Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
2778 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 19:27

Келес ауданы әкімдігі кәсіпкерлерге көмектесуге дайын

Биыл наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты жаңа әлеуметтік бастамаларды таныстырды. Бастамада өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстарына қолдау білдіріп, жеңілдетілген шағын несие беру жайлы айтылған болатын.

Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаевтың бастамасымен, аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастырумен Абай ауылында орналасқан «Гранд Париж» мейрамханасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша «Бизнес бастама, дәулетті болғың келсе кәсіп қыл, кәсібің сенің — нәсібің» атты ауданның бизнес бастауға ниетті азаматтар қатысуымен іс-шара болып өтті, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шарада «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жалпы жобалары түсіндірілді. Атап айтқанда субсидиялау шарттары, кепілдендіру шарттары, Жаңа замануи технологияларды жабдықтау есебінен жұмыс орындарының санын көбейту және өндірілетін өнімнің сапасын ұлғайту жобалары түсіндіріліп, жиынға қатысқан азаматтар тарапынан қойылған сұрақ-ұсыныстарға тиісті жауаптар берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159