Сәрсенбі, 18 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2975 0 пікір 25 Сәуір, 2011 сағат 05:15

Мұхтар Шерім. Қызметтен кетеміз!

Айлығы шайлыққа, ауыз жібітер майлыққа жетпейтін бейшара ел екенбіз... Премьер- министр Кәрім Мәсімов президенттің алдына келді...

- Не болды?-деп сұрады президент.

- Қызметтен кетемін...

- Жақында ғана қайта тағайындадым. Елден ұятты... Неге кеткің келді?

- Айлығым аз...

- Айлығым аз? Сіз өзі қанша алатын едіңіз?

- Табыстарын халықтан жасырмайтын Путин мен Медведов деймісіз? Айтпаймын, айтпаймын, бірақ сізге өлгенше, өлген соң да қызмет етуге даярмын!-деп «еркелей» жымиды премьер. Президент оның арқасынан қағып шығарып салды. Премьер кабинетіне келіп, креслосына шалқая берген, көмекшісі кіріп:

- Министрлер келіп тұр...-деді. Ішке министрлер кіргенде, таң қалды. Бәрі сіріңкенің шиіндей болып арықтап кетіпті. Иілсе «бырт» етіп, сына кете­тіндей... Жақтары суалып, таяққа сүйеніп әрең тұрған министрлерін де көріп, Кәрекеңнің көзіне кристалдай таза жас келді... Вице- премьер министр Өмірзақ Шөкеев сөз бастады:

- Кешіріңіз, Кәреке, мен де қызметтен кетемін. Айлығым сәпсім аз.

- Қалай аз?

--Айлығым айлыққа жетпейді. Шаянға барып, халық театрын ұйымдастырып, саксофонда ойнап, ақша таппасам...

- Сендер қорықпай, айлықтарыңды жария етсеңдерші! Қанша алатындарыңды біліп отырайын да...-деді премьер.

- Көзіңіз тиіп кетеді... Жария етуге тұрмайды...

- Болмайды! Елден, халықтан ұят! Мен де жүрмін ғой, айлыққа жарымасам да... Шыдаң­ыздар, бұ қазақ аштыққа да, қуғын-сүргінге де шыдаған қазақ!-деп Кәрім Мәсімов планшет компьютеріне үңілді,- Ойеба-ай, мында қараңдаршы! Халық біткен жардай болып семіріп кетіпті! Міне, Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент көшелерінде семіз әйелдер, семіз кісілер, семіз балалар кетіп барады! Бәрінің ауыздарында қойдың құйрығы! Сорып барады...

Қаржы министрі қалтасынан бір үзім нан алып, теріс қарап жеп тұр еді, Премьер- министр байқап қалды:

-Сіз не, сағыз шайнап тұрсыз ба?

- Ж-жоға, нан шайнап тұрмын...

- Е?

- Қарным ашып кетті. Айлығым аз... Мен де қызметтен кетемін...

- Әкеліңіз...

- Нені?

- Тығып жеп тұрған наныңызды. Нан ауыз тиейік те... Нанды опырып жеген премьер-министр министрлерге жайдары қарады:

- Біздің үйде ұн таусылыпты... Ұн алайық десек, өте қымбат...

- Біздің үйде де шәй таусылыпты,- деп қалды бір министр.

- Ештеңе етпейді. Есесіне халқымыз тоқ. Арық, дімкәс алдамдардың бәрі өліп қалып, тек семіздері, бақуаттары қалған. Бүгіннен бастап, қызметтен кетеміз деп қыңқылдағандарыңызды қойыңыздар. Былайғы жұрт жұмыс таппай жүргенде, бұларыңыз ұят болады, - деп премьер қалтасын қарады.

- Өлә, қалтаңызда жиырма теңге ғана қалыпты ғой...-деп қалды Шымкент жақтан келген Шөкеев. Премьер жымиды да қойды.

- Сенде не бар?

- Құрт сорғыңыз келе ме?

- Жоқ, рахмет. Депутаттар да аштық жариялап жатыр екен.

- Естідік...

- Қарындары аш көрінеді. Айлықтары мардымсыз. Бір депутат светке ақша төлей алмаған соң, «Қырық жылдан кейін асылып өлемін» деп мәлімдепті. Қазір парламенттегілер «Депутат қырық жылдан кейін өле ме, өлмейді ме?» деген мәселені күн тәртібіне қойып, қызу талқылап жатыр екен...

Бір кезде «айлығы аз»  бір министрдің көзі қарауытып, құлап түскені... Ертеңіне-ақ, ресми газеттерде «Халық үшін құлаған министр» атты мақалалар жарық көріп жатты... О, халайық! Табыстарын жария етуден қорқатын биліктегілер аман болсын десек, «Самұрық- қазынаға» ақша аударайық!!! Халық қара нан жесе де күн көрер...  Жаным ашып кетті тегі...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1843