Сенбі, 23 Қараша 2024
3528 1 пікір 7 Желтоқсан, 2018 сағат 10:09

Сенат Каспий теңізіндегі "Құрманғазы" кенін әрі қарай барлауды бекітті

Қазақстан парламентінің сенаты Каспий теңізінің қазақ секторындағы "Құрманғазы" мұнай кенін Ресеймен бірлескен мұнай жобасы аясында әрі қарай барлауды бекітті.

Жалпы отырыста сенат депутаттары "Қазақстан мен Ресей арасынжа Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің қайраңын пайдалану мақсатында бөлу туралы 1998 жылдың 6 шілдесіндегі" хаттамаға қосымша хаттаманы бекітті.

Қараша айында Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев "ҚазМұнайГаз" бен "Роснефть" Каспий теңізінде "Құрманғазы" кенін зерттеуге кем дегенде 30 миллион доллар бөлінетінін журналистерге хабарлаған. "Құрманғазы" жобасы 2005 жылы , шілдеде өнімді бөлу туралы келісім аясынжа жүзеге асады.

Болжам бойынша, "Құрманғазы" кенінде шамамен бір миллиард тонна көмірсу ресурсы өндірілуі мүмкін. 2017 жылы қарашада Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігін бөлу туралы мемлекетаралық келісімге қосымша хаттама қабылдады.

Сенат бекіткен қосымша хаттама барлауға қосымша алты жыл беруді, одан соң тағы төрт жылға созуды қарастырады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364