Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4800 14 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 14:46

Аида Балаева: Басты құндылығымыз - азаматтардың амандығы

ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева елордада өтіп жатқан VІІІ Азаматтық форумда азаматтық сектордың келешегі туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтық форум барысында «Мен сенемін» тақырыбында сессия жұмысы өтті. Оған белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт модераторлық жасап, азаматтық сектордың болашағы жайлы әңгімеге ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаеваны тартты.

«Қазіргі таңда әлемдік саясатта, қоғамдық бастамаларда әйелдердің белсенділігі туралы көп айтылады. Бұл ретте, біздің елдегі жағдай қандай деп ойлайсыз?», - деп сұрақ қойды Дана Нұржігіт.

Бұл сауалға жауап берген Аида Балаева жалпы, әйелдер - мемлекеттің тірегі әрі қолдауы екенін атап өтті.

«Бұл туралы әрдайым Мемлекет басшысы да айтып келеді. Елбасы өз сөзінде «істі әйелдерге тапсырған дұрыс, себебі олардың жауапкершілігі мол» деп айтып отырады. Сондықтан, әйелдердің жауапкершілігі мен еңбекқорлығы мол екенін айта кету керек. Әйел деген, ең алдымен - ана. Сол себепті, барлық ауқымды тәрбиелік миссия әйелдерге жүктелген. Біздің мұғалімдер мен тәрбиешілер, аналарымыз шынында да, балаларымыздың ішкі дүниесін қалыптастырып, сол арқылы қоғамның іргесін қалайды. Бүгінгі таңда барлық әйелдерге қандай жұмыспен айналысуды жөн деп тапса да, барлық жағдай жасалған. Ер болсын, әйел болсын еліміздегі жауапкершілігі мол кез келген азамат өз мақсатына жете алады. Мемлекеттік қызметте де, журналистикада да, үкіметтік емес ұйымдарда да, барлық салада... Сондықтан, әйелдер, әлбетте - біздің мемлекеттің тірегі», - деді Аида Балаева.

Сонымен қатар Дана Нұржігіт азаматтық секторды күтіп тұрған өзгерістерге қатысты Аида Балаеваның пікірін сұрады.

«Менің ойымша, өзгерістер күні ертең басталып кетуі керек. Тіпті бүгін де... Себебі, менің есептеуімше, осы форумдағы біздің кездесу көптеген маңызды әрі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған нақты шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Тиісінше, бұл шаралар өте тиімді болуы керек. Өйткені, бәрі де бір-бірін өзара ақпараттандырып іс атқарса - мақсат орындалады. Біздің осылай жиналып, мәселелерді талқылауымыздың маңызы зор. Басты құндылығымыз - азаматтардың амандығы мен тұрақтылығы. Әрбір кездесуіміз - бірлескен жұмыстарымызды жетілдіре түсіп, диалогымыз конструктивті бола түсер деген сенімдемін», - деді Аида Балаева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада VІІІ Азаматтық форум өтіп жатыр. Елбасының қатысуы күтілетін ауқымды шара екі күнге созылады.

Abai.kz

 

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379