Сенбі, 23 Қараша 2024
Байқау! 3322 3 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 11:25

Данэлия Төлешова «Junior Eurovision» байқауында 6-шы орын алды

Беларусь елінде өткен «Junior Eurovision» халықаралық конкурстың жеңімпазы белгілі болды. Жеңімпаз көрермендер мен әділқазылардың дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.

Осымен 16-шы мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға 20 елден жас әншілер қатысты. Тағы бір айта кетерлігі, бұл байқауда біздің елдің әншісі алғаш рет бақ сынап отыр. Беларусь астанасында Қазақстан атынан он екі жастағы әнші Данэлия Тулешова өнер көрсетті.

Қарашаның 23-нен 24-не қараған түні Junior Eurovision -2018 байқауының қатысушыларына дауыс беру басталған еді. «Өзіңе сен» әнімен үшінші болып сахнаға шыққан Данэлия Тулешова телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша 103 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш бойынша ол 3-ші орынға табан тіреді. Ал әділқазылар отандасымызға 68 ұпай берді. Дауыс саны мен әділқазы алқасы берген ұпай саны бойынша Данэлия 171 ұпаймен 6-шы орынға тұрақтады.

Халықаралық әділқазылар шешімімен 2018 жылғы «Балалар Евровидение» байқауының бас жүлдесін 215 ұпай жинаған Польша елінің әншісі Роксана Венгель жеңіп алды.

Байқау қорытындысы

Естеріңізде болса, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Минскіде Данэлия Тулешовамен кездесіп, сәттілік тілеген болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413