Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2822 0 пікір 20 Сәуір, 2011 сағат 03:15

Нағашыбай Қабылбек. Сатираның сардары Секең де озды дүниеден

Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан айтулы ысқақшы, танымал фольклорист, этногроф, жазушы Сейіт Кенжеахметов те фәниден бақиға көшкелі төрт күннен асып барады.  Қаршадайынан қазыналы қариялардың қамбасынан сөз маржанын уыстап алып  қалтасын қампайтқан бала көңіл, дархан шабыт иесі "келместің кемесіне" сәуірдің он алтысы, сенбі күні мініп кетіпті.  Астанаға асығып келгенде  асау жүрегі сыр беріп, дүбірге толы дүниені талақ етіп, жазмыштың жазасына көніп, жазира даласынан жаз дидарлы ағамыз 74 жасқа қараған шағында бабалар мекеніне ат басын бұрды. Астанадағы Отырар ұлттық кітапханасының алдында зиялы қауым Сейіт ағамен соңғы рет қош айтысып, туған жеріне шығарып салды. Қаламдастары, ағайын-туған, дос-жарандары, өзі жарты ғұмырын арнаған Арқалық қаласына жеткізіп, арулап қойыпты. Сатира сардарымен қоштасуға  жиналған халық: «асылды жоғалтық» деп аһ ұрды.  Алла тағаланың өлшеп берген дәмі таусылып,  жалған дүниені «жалпағынан» басып, жағымпаздықпен қаны қас, көркем сөзде жаны жас, күлкіні кенже баласындай еркелеткен Сейіт Кенжеахметовтың екінші, өлмес ғұмыры басталды.

Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан айтулы ысқақшы, танымал фольклорист, этногроф, жазушы Сейіт Кенжеахметов те фәниден бақиға көшкелі төрт күннен асып барады.  Қаршадайынан қазыналы қариялардың қамбасынан сөз маржанын уыстап алып  қалтасын қампайтқан бала көңіл, дархан шабыт иесі "келместің кемесіне" сәуірдің он алтысы, сенбі күні мініп кетіпті.  Астанаға асығып келгенде  асау жүрегі сыр беріп, дүбірге толы дүниені талақ етіп, жазмыштың жазасына көніп, жазира даласынан жаз дидарлы ағамыз 74 жасқа қараған шағында бабалар мекеніне ат басын бұрды. Астанадағы Отырар ұлттық кітапханасының алдында зиялы қауым Сейіт ағамен соңғы рет қош айтысып, туған жеріне шығарып салды. Қаламдастары, ағайын-туған, дос-жарандары, өзі жарты ғұмырын арнаған Арқалық қаласына жеткізіп, арулап қойыпты. Сатира сардарымен қоштасуға  жиналған халық: «асылды жоғалтық» деп аһ ұрды.  Алла тағаланың өлшеп берген дәмі таусылып,  жалған дүниені «жалпағынан» басып, жағымпаздықпен қаны қас, көркем сөзде жаны жас, күлкіні кенже баласындай еркелеткен Сейіт Кенжеахметовтың екінші, өлмес ғұмыры басталды. Қазақ секілді сөздің салмағы мен ардағын қадірлей білетін мәрт халық барда тағылымды дүниелері талай ұрпаққа азық болары тағы анық.Тіршілігінде жан баласымен шәй деспеген, қой аузынан шөп алмас момын көрінгенімен, қытығына тисең тілі-тікен, сөзі-шөңге, өзімсінген адамына өзегін жұлып берер аңғал, әдебиеттің ақ төсегін кірлетпей кеткен азаматты енді сағына еске алады ұрпақтары. Не жазса да ойланып, толғанып барып қолына қаламын алатын кірпияз қыр баласы, қырқадағыны шалатын қырағы, маңайына түсіп жүретін шуағы, көненің көзі, бабаның сөзі болатын. Бойынан болмашы ғана сәуле төгілген баланы шырақ көріп, тілектес болып, сәт-сапар тілеп, шынайы дарынды шырамытып отыратын қабілетке де ие еді-ау. Секеңнің ақ батасымен арқаланған, алайда қалаға үйреніп "тарпаңданған" шәкірттері де жетіп артылады.  Туған жері Торғай атырабында Сейіт айтыпты деген әңгімелер ағыны толастаған күн болды ма екен сірә?! Еркелеткен халқына өзі де назданып өтті. Торғайдың өзені арнасына түссе де, Секеңнің шабыты арқасынан түспеді. Қара нардай кәтепті, жүріс тұрысымен әдепті, еңбекқорлықтың керемет үлгісін көрсетті замандастарына. «Қиын да қызық өмірдің бір сәтін құр босқа өткізу, шабытты басқа тепкізу» деп отыратыны есімізден қалай шықсын. Өзі ылғи «әдебиет - ардың ісі» деп арқаланып отыратын еді жарықтық. Бар ғұмырында ауылдан тамырын үзбей, кейіпкерлерін ат  арытып алыстан іздемей, «жерұйық» іздеп сабылмай, ауылын аңсап сағынбай, ешкімге де жағынбай, мансап үшін жалынбай, орден медаль тағынбай, құлдық ұрып бағынбай, әзілмен шарпып жалындай, ғайып болды сағымдай...

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5646