Сенбі, 23 Қараша 2024
3376 0 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 13:42

Түркістан облысындағы агро-өнеркәсіптік кешендер цифрлық форматқа көше бастады

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.

Инновацияларға басымдылық берілуде. Түркістан облысындағы агро-өнеркәсіптік кешендер цифрлық форматқа көше бастады. Мәселен, Сарыағаш ауданында автоматтандырылған жүйе енгізілген жылыжай жұмыс істейді. Қызанақ өсірумен айналысатын шаруашылық жаңа технологияны енгізу арқылы өнім көлемін 2 есеге дейін арттырған. Аумағы 7 Га болатын алқаптан шашмен 700 тонна өнім жиналады.

Егін жинау мамыр және қараша айларында жүргізіледі.

ГАУҺАР АХМЕТОВА, САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біз қызанақты бұлай кесуіміздің себебі, ұзақ жолға жақсы шыдайды, әрі әдемі көрінеді. Сол үшін осылай кесіп, баптап, жинаймыз.  Жылыжайда температураны бақылаудың автоматтандырылған жүйесі орнатылған. Бұл өсімге оң әсер етеді. Мәселен, егін жинау кезінде әрбір түптен 7-8 кг жеміс береді. Ал бұл – тәулігіне 50-ден 100-ге дейін қорап қызанақ өнімі.

БЕКЗАТ ТӨРЕБЕК, ЖЫЛЫЖАЙ АГРОНОМЫ:

-  Біздің жылыжайдың терезелері автоматтандырылған. 15 Га жер жылы болғанда өзі ашылады. 10-12 Га салқындағанда қайтадан автоматты түрде жабылады.

Жылыжай өнімдерінің үштен бірі Ресейге экспортталады. Қалғаны – елдің ішкі нарығына таралады. Түркістан облысындағы барлық жылыжайлардың 50% -ы Сарыағаш ауданында орналасқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379