОЙЛАМАҒАН ЖЕРДЕН ТІЛІМІЗ ҮШІН ТАҒЫ БІР ЖҰМЫСЫМЫЗДЫ ТЫНДЫРДЫҚ. Ол хат «Аллажар» филімінің қоюшы режиссері Қалдыбай Әбенов ағамыздың үйінде еді. Қазір таба алмай бар қағаздарын ақырындап қопарып іздестіру үстіндеміз. Онымен тоқтамай Кеңестар Одағында, (Колбин тақта отырған кезде) 1989 жылдың 20 мамырында "Қазақфильм" киностудиясының 250 бөлмесінде "Аллажар" фильмінің қоюшы-режиссері Қалдыбай Әбеновтың қолдауымен тар қапаста екі жылдан
отырып келген желтоқсандықтар болып "Желтоқсан" ұйымын аштық.

Ол енді өз орны бар тарихи бөлек әңгіме.

Ерлан Декелбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450