Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2532 0 пікір 26 Сәуір, 2011 сағат 04:13

Интернет-конференция: Уәлихан Қайсаров (жалғасы)

- Жерлес ағаңыз Әлихан Бәйменовтың қасында жүрген сияқты едіңіз бір кездері, оған қазіргі көзқарасыңыз қандай? Жерлес ініңіз Әсет Исекешев туралы пікіріңізді білсек?, Ол келешекте президент бола алады деп ойлайсыз ба? Қайрат Мәми келесі Елбасы болады дегенге жеке пікіріңіз? Сіздіңше Болат Өтемұратов қаншалықты ықпалды тұлға?

- Әлихан Бәйменовты өте жақсы білемін. Ол өте білімді, мәдениетті, сыпайы жан. Мемлекеттік қызметте де тәжірибесі мол. Тек бір әттеген-айы қазіргі режимге азуын көрсете алмайды. Ал Әсет Исекешевке келер болсақ, ол жас, білімі мол. Бірақ  өз ұлтына өте биіктен қарайтын адам сияқты. Тілді білмейді, білгісі де келмейді. Ол халықтың қалауымен президент бола алмайды. Қайрат Мәмиді қазіргі конституция күшпен таққа отырғызуы мүмкін. Бірақ ол сол биік лауазымды алып жүре алады ма, жоқ па? Бұл үлкен де күмәнді мәселе. Болат Өтемұратовты ықпалды деуге болмас, бірақ қалталы екені рас.

- Ассаламуалейкум Уалихан аға, біздің қазаққа Желтоқсан сияқты бір рухани сілкініс қажет. Әрине, қан төгуге емес ,тек қазақтарды ояту үшін. Сіздің қандай пікіріңіз бар ?

- Жерлес ағаңыз Әлихан Бәйменовтың қасында жүрген сияқты едіңіз бір кездері, оған қазіргі көзқарасыңыз қандай? Жерлес ініңіз Әсет Исекешев туралы пікіріңізді білсек?, Ол келешекте президент бола алады деп ойлайсыз ба? Қайрат Мәми келесі Елбасы болады дегенге жеке пікіріңіз? Сіздіңше Болат Өтемұратов қаншалықты ықпалды тұлға?

- Әлихан Бәйменовты өте жақсы білемін. Ол өте білімді, мәдениетті, сыпайы жан. Мемлекеттік қызметте де тәжірибесі мол. Тек бір әттеген-айы қазіргі режимге азуын көрсете алмайды. Ал Әсет Исекешевке келер болсақ, ол жас, білімі мол. Бірақ  өз ұлтына өте биіктен қарайтын адам сияқты. Тілді білмейді, білгісі де келмейді. Ол халықтың қалауымен президент бола алмайды. Қайрат Мәмиді қазіргі конституция күшпен таққа отырғызуы мүмкін. Бірақ ол сол биік лауазымды алып жүре алады ма, жоқ па? Бұл үлкен де күмәнді мәселе. Болат Өтемұратовты ықпалды деуге болмас, бірақ қалталы екені рас.

- Ассаламуалейкум Уалихан аға, біздің қазаққа Желтоқсан сияқты бір рухани сілкініс қажет. Әрине, қан төгуге емес ,тек қазақтарды ояту үшін. Сіздің қандай пікіріңіз бар ?

- Рухани сілкіністің қажет екеніне дау жоқ. Оны сананы оятумен жасау керек. Яғни ақырып теңдік сұрау керек. Бірақ қазіргі билік қан төгіссіз кетпейді. Бұл бір. Бірақ, адам сияқты өмір сүреміз десек, ұлтымыздың, ұрпағымыздың болашағын ойлайтын болсақ, біз қалай болғанда да оны тақтан тайдыруымыз керек.

- Сіздің соңыңыздан халық еруге дайын.Сіз елді бастап биілкпен ашық күреске шығуға дайынсыз ба?

- Қараша қаласа хан атынан түседі. Яғни мен қашанда қарашаның қалауын жасауға әзірмін. Сұрағыңызға көп рахмет.

- Уалихан, екеуміз құрдас екенбіз. Қырықтан асып, кемел шаққа келіп отырсың, аман-сау жүре бер! Қазіргі президент қазақ тілін, қазақ ұлтшылдарын дамытуға мүдделі емес, қазақ көтерілсе төңкеріп тастар деп қорқады. Президент қазаққа бет бұрмай, қазақ та «мынау менің президентім» деп өлсе де айтпайды.

Енді қояр сұрағым:

1. Бізге отарсыздандыру саясаты керек пе, әлде басқа жолы бар ма?

2. Қазақ тілін дамытудың өзің ұсынатын жобасы бар ма?

3. Елдегі коррупциямен қалай күресуге болады?

- Біз тәуелсіздікті формальды түрде ғана алдық. Ал рухани жан-дүниеміз, санамыз сол кеңес кезеңіндегі құлдық санадан арыла алмады. Оны билік басына келгендер емдеуге тиіс еді. Бірақ оларға сол құлдық сана тиімді болды. Қазір біз орыспен қоса, қытайдың да отарына айналып барамыз. Ұлтты отарлық езгіден тек ұлтшыл патриоттар ғана шығара алады. Одан басқа жолды мен көріп отырған жоқпын. Қазақ тілін дамыта алатын жобам бар. 2015 жылдан кейін мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін тек қазақ сыныбына бару керек. Сонда қазақ тілін дамыту мәселесі айналдырған 2-3 жылда өздігінен шешіледі. Оған дейін мектептерді дайындауымыз керек. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін бірінші елбасының өзі таза болу керек. Екінші сыбайлас жемқорлыққа жаппай күрес жариялау керек. Әр азамат өзінің азаматтық міндетін адал атқарса ешқандай да жемқорлық болмас еді. АҚШ-та неліктен халық сотқа сенеді? Өйткені, онда бұрындары бұрыс шешім шығарған сотты дарға асқан.  Қорқыныш сезімі бүгінгі америкалық соттардың қанына сіңген. Өйткені «көп қорқытады, терең батырады». Ал Қазақстанға келер болсақ, басқа мемлекеттік қызметті солай жасау керек. Өйткені, біздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі америкамен салыстырғанда тамырын тіптен тереңге жіберген.

- Ассаламуалейкум Уалихан құрдас, «Болшақ» бағдарламасымен шетелде  оқып жүрген қазақша білмейтін мәңгүрттер біз еліміздің болашағы дей аласыз ба? Нағыз қазақтың балалары сол «Болашақта» қашан оқиды?

- Қазіргі «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып жүрген жастардың басым бөлігі біздің болашағымыз бола алмайды. Себебі олар қазаққа мұрнын шүйіріп қарайды. Ал қазақы болашақтықтарға мемлекет жеткілікті көңіл бөліп отырған жоқ. Олар әр кеңсенің табалдырығын тоздырумен сақтарын сындырады.

- «Азат» партиясынан не себептен қуылдыңыз? Болат пен Жармахан туралы ойыңызбен бөліссеңіз. Халық арасында осы екеуі биілкке сатылған немесе жалған оппозицияшылар деген сыбыс бар...

- Олардың «рұқсатынсыз» Президенттіке үміткер болғаным үшін партиядан мені қумақшы. Оларға менің додаға түскенім ұнамады, ал өздері түсуге қорықты немесе оларға тыйым салынды. Бірақ менің Президенттік сайлауға түсетінім оларға көптен белгілі болатын. Олардың аң-таң болуы жалған. Болат пен Жармаханның билікке сатылған, жалған оппозиционер екендігі жөнінде сыбысты мен де естігенмін. Нақтысын білмеймін. Осы соңғы саяси оқиға тұсындағы олардың әрекеттерінде, нақтырақ айтқанда әрекетсіздіктерінде маған көп нәрсе күмәнді болды.

- Уа, Уалихан інім, Батыр аңқау болады деген рас-ау, кейде оңбай құлап жатасың. Сол құласың кейде сенің әлде бір жаққа бауыр бұратыныңды аңғартады. Мүмкін әдейі солай жасайтын шығарсың?! Қапыда кеткен Кене атаңның қателігін қайталап!... Сұрағым: Нағыз саясатқа қашан бет бұрасың? Қай партияның ұстанымын жақтайсың?

- Мен ештемені де әдейі жасамаймын. Барлық әрекетімді жүрек қалауыммен, ой елегінен өткізіп барып жасаймын. Саясатпен ойнаған емеспін. Саясатпен ойнаудың отпен ойнағаннан да қауіпті екенін жақсы білесіз. Саясатқа белімді бекем буып кіргенмін. Ұлт-азаттық идеологияны ұстанатын партияның қажет екенін білемін. Сондай партияны қолдаймын.

- Құрметті Қайсар мырза, сіз бәрібір шала қазақсыз. Өз ана тілін білмейтін адамның ұлттық тамыры тереңге бармайды. Өз ана тілін жеттік білмейтін адамдардың ақыл-ойыда сана-сезімі де толық жетілмейді екен. Жетілген күннің өзінде, талантты адамдар шыққан кездің өзінде де олар ең соңында өз ұлтына қарсы қимылдарға барады. (О.Сүлейменов,Н.Масанов)сияқты... Орыстілді қазақтар қазір шын мәнінде қоғамда қиратушы күшке айналды... Бәрін жалмап-жайпап барады. Сіз Президент болсаңыз, қазақ халқы қара тұяғын серпугеде шамасы келмес еді... Орыстілді қазақтар билікке емес, бұғалтыр, заңгер, сатушы болуға неге ұмтылмайсыздар? Ал балаларыңызды қазақшаға бергендеріңізбен бәрібір 150 жылдан соң ған яғни, 3 ұрпақ ауысқан кезде барып нағыз қазаққа айналады екен. Егер үзбей қазақы ортада тәрбиеленсе ғана. Шетелде өз ана тілін білмейтін адамды адам санатына қоспайды. Бір миллиард 500 милион қытайдың арасында өссекте өз ана тілімізді еркін білеміз. Әрі таза сөйлейміз. Ал орысшаны Мәсімовтың қазақшасындай білеміз. 20 жыл бойы қазақ тілін үйренбей етегіңізге намаз оқып жүрдіңіз бе? Біз өз тағдырымызды шала қазақтарға қалай тапсырамыз?

- Сіздің айтпағыңызды жақсы түсіндім. Сіз мені мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпараттарға сеніп шала қазақ деп отырсыз. Бірақ 2005 жылғы президент сайлауы алдында мен осы емтиханнан сүрінбей өткенмін. Бұл жолғысы Ақ Орданың саяси тапсырысының жемісі. Сіз шетелде жүріп Қазақстанда толық демократия салтанат құруда деп ойлайтын шығарсыз. Жасырмаймын орыси ортада өстім, орысша білім алдым. Бірақ қазір АЛЛАҒА шүкір қазақ тілін бір қазақтай білемін. Мен де кезінде сырмақтың шетін бастым, сенатор болдым. Қолымда азды-көпті билік болды. Бірақ біздің кейбір шенеуніктер сияқты қалтама халық қазынасын басып шетелге қашқан жоқпын.

- Ассалаумағалайкум Қайсар аға, Қазақстанға келгеніме 6 жылдан асты. Қазір Қазақстанның азаматымын. Бірақ қоғамда ештеңе өзгерген жоқ. Қазақстандағы қандастарымыз, өзіміздің қазақтар барған сайын сауатсызданып бара жатқан сияқты көрінеді. Орыстанған, шала қазақтарға тіл туралы, ұлттық мәселе туралы әңгіме қозғағаннан гөрі қайта таза орыстар әлде қайда либерал, көзқарақты, ақылды көрінетін секілді.  Сеңдей сіресіп, қатып қалған өз қандастарымыз екен. Сіз қалай қарайсыз?  Тіл тұтастығы болмағаннан кейін мәдени тұтастықта болмайтыны белгілі ғой. Тілді ұстап тұратын сол ұлттың мәдениеті.  Мәдениеті мен тілі дамыған ел мәңгі тәуелсіз ел! Шетте жүрген бес жарым милион қазақты Қазақстанға әкеліп, орыстанған қазақтармен славян тектес халықтарды көміп тастауға болар еді. Сіз өзі шетте жүрген ағайындарыңызды онша ұната қоймайтын сияқтысыз?  Оларға қалай қарайсыз?

- Қазақстандағы қазақ тілді қазақтар сауатсыз емес. Олардың көзін жауып, тілін байлап отырған қазіргі жүйе. Қазақтар қазір қараңғыда жол таппай адасқандардың нақ өзі. Шала қазақтар сеңдей сіресіп, қатып қалған жоқ. Мен сізге жауапты Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен қайтарайын. «Балам деп еміренген елі болмаса, елім деп егілетін ұл қайдан болсын» деген екен Ахаң. Біз шала қазақтарды бауырымызға тартпасақ олардың паналайтыны орыс болмағанда кім болмақ. Олар бүгінде орыс қолындағы қазаққа қарсы сермейтін таптырмас қарудың қызметін атқаруда. Сіздің шетелдегі қазақтар жөніндегі сұрағыңызға келер болсақ мен онсыз да аз қазақты ешқашанда бөлген емеспін. «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» дейді ғой дана қазақ. Қысқасын айтқанда әр қазақ менің жалғызым.

Жалғасы бар

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592