Бейсенбі, 6 Қазан 2022
Саңлақ 4275 0 пікір 25 Қараша, 2018 сағат 10:22

Қазақстандық үш боксшы нокаутпен жеңіске жетті

Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО)

Сенбіден жексенбіге қараған түнде қазақстандық үш кәсіпқой боксшы шаршы алаңға шықты.

Монте-Карлода (Монако) өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) никарагуалық Маркос Мохиканы (16-2-2, 12 КО) жеңіп, кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші, Үшінші раундтарда нокдаун алған Маркос Мохика қазақстандықтың қарқынына шыдас бере алмады. Үшінші раундта нокаут тіркелді.

Әуесқой бокста толағай табысқа жетіп, Олимпида чемпионы (2016 жыл) атанған Данияр Елеусінов биылдан бастап кәсіпқой бокста бағын сынап жүр. Алғашқы жекпе-жегін ақпан айында, Екінші, үшінші кездесуін маусым және тамыз айларында өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Алғашқы жекпе-жегі АҚШ елінде, соңғы екеуі Ұлыбритания жерінде өтті.

Ал 20 қазан күні Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренасында өткен төртінші кездесуінде америкалық боксшы Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал Канаданың Квебек провинциясында өткен бокс кешінде әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық екі боксшы өнер көрсетті.

Біздің боксшылардың екеуінің де қарсыласы Мексика елінің спортшылары болды.

Нұрзат Сабыров (8-0, 7 KO)

Супер орта салмақтағы Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) 36 жастағы аса тәжірибелі боксшы Рокки Монтойямен (32-2-0, 22 KO) жұдырықтасты. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта қазақстандықтық жеңісімен аяқталды.

Айта кетерлігі, Монтойя кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын 1997 жылы жасаған. Содан бері 32 мәрте жеңіске жетіп (22 нокаут), екі-ақ мәрте жеңілген. Бүгін үшінші жеңілісіне ұшырап отыр. 24 жастағы Сабыров кәсіпқой боксқа қарсыласынан тура он жыл кеш келген.

Садриддин Ахмедов (5-0, 5 КО)

Ал бірінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) 27 жастағы Жозе Франсиско Зунигамен (14-11-2, 5 KO) кездесті. Жекпе-жек 6 раундқа жоспаранғанымен, екінші раундта ахметовтың жеңісімен аяқталды. Бұл 20 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісі.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

0 пікір