Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Алашорда 13922 72 пікір 9 Желтоқсан, 2018 сағат 18:30

Шыңғысханның қазақ екеніне қатысты деректерді Қытай мен Ресей қалай бұрмалады?

Жалғасы. Басы мына сілтемеде.

ШЫҢҒЫСХАН да АСылұя (АС) династиясынан...

(Бөріжігің руы мен шапырашты, маңғыл тайпасы мен адай туыс)

Шыңғысханның кім екенін түсіну үшін, Орта Азия мен Қазақстан аумағын оған дейін билегендердің кімдер екенін түсініп алу қажет. Ал ол үшін ХІІІ ғасырда мұсылман елдері тарихын жазған араб ғалымы Ибн әл Асирдің еңбегіндегі мынау жолдарды зерделеп алған абзал. «В этом году (750 г.) Хубайш ибн аш-Ш.б.л и те, кто с ним, вышли из крепости и добрались до Ферганской земли, затем вошли в тюркскую область и прибыли к царю Сина... В этом [году] поссорились ихшид Ферганы и царь Шаша. Ихшид попросил помощи у царя Сина, и [тот] дал ему подкрепление из 100 тысяч воинов, царя Шаша окружили, и он сдался на милость царя Сина, и тот не причинил зла ни ему, ни его приближенным. Известие об этом достигло Абу Муслима, и он выслал на войну с ними Зийада ибн Салиха. Они встретились на реке Тараза, и мусульмане победили их, перебили 50 тысяч и взяли в плен около 20 тысяч, остальные бежали в Син. Битва произошла в месяце зу-л-хиджжа в [сто] тридцать, третьем году (июль 751 г.)»

Көріп отырғанымыздай, бұл жерде Хубайш ибн аш-Шыбыл деген түркінің 750-жылы араб әскерінен қашып Ферғанаға жеткенін, сосын түркілер аймағындағы Син патшасына барғанын айтады. Яғни, Син патшалығы түркілер елінде орналасқанын көрсетіп отыр. Ферғанадан ары жатқан түркілер өлкесі – қазіргі Қазақстан, Шыңжан мен ішкі Маңғолия және Маңғолия мемлекеті аймақтары. Қазақстан аумағын VІІІ ғасырда түркі ашиналық Түркаш (түргеш) тобы биледі, яғни біздің жерімізде Түргеш қағанаты болды. Ал қазіргі Шыңжан мен Маңғолия жерлері Үйқыр қағанатына қарады, оны жужандық сұрбөрас-Шибөраш (шивей) тобы биледі. Осы асылұялық екі топ ұдайы өзара бақталас, жау болған. Деректегі Син патшалығы – сол Үйқыр қағанаты аймағы. Син атауы дұрысында – Шин, нақтырақ айтсақ, Шың.

Ежелгі Хунь империясы билеушісі «Шыңүй» деп аталды (Шанью) және Шың патша тек асылұяң руынан (силюань) сайланды. Ертеде Хунь империясы болған аймақтар араб жазбаларында «Шың патшалығы аймағы» деп таныған (ресейліктер бұл деректі жасыру үшін оны орысша аудармаларға «Син» деп енгізген және ол атауды Қытай мемлекеті деп бұрмалаған). Шыңғысханға дейін, ХІІ ғасырдың басында сол аймақтан келіп Орта Азия мен Қазақстан аумағын басып алған патшаны Ибн әл Асир жазбасының орысшасында «түркі хатай Кур хан Ас Син патша» деп жазған. Дұрысы – түркі хазақ Құз хан Ас Шың патша. Өйткені, қытай түркілік халық емес екені арабтарға ежелден мәлім және арабша «хатай» мен «хазақ» ұқсас жазылады (ресейліктер қазақтың ежелден бар екенін жасыру үшін оны орысша аудармада «хатай» деп бұрмалаған). Ибн әл Асир хатай тілінде «Кур» атауы «аса биік» деген мағына беретінін айтады. Қазақ аса биік шыңды «құз» дейді және арабша «кур» мен «куз» ұқсас жазылады. Сондықтан ол адамның есімі «хатай Кур хан» емес, «хазақ Құз хан» екені даусыз. Ибн әл Асирдің VІІІ-ХІІ ғасыр деректерінде Син патшалығын түркілер елі деп көрсетуі Син атауы мен Қытайдың еш байланысы жоқтығын паш етеді.

Жоғарыдағы деректе Ташкент (Шаш) әкімімен жауласқан Ферғана билеушісі 750-жылы Син патшасынан көмек сұрағаны, Син патшасы сол жылы оған 100 мың адамдық әскери көмек бергені жазылған. Қытай империясының іле-шала сол жылы ондай әскери көмек жібере алуы еш ақылға симайды. Оның үстіне, Қытайда VІІІ ғасырда болған мемлекет «Тан» деп аталады және оның сол ғасырда ішкі алауыздықтан өте әлсіз болғаны ел тарихында баяндалған. Қытайда VI ғасырдан бастап Шыңғысхан заманына дейінгі мемлекеттер ішінде Син немесе Шин дегені жоқ (Суй – 581-618 жж, Тан – 618-907 жж, Сун – 960-1279 жж, Юань – 1280-1368 жж). Сондықтан «Син» атауын Қытаймен байланыстыру – қателік, солай деген Ресей империясының зымиян саясаты ғана.

Анығында, 751 жылғы Талас шайқасына Қытай әскері мүлде қатыспаған. Ол шайқас, құрамында Түргеш қағанатының жауынгерлері бар мұсылман араб әскері мен Үйқыр қағанаты (Шың патшалығы) әскері арасында болғанын Ибн әл Асир дерегі айғақтайды. Ресей әдейі бұрмалап: «Қазақта мемлекет болмаған» деді, Син патшалығын Қытай империясы деп түсіндірді. Орта Азия мен Қазақстан жерінен дәмесі зор Қытай империясы да өз тарихына: «751-жылы Талас шайқасында Тан империясы әскері мен араб әскері соғысқан» деген жалған деректі қосып қойды. Осылайша біздің кей жерлеріміз «Қытай құрамында болғанын» дәлелдеуге мүмкіндік алды және Қытайдың кей карталарында солай деп көрсетіліп жүр.

Түргеш қағанаты әскерлерін Ресей саясаткерлері «қарлуқтар» деп тарихқа енгізді, анығында олар да «қазақ» деп аталған еді (арап әскерімен одақтас болған қазақтар). Араб әріптерінің жазылу ұқсастықтары оларға солай бұрмалауға мүмкіндік берді (арабша оңнан солға қарай оқылатынын ескертеміз): كزاقказақ, كرلقкарлуқ. Арабша жазбада "қазақ" пен "қарлуқ" ұқсас жазылатынын Ресей империясы шебер қолданды. Осылайша мұсылман қазақтарды «қарлуқ» қылып тарихқа енгізіп, Түргеш қағанатының орнына Қарлуқ қағанаты пайда болған деді. Шындығында, ол – «Қазақ хандығы» деп аталған мемлекет, оның билеушілері ІХ ғасырда мұсылмандық қабылдап, ислам дінін мемлекеттің ресми діні еткен. Сол мұсылман қазақтар мемлекетін де бұрмалап Қараханиды атауымен қалыптастырған – Ресей империясының құйтұрқы саясаты. Орыстар араб жазбасындағы «Казахкан» атауын «Карахан» деп бұрмалап, «Караханиды» атауын тарихқа енгізген. Ибн әл Асир жазбасын орысшалағанда «Казахкан» атауын әдейі «Кара-хакан» деп орыстық «-» белгісі арқылы өзгертіп жіберген. Арабша жазылуында екі атау бірдей десе де болады, тек «з» әрпінің үстінде ноқат бар, ал «р» әрпінің үстінде жоқ: كزحكنказахкан, كرحكنкарахакан. Ресей империясының идеологтары арабша жазбалар ерекшелігін өз саясаттарына шебер қолданды, олар арабша жазбалардағы «қазақ» атауын ыңғайларына қарай «карлук», «карахан», «кыпшак», «кай», «кимак», «хатай», «халадж» деп әрқалай бұрмалап жасырды.

Қытайдағы Цинь деген мемлекет біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда болды. Алайда, оны орнатқан Шихуан билеуші сюнну-хунь елінен екені мәлім. Ал хунь патшалары «Шың» деп аталды. Сондықтан ежелгі Цинь мемлекетін дұрысында «Шың» дегеніміз жөн. Одан кейін аталуы «Син» сөзіне жақын Цзинь империясы тек ХІІ ғасырда ғана пайда болған. Десе де, ол мемлекет қазіргі Манжурияда пайда болды және оны орнатқан – манжур жүржандар (журжэн), Солтүстік Қытай жері оның құрамына вассалдық күйде енді. Кейін сол манжур жүржандар (жүржэн) ХVІ ғасырда Қытай мен қазіргі Маңғолияны жаулап алып Цинь империясын орнатты. Осы Цинь атауы да ежелгі Шың патшалығы атауымен байланысты қойылған (оны «цинь» қылған – қытай тілі). Манжур қолбасшысының: «Бізге туыс халық екен» деп Қазақ хандығын шабуылдаудан бас тартуы манжурлардың кім екенін көрсетеді (әрине, қытай мен халха тілдері ықпалымен манжурлар өздерінің қазақы тілдерінен ХVІ ғасырдан кейін толық айрылғаны мәлім).

Манжурлардың журжэн руы Жужан қағанатын билеген династиядан тарайды (Сұрбөрас-шибөраш династиясы, қытайша – Шивей). Манжур жүржэндері мен Шыңғысхан әулеті ежелгі Шивей ұрпақтары деп танылады. Сондықтан ХІІ ғасырдағы Цзинь империясы мен ХVІ ғасырдағы Цинь империясы атаулары дұрысында – Шың, екеуі де манжур жүржандар орнатқан Шың империясы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ХІІ ғасырдағы Құз хан Ас Шың патша – сол Цзинь империясының билеушісі. Оның ұлты хазақ екенін және Орта Азия мен Қазақстан аумағын жаулап алып, билегенін Ибн әл Асир деректегенін айттық.

Одан бір ғасырдан кейін, ХІІІ ғасырда Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар Иран мен Кавказды және Шығыс Еуропаға дейінгі аймақтарды да жаулап алған Теміршың патша өз есімін Шың Ас хан деп өзгертті (оны «Чингисхан» қылған өзге тілді жазбалар ықпалы). Өз есіміндегі және жаңа есіміндегі Шың атауы оның ежелгі Шың патшалары билігін жалғастырушы екенін растайды. Оған дейінгі патшаның Құз хан Ас Шың есімі мен оның өзінің Шың Ас хан есімі өзара байланысты. Ол екеуі де өздерін ежелгі Хунь империясын билеген Асылұялық Шың патшаларының (Шанью-шыңүй) тікелей ізбасарлары деп таныған. Шыңғысхан ұстанған Яс (Яссы) дәстүрі дұрысында Асылұя династиясының билігін заңдастыратын «Ас конституциясы» болып табылады. Алтын орда астанасы Ибн Батута жазбасында Ас-сарай деп көрсетілгенін өзбек ғалымдары анықтап берді (орыс ғалымдары оны «Ақ Сарай» деп бұрмалаған). Осы деректер мен Шыңғысхан есімі дұрысында «Шың Ас хан» екені, оның ежелгі Хунь империясын билеген Асылұяң (силюань) династиясы ұрпағы болғанын дәлелдейді.

Құз хан Ас Шың империясын (Цзинь империясын) жойған Тарбағатайдан шыққан Татар патшасы. Орта Азия мен Қазақстан ХІІІ ғасырдың басында аз ғана жылдар сол Татар патшасы иелігіне өткенін және Хорезмшах пен Татар патшасы арасындағы қақтығыстар Шыңғысхан жорығына дейін жалғасқанын, Хорезмшахтың «Татар ханы иеленбесін» деп Қазақ хандығының көптеген қалаларын (Тараз, Құлан, Исфиджап, Таласағын (Баласағын) қалалары)) қиратқанын Ибн әл Асир анық жазады. Ибн әл Асир деректерінен Селджук пен Хорезмшах әулеттері мен Татар ханының әулеті Түркі Ашиналық династияға жататыны анық байқалады. Ал Құз хан Ас Шың мен Шың Ас хан (Шыңғысхан) әулеттері олардың бақталасы жужандық Шибөраш-шивей династиясынан болады (Шыңғысхан әулеті мен Татар ханы жау болғаны белгілі).

Қазіргі Маңғолия аймағын Жужан-жүржан қағанаты заманынан Шыңғысханның ата-бабалары – Шибөраш-шивейлер биледі. Шыңғысхан руы – Бөріжігің, мағынасы – бөрі руың. Ежелгі Хунь империясында «шығыс джук ханзадасы» және «батыс джук ханзадасы» деген лауазымдар болған, осы факті «жік» атауының ертеден кәзіргі «ру» атауы орнында қолданылғанын көрсетеді (мысалы: «селджук» дұрысында «асылжік» болады). Шыңғысханның аталары жағымсыз естілетін «шибөраш» атауын ХІ ғасырдан кейін «бөрі жігің» деп өзгерткенін қытай жазбалары айғақтайды. Олардың Манжур еліндегі туыстары «жүржэн» атауымен сақталды. Ал біздің аймақта қалып мұсылмандыққа өткен шибөраш тобы өз атауларын «шапыраш» деп өзгерткен. Жоғарыдағы деректегі Хубайш ибн аш-Шыбыл деген билеуші де шибөраш тобының ұрпағы («Шыбыл» деген ру шапырашты тайпасында бар). Оның Шың патшасына барып бас сауғалауы да солай екеніне айғақ. Қазақ ғалымдарының генндік зерттеулері Шыңғысханға ең жақын қазақ тайпасы шапырашты екенін дәлелдеп берді.

Орхон ескерткіштерінде, хан тәждерінде тазқара құсы (самұрық-құмай) бейнеленген. Шыңғысхан туында да сол тазқара бейнеленгені және Алтын орданың әуелгі елтаңбасында сол тазқара бейнесі болғаны мәлім (Ресей гербіндегі құстың тазқара екенін пайдаланған кей орыс ғалымдары «Алтын орда орыс мемлекеттілігінің бастауы» деп отыр осы күні). Сол Орхон ескерткіштерінің бірінде тұмсығына тұмар ілінген тазқара құсы бейнеленген, тұмар – шапырашты тайпасының таңбасы (Шыңғысханның ата-бабалары осы ескерткіш арқылы мұсылман туыстарының таңбалары тұмарға өзгергенін ескертіп кеткен). Мұсылмандық қабылдаған шапыраш-шибөраштар ру таңбасын жансыз бейнеге ауыстыруға мәжбүр болды. Өйткені, жанды бейнелі таңба ислам шариғатына қайшы еді. Сондықтан олар тазқара бейнесін үш бұрышты тұмарға ауыстырған (Ресей гербін толық үш бұрышпен көмкерсеңіз, ол тұмар бейнелі болып шыға келеді). Мұсылмандық қабылдаған шибөраш-шапыраш тобы қарапайым ру-тайпалармен құдаласып араласты, осы себепті олар хандық құру құқынан айрылып қарапайым тайпа болып қалыптасты. Ал қазіргі Маңғолия аумағында болған шибөраштар «бөрі жігің» деп аталғанын айттық. Олар тек ақ тайпамен, қоңырат руымен ғана құдаласу дәстүрін ұстанғандықтан, бүкіл түркі әлемін билеу құқын сақтап қалды. Құз хан Ас Шың мен Шың Ас хан сол мүмкіндіктерін толық пайдалынып, өз замандарында Еуразияда алып империялар орнатты.

Шыңғысхан ұрпақтары мұсылмандық қабылдау арқылы хандық құқын жоғалтатындарын жақсы түсінді. Сондықтан олар «Төрелер – қара тайпамен қыз алыспайтын ақсүйек ру» деген дәстүрді енгізді. Ол заңды мұсылман қазаққа түсіндіру қожаларға жүктелді, осылайша қожалар билікке жақындауға мүмкіндік алды және "Қожалар да ақсүйек тобынан" деген түсінік қалыптастырды. Осы деректер мен тұжырымдар Орхон ескерткіштері Шыңғысхан ата-бабаларына тиесілі екенін және шапырашты тайпасы мен бөріжігің (Шыңғысхан руы) арғы тегінде бір туыстық болғанын растайды. Мемлекет халқын үш жүзге бөлгенде, өздеріне туыс шапырашты тайпасы отырған аймаққа «Ұлы жүз» атауын берген десек, қателеспейміз. Ал Орхон ескерткіштеріне оғыздық диалектіде жалған жазбалар қашап енгізген – Ресей империясы. Осылайша, олар ескерткіш иелерін қазақтілді емес, «оғызтілді» қылып көрсетті. Оларды Шыңғысханның ата-бабалары емес, «Түркі Ашиналардың ата-бабасы» деп бұрмалап тарихқа енгізді.

Жүржан атауын «жужан» қылған «р» дыбысы жоқ қытай жазбалары.  Жужан-жүржандардың әскері маңғыстаулық маңғы тайпасы болған, манжур атауы сол маңғы мен журжандардың ортақ атауы ретінде қалыптасқан. Олар сяньби-хидан елін басып алып билеген, оларға «манжур» деген атау берген – сол сяньби-хидан елі. Жужан-журжан билеушілері «журжэн» атауымен Манжур құрамында жеке ру болып сақталған. Манжур-журжандар өздеріне бағынышты сяньби-хидан елін «халық» деп атады. Сондықтан сяньби-хидан елі атауы кейін «халха» болып өзгеріп кетті. Манжурлар мен хидан-халхалар қазіргі Шығыс Манжурияда ертеден көрші отырғаны мәлім.

Қазіргі Маңғолия аймағын Жужан қағанаты заманынан Шыңғысханның ата-бабалары шибөраш-шивейлер билегенін, олардың атауы кейін Бөріжігің болып өзгергенін айттық (мағынасы – бөрі руың). Жужан әскері негізінен маңғыстаулық маңғы тайпасы болғанында айттық. Сол Маңғы тайпасы адамдарын көпше түрде «маңғылар» дегендіктен, тайпа атауы ХІ ғасырдан кейін «маңғыл» болып қалыптасқан (маңғы тайпасының Еуропа даласындағы бөлігін ондағы славяндар көпше түрде «мангыты» деп атаған. Сондықтан олардың атауы «маңғыт» болып қалыптасты және ноғай ұлтының негізін сол маңғыт тайпасы қалыптастырды). Шыңғысхан заманындағы маңғыл тайпасының ең белгілі руы – тайджут, оның дұрысы – адайжұрт (оны «тайджут» қылған «р» дыбысы жоқ қытай жазбаларының ықпалы). Атақты Жебе қолбасшының өз есімі – Жорғаадай, ол – тайджут руынан. Алтайдағы сол тайджут руы мекендеген аймақта Адай деген көл әлі де бар. Осы деректер Шыңғысхан әулетінің әскери күші маңғыл тайпасы екенін көрсетеді, олардың қазіргі «маңғол» деп аталатын халхаларға үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық.

Шыңғысхан заманында қазіргі халха-маңғолдар Манжурияның шығысын мекендеген халха-хидан елі болатын. Олар Маңғолия аймағына кешегі ХVІ ғасырда ғана келіп қоныстанды. Бүгінгі Маңғолия – ежелден қазақтар мекендеген аймақ (найман, арғын, керей, уақ, меркі, маңғыл, бөріжігің, жалайыр, қоңырат тайпалары). Маңғолия аумағын әуелі ХVІ ғасырда Шығыс Сібір мен Байкалда пайда болған Шоңқыр (жоңғар) хандығы жаулап алды (халқы будда дініндегі ойрат пен қырғыздар болған). Артынша оларды Шығыс Манжуриядан шыққан манжур жүржандар талқандап, Маңғолия аумағын олардан тартып алған. Манжур журжандар әскер ретінде өздеріне бағынышты халха-хидан елін пайдаланды. Осылайша халхалар сол ХVІ ғасырда қазіргі Маңғолия аумағына келіп қоныстанды. Ондағы қазақтар ысырылып Баян өлкесіне шоғырланды, көбісі қазіргі қазақ даласына ауып кетіп, ХІХ ғасырларда ғана қайтадан атақоныстарына көшіп барған.

Шоңқыр хандығы Ресей саясатымен тарихқа «Жоңғар зандығы» болып енді (шоң қыралып қырғыз деген мағынада). Ол мемлекет талқандалғанда, ойраттардың Алтай тауына жан сауғалағандары онда алтай, шорс тәрізді түркілік ұлттарды қалыптастырды. Ойраттардың манжурларға бағынғандары халхаларға сіңіп, маңғол тілді ойраттар болып өзгерді. Ал қырғыздардың үлкен тобы қазіргі Қырғызстанға ауып келіп, ондағы қазақтарды өздеріне сіңдіріп, мұсылмандық қабылдап, қырғыз деген халыққа айналды.

Қырғыздардың бір тобы Алтайлық түркі ұлттарының құрамында өз атауымен сақталды (қырғыздардың қазіргі отырған жеріне тек ХVІІ ғасырдың басында Маңғолиядан ауып келгенін ХІХ ғасырдағы орыс тарихшысы Левшин анық деректермен көрсеткен). Шоңқыр-Жоңғар хандығының халқы түркі тілді ойрат пен қырғыз болды, қазақ пен жоңғар еш тілмәшсіз өзара түсініскені баршаға мәлім. Сондықтан қазіргі қалмақ пен маңғолды жоңғарлардың туысы деу – қателік, қалмақ пен қазіргі маңғолдарды қазақ тілмәшсіз түсіне алмайды, өйткені екеуі де халха-хидан елінен.

Қазақ халқының ежелден Еуразияны билеп-төстеген көне халық екенін Ресей империясы барынша жасырып бақты. Олар ежелгі даңқты тарихы барын білетін елді бағындыру қиын боларын жақсы түсінді, сол себептен қазақтың тарихын күлпарша қылып өзгертті. Ал қырғыздарды Орта Азияда ертеден бар көне халық қылып көрсетумен болды. Өйткені, таудағы шағын аймақта отырған аз ғана қырғыздан Ресей империясының болашағына еш қауіп төнбесі анық еді. Ал орасан үлкен аймақты мекендеген қазақ халқының аман сақталуы және көбеюі Ресей империясының болашағына қауіпті болатын. Олар Шыңғысханның қазақ екенін және ол орнатқан империя Алаш орда екенін де жасырды. Алаш орданы тарихқа «Алтын Орда» қылып енгізді. Өйткені, алтын – халха-маңғол мен қазақ тілінде бір мағынада, ал алаш – қазақтың екінші балама атауы («алаш» атауы мемлекеттің қазаққа тиесілі екенін айғақтайтынын жақсы түсінді, сондықтан оны «алтын» атауымен алмастырды). Ресей империясы ХІХ ғасырда Қытай империясынан қазіргі Маңғолия аумағын тартып алғаны, сол аумақтағы халха еліне Маңғолия атауымен автономиялық жеке мемлекет орнатып бергені мәлім. Мемлекеттері Маңғолия деп аталғандықтан оның халқы (халхаларды) «маңғол» деп аталып кетті. Осылайша орыс ғалымдары: «Шыңғысхан заманындағы маңғыл елі мен қазіргі халха-маңғол – бір халық» деуге мүмкіндік алды.

 (Жалғасы бар)

Бекжан Әденұлы

Abai.kz

 

72 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1971