Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4490 1 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 10:34

Кинотеатрлардан қазақ тілін талап етейік!

Еліміздің кинотеатрларында қазақ тіліндегі кино мен анимациялық фильмдерді ыңғайсыз уақытта және тым аз көрсетеді. Бұл - қазақ тілді көрерменнің, тұтынушы құқығын бұзу. Осыны біле тұра ешқайсымыз не заңға жүгініп, не басшылығына айтып талап етпейміз.

Тәуелсіз, дербес мемлекетте емес, өзгенің елінде тұрып жатқандай күйдеміз. Заң біз жақта, қазақ тілі жағында, тек сауатты талап етіп, жұмыла білсек болғаны.

Кез-келген ұлы жетістік қарапайым ғана істен басталады. Қазақ тіліндегі кино, мультфильмді түске дейін ғана емес, күні бойы, түнде де және жиі көрсетуін талап етейік. Заң бар, тек ол жұмыс істемейді.

Ендеше жұмыс істеуіне жұмыла кірісейік. Өз елімде киноны қазақша көргім келеді. Сіздер де қолдаңыздар, бөлісіңіздер.

Мәди Манатбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413