Жексенбі, 16 Желтоқсан 2018
46 - сөз 1973 17 пікір 5 Желтоқсан, 2018 сағат 12:44

Тәуелсіздік күнін 25-қазанға ауыстыру керек

"Тәуелсіздік күніне дейін шырша құрылмасын", "Жаңа жылдың әсері сезілмесін", "Одан кейін де уақыт бар ғой" деген ойлар айтылып жатыр. Жылда осы қайталанады. Бұрын менде солай ойлайтынмын. Бірақ соңғы уақытта бұл мәселеге басқа оймен, көзқараспен қарайтын болдым.

Менің ойымша, "Тәуелсіздік Күнін" ауыстыру керек. Оған бірнеше себеп бар.

Біріншіден, 16-желтоқсан өте суық уақытқа тура келеді. Еліміздің Шығысы мен Солтүстігі бұл уақытта мұз құрсауында жатады. Өзге өңірлер де дәл  солай қар құшағында болады. Күн суықта шын мәнінде мейрам тойлауға деген көңіл-күй жоғары болмайды. Оны мойындау керек. Ал "Тәуелсіздік Күнін" тұтас мемлекет, қоғам, жастар тойлап, қуанып, көшеде серуендей алатындай атап өтуі тиіс деп санаймын. Ол үшін күн жылы болуы керек.

Екіншіден, 16-желтоқсан Қазақ халқы үшін қасиетті де қасіретті күн. Бұл күні қаһарман жастар КСРО атты халықтар түрмесіне қарсы шықты. Мұзда қырылды, ақ қарда азапталды, желтоқсанның ызғарына тоңды, бірақ ұлтты қорғады. Сондықтан 16,17,18-мейрам емес, еске алатын, сол боздақтарға құрмет көрсететін күн болуы керек. Қаралы күн екені анық, ендеше қалай мейрам тойлаймыз.

Үшіншіден, 25-қазанға ауыстыру керек. Өйткені бұл күні 1990 жылы біз Егемендік алдық. Ұзақ жылдар ол күнді атап өттік. Тарихи күн. Осы күнді "Тәуелсіздік Күні" десек дұрыс болар еді. Әрине ішкі ойым.

"Тәуелсіздік Күнін" жаз уақытына қоюдың қажеті жоқ сияқты. Себебі оқушыларға бұл күннің маңызын түсіндіру қажет. Ал жазда олар демалады. Ал сіз, "Тәуелсіздік Күнін" ауыстыруды қолдайсыз ба?

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

17 пікір