Сенбі, 23 Қараша 2024
2101 0 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 15:12

Түркістан облысындағы агроөнеркәсіптік кешендер цифрлық форматқа көше бастады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында ауылшарушалығы саласына айрықша назар аударғаны белгілі. Сондай-ақ, осы саланы жан-жақты дамыту үшін нақты тапсырмалар да берілген болатын.

Осыған сәйкес, Түркістан облысындағы агроөнеркәсіптік кешендер цифрлық форматқа көше бастады. Мәселен, Сарыағаш ауданында автоматтандырылған жүйе енгізілген жылыжай жұмыс істейді. Қызанақ өсірумен айналысатын шаруашылық жаңа технологияны енгізу арқылы өнім көлемін екі есеге дейін арттырыпты.

Аумағы 7 гектар болатын алқапта жылына екі рет өнім жиналады. Алғашқы көшет ақпан айында отырғызылып, оның өнімі мамыр-маусым айларында жиналады. Екінші рет тамызда қайта егіліп, қазан мен қараша айларында жиын-терім жұмыстары басталады. Қызанақ жинаудың да жұртшылық біле бермейтін өзіндік ережелері мен талаптары бар.

Қазір мұнда 40-қа жуық қыз-келіншек терім жұмысына қатысуда. Олардың алды күніне 50-ден 100 қорапқа дейін өнім жинайды. Қазір бұл жылыжайда қызанақ теру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осындағы мамандардың айтуынша, әрбір түптен 7-8, тіпті 10 кг дейін өнім алуға болады. Жиналған дайын өнім қораптарға салынып, қоймаға жеткізіледі. Жаңа технологияға иек артқан диқандар оның игілігін де көре бастапты. Қазір 1 гектардан 100 тонна өнім жинауда. Демек, 7 гектардан 700 тонна қызанақ теріледі. Сонда жылына 1400 тонна өнім алынады. Дайын өнімнің 70 пайызы еліміздің өзге облыстарына жөнелтілсе, қалған 30 пайызы ресейге экспортталады. Қазір жылыжай ішіндегі ауа бірқалыпты температураны ұстап тұрады. Егер шамадан тыс ыси бастаса, автоматты жүйе бірден іске қосылып, жылыжай терезелері ашылады.

Жалпы, облыстағы жылыжайлардың 55 пайызы осы Сарыағаш ауданына тиесілі. Ал республикадағы жылыжайлардың 80 пайызы Түркістан облысының аумағында орналасқанын ескерсек, жаңа технологияларды енгізу арқылы өнім көлемін арттыруға толық мүмкіндік бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377