Жұма, 22 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 6132 5 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 09:58

Мырзан Қайғының оғаш ойлары

Қостілділік деген арамзалық саясат қазақты ұлттық санасынан, ұлттық намысынан айырылған, тілі шұбарала, мәңгүрт ұлтқа айналдырып еді. Енді үштілділік қазақты жер бетінен бұратола жояды. Оған таласпай-ақ қойыңыз. Біз соның бәріне шүкір деп, соғыс болмаса болды деп, ұлттық ақымақтыққа жол беріп отырмыз. Енді өте кеш қалдық.

 

* * *

Қазақ бүгінгі аласапыран заманнан жойылып кетпей аман қаламын  десе өлсе де, тірілсе де, айтысып-тартысса да, тіпті ашық күреске шықса да ең әуелі Қазақ Елінде орыстың тілінің емес қазақ тілінің үстемдігін орнатуға дереу кірісуі керек. Анау Путин 400-ден астам ұлт тұратын бүкіл Ресейді бір ғана орыс тіліне бағындырып қойғаны аз болғандай, екі сөзінің бірінде басқа елдерде де орыс тілін көкке көтеремін деп зіркілдейді. Ал бізде орысқа қазақша сөйлесең прокуратураға, сотқа жауап бересің, жұмыстан қуыласың. «Елімізде тыныштық!» деп жүре бер қазақ.

 

*   *   *

Үш тілде сөйлейтін балада ержеткен соң ата-ана, ұлтым қазақ, Отаным Қазақстан деген ұғым, түсінік болмайды. Билік осының бәрін жақсы біле тұра үштілділік деген залымдық саясатты әлде бір халықаралық құпия ұйымдардың тапсырмасымен қазақты жою үшін, дұшпандарымыздың ақылымен еңгізіп отыр.

 

*   *   *

Біз ең әуелі Алланы сосын Құранды, сосын Пайғамбарды, сосын Заңды, содан кейін барып Елбасын құрметтеуіміз керек. Және әуелі Алланы, сосын Құранды, сосын халықты, оның ішінде жергілікті халықты алдымен құрметтейтін Елбасын құрметтеуіміз керек.

*  *  *

Құдайым Қазақстанды тоңқалаң асырмасаң тақтан түспейтін, атып тастамасаң аттан түспейтін адамдар басқарып отырғаннан сақтасын.

*  *   *

Қазақстанда парық-парасатсыз адамдарға да «Парасат» ордені қадір-құрметсіз адаамдарға да «Құрмет» ордені, жатып ішер жалқауға да «Еңбек Ері» атағы беріле береді.

*  *  *

Қазір халық арасында санатта жоқтар Сенатқа кіретін болды.

*  *  *

Қазір Мемлекеттік сыйлық иегері атанған кейбір ақындардың поэзиясын оқығанда «бәйгіде  есек озған заман болды» дегің келеді.

Желеп-жебеп жататын

Намыс та бір пір-баба

Ар-ұятты сататын

Сыйлық құрғыр пұл ғана

*  *   *

Берекеті кеткен елдің рэкеті де депутат болатынын көрдік.

** * *

Қазақстанда Құдайға тіл тигізген адамға сот жоқ, ал бір облыс не аудан әкіміне, қаттырақ бірнәрсе айтсаң не сотталасың, не ұшты-күйлі хабарсыз жоқ болып кетуің, не «авариядан» қайтыс болуың мүмкін.

 

*  *  *

Қазақстанда қазақ мүддесін айтатын тіл бар еді, бірақ оны тыңдайтын құлақ жоқ болғасын ол тіл үш жерден кесіліп, үшке бөлінді. Соның бәрін ойлап отырып:

Алдымызда бұлдыр өмір, бұлдыр ел,

Әттең соны кім түсінер, кім білер?

Ойын қойып, ойға алғанын істеп жүр

Заманауи тазылар мен түлкілер, - деп күбірледім. Қолымнан не келеді, бұдан басқа?

***

Ақынның азаматтық, адамгершілік және білім деңгейі қандай екенін оның не жазып жүргеніне қарап ап-анық көруге болады. Оның өзі қандай болса, өлеңі де сондай болады. Қазір билік басындағылар мен жағымпаздар сосын надандар «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегенді еліңде, айналаңда қандай өрескелдіктер болып жатқанын көрсең де көрмеген бол, бас изеп, қол көтеріп құптай бер де  түсіндір отыр.

***

Бұрын қазақтар үйге  кірген жыланның басына ақ құйып шығарып салатын-ды. Қазір Қазақстанға келген қай жыланның да басына мұнай құйып, құшағына-қыз, қалтасына доллар салып шығарып саламыз. Және оларды өзіміз шақырып алатын болдық.

Мырзан Кенжебай

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1443
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5198