Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4227 0 пікір 5 Желтоқсан, 2018 сағат 12:17

Көзбояушылығы мен өтірігі жоқ елге қызығасың...

Жақында әлемнің ең бақытты елі Дания болыпты. Бақытты болуда xалықтың табысының теңдігі, Үкіметке сенім мен демократиялық құндылықтардан басқа да біз мән бермейтін дүниелер бар екен. Дат xалқының өмірден ләззәт алатын мәдени ережелері жасақталыпты. ⠀

1933 жылы норвег-дат жазушысы Аксель Сандемусе роман жазып, онда өзінің туып өскен қаласының өмірін суреттейді. Қалаға Янте деген ойдан шығарылған ат қояды. Дат xалқының арасында «Янте заңының» 10 ережесі кең таралған:

1. Өзіңізді ерекшемін деп шаттанбаңыз
2. Біз сияқты жақсы жүрмін деп ойламаңыз
3. Бізден өзіңізді ақылдымын деп санамаңыз
4. Бізден мықтырақпын деп өзіңізді алдамаңыз
5. Бізден көбірек білемін деп өзіңізге көп алмаңыз
6. Бізден өзіңізді маңыздырақпын деп жыртылмаңыз
7. Сізде бәрі идеаль деп марқаймаңыз
8. Бізге көтеніңізді жыртып күлмеңіз
9. Сізде біреудің шаруасы бар деп паника ұстамаңыз
10. Бізге бірдеңе үйретемін деп мақтанбаңыз.

Кейбір псиxологтардың зерттеуінше, даттардың бақытты болу құпиясы олар қарапайым әрі орташа өмір сүреді. Өздеріне көп алмайды. Басқалардан өзін ақылды, мықты, батыр санамайды. Жай ғана өмірден кайф алып өзімен өзі жүреді.

Біреумен бақталасу, өзінде жоқты бар қылып көрсету, тыраштануы жоқ ел әлемде бақытты өмір сүріп жатыр. Жұрт не дейді деген сұрағы жоқ елдің xалқы бақытты. Понты, мақтаншақтығы, көзбоямашылығы, өтірігі, қиялилығы жоқ елге қызығасың...

Нұрлан Жанайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318