Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3388 0 пікір 27 Сәуір, 2011 сағат 08:14

Интернет-конференция: Уәлихан Қайсаров (жалғасы)

Мемлекеттік мәртебесі биік биліктің  жауапкершілігін сезініп, ел мүддесіне қызмет етуге жан-жақты даяр екенін білген Уәлихан Қайсаров президенттік сайлауға түсті. Емтиханды ел көрді. Қайсаров мырзаға лауазымы жоғары қызмет таңсық емес. Кезінде Сенаттың депутаты  болған. Сонымен, білімі мен білігі толысқан, биліктің түрлі баспалдақтарынан өткен, саясаткер Уәлихан Қайсаров конференция кезінде қойылған сұрақтарға жауап беруін тәмәмдады.

«Абай-ақпарат»

- Уәлихан аға,қазіргі билікте отырғандардың жане биліктің айналасындағылардың ішінен кімдерді «халыққа шын,таза,адал қызмет жасап жур» деп ойлайсыз?

- Таза адамдар баршылық. Бірақ олар өздерінің ниетін сыртқа шығара алмайды. Өйткені шын, таза, адал қызмет ету мен сол жолда табандылық көрсету екі басқа құбылыс.

- Уәлихан мырза, 1-президенттен кейінгі жағдайды қаншалықты тегіс өткзіу мүмкіндігі бар? Себебі, сол орынды көздеп жүрген талай топ бар ғой. Елді қалай талатпау сценариі бар сізде?

Мемлекеттік мәртебесі биік биліктің  жауапкершілігін сезініп, ел мүддесіне қызмет етуге жан-жақты даяр екенін білген Уәлихан Қайсаров президенттік сайлауға түсті. Емтиханды ел көрді. Қайсаров мырзаға лауазымы жоғары қызмет таңсық емес. Кезінде Сенаттың депутаты  болған. Сонымен, білімі мен білігі толысқан, биліктің түрлі баспалдақтарынан өткен, саясаткер Уәлихан Қайсаров конференция кезінде қойылған сұрақтарға жауап беруін тәмәмдады.

«Абай-ақпарат»

- Уәлихан аға,қазіргі билікте отырғандардың жане биліктің айналасындағылардың ішінен кімдерді «халыққа шын,таза,адал қызмет жасап жур» деп ойлайсыз?

- Таза адамдар баршылық. Бірақ олар өздерінің ниетін сыртқа шығара алмайды. Өйткені шын, таза, адал қызмет ету мен сол жолда табандылық көрсету екі басқа құбылыс.

- Уәлихан мырза, 1-президенттен кейінгі жағдайды қаншалықты тегіс өткзіу мүмкіндігі бар? Себебі, сол орынды көздеп жүрген талай топ бар ғой. Елді қалай талатпау сценариі бар сізде?

- Ол орынды көздеп жүргендердің өте көп екені талассыз. Елді талатпаудың бір ғана жолы-парламенттік-президенттік республика құрып, президенттің билігін парламентпен және үкіметпен бөлісу керек. Біраз билікті жергілікті атқарушы және өзін-өзі басқару органдарына беру керек. Жергілікті депутаттар партиядан емес, жеке мандатпен сайлануы керек, ал парламенттің жартысын партиялық тізіммен, жартысын жеке мандатпен сайлау керек.

- Президент болғанда 1-нші жарлығыңыз не болар еді?

- 1-жарлығым саяси амнистия, оның ішінде Арон Атабекті, Рамазан Есіркеповты, Евгений Жовтисті және т.б абақтыдан босатып, Болат Әбіловқа, т.б қозғалған қылмыстық істерді тоқтату

- Алдыңғы сынақтан құлап қалған соң, қоғамдық пікір туғызу үшін М.Шахановқа барып емтиханнан өтіп келемін деп баспасөзде мәлімдеме жасадыңыз. Соңы тыныш қалды. Әлде тегінде «ОВ» жалғауы бар ағаңыз Сізді қабылдамады ма? Өзіңіздің мемлекеттік тілді білу деңгейіңізге күмәндандыңыз ба? ҚайсарОВ мырза!

- Негізі ондай келісім болған. Бірақ оларға жоғарыдан қысым жасалғандықтан олар мені қабылдай алмады. Одан кейін мен де олардың мазасын алмадым.

- Қазақстанда қашан ұлтжанды оппозиция пайда болады?

- Қазақстанда ұлтжанды оппозиция бар ғой. Олар Дос Көшім басқаратын «Ұлт тағдыры», Мұқтар Шаханов басқаратын «Рух пен тіл», Жанболат Мамай, Қажымұқан Ғабдолла және т.б құрған «Қазақ елі» қозғалыстар. Герольд Бельгер, Ырысбек Сәрсенбаев сияқты жеке тұлғалар да бар. Солардың маңына топтасуға неге болмасын?!

- Еліміздегі парақорлық жойылуы мүмкін бе? Қазір тендер айналасында откат 30 процент екенін білесіз бе?

- Парақорлықтың жойылуы әбден мүмкін. Мысалға Украина мен Гүржістанды (Грузия) алсақ та болады. Тендердегі откаттар туралы, әрине білемін. Ол қазір ашық түрде істеледі емес пе?

- Өткен аптада обылыс әкімшілігіне бір шаруамен барғанмын. Коридор бойы, бір бөлмеден екінші бөлмеге қолдарына өтірік қағаз алып, өтірік шапқылаған қызметкерлер. Не бітіріп жатқандарын бір құдайдың өзі білер. Бұрын Кеңес заманында әкімшілік халыққа киім тоқып тігуді, тағам өнімдерін өндіріуді қадағалап, ұйымдастырушы еді. Қазір бәрін комерсанттар, саудагерлер көрші 3-4 мемлекеттен тасып әкеліп, халықтың жағдайын жасауда. Әкімшіліктегі қалың нөпір не бітіреді екен? 2 жыл бұрын мектепте дене шынықтырудан сабақ бергенмін, Адал қызмет мектепте екен. Бірақ, ол жердегі жалақы мардымсыз. Сонда да мұғалімдер аянбай еңбек етуде. Президент болсаңыз мұғалім, дәрігер жалақысын көтерер ме едіңіз?

- Президент болғанда міндетті түрде, бірінші кезекте білім беру және денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтіндердің жалақысын көтерер едім.

- Сыртқы саяасатта қандай жоспарлаыңыз бар? Мен қытайда тұратын Қазақпын, жалпы билікке сіздей жаңа буын жас қазақтардың келуін қалаймын. Қытайда соңғы 10 жылда жастарды биліктегі маңызды орындарға қоюда, нәтижесін көріп отырсыздар. Алла жар болсын Алаш азаматтарына! Жасасын Қазақ елі!

- Абылайхан сияқты мәмілегер, Қасым, Хақназар хандар сияқты сыртқа айбатты болам. Кенесары сияқты қазақтың кеудесін ешкімге бастырмау жолында арпалысамын.

- Уәлихан мырза! Тегіндегі «овы» бар адамдардың ұлттық мүддеге нақты қарамайтындығы ретінде индикатор етіп алуға бола ма? Ол сізде де бар, Шахановта да, Исабековте де. Неге айырылмайсыздар, құлдық сырғадан?

- «ов» Алаштың арыстары Әлиханда да, Ахметте де, Міржақыпта да, Әлия мен Мәншүкте де, кейінгі арыстан Жұмабекте де (Тәшенов) де бар. Олардың бәрін құлдық сырға тағынды деп айта аламыз ба, сонда?.

- Жерлесіңіз, марқұм Нұрболат Масановқа көзқарасыңыз қалай? Оның қазақты түйреп сөйлейтін сөздерін қалай бағалайсыз?

- Масановтың ғылыми еңбектерін мойындаймын. Қазақты түйреген жеке көзқарасы күйінгендіктен болған шығар. Абай да қазақты түйреп сөйледі емес пе?. Негізі қазақ әруаққа жаман сөз айтпайды. Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің жамандықтан аманы жоқ. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды.

- Қарағанды қазақтана бастады ма? Астананың сол тұстағы өңірге қазақыландыру жағынан ықпалы қаншалықты?

- Қарағанды кеңес кезіне қарағанда көп қазақыланды. Астананың айналасын қазақыландыруға ықпалы зор деп ойлаймын.

- Президент Н.Назарбаев ассамблея сессиясында соңғы рет жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды «жақтап отыр, сенесіз бе? Оны неден бастау керек деп ойлайсыз?

- НӘН-нің жергілікті өзін-өзі басқаруға тиіскені бұған дейінгі, яғни 1995 жылдан бері айтып келе жатқан тәтті ертегісінің жалғасы. Оған сенбеймін. Өйткені ол өзі отырған бұтақты өзі кесетіндей ақымақ емес. Жергілікті өзін-өзі басқаруды әкімдерді сайлаудан бастау керек.

- Мамырда қазақтардың құрылтайы болмақ. Алдын ала қалай бағалар едіңіз, қалай өтеді, қандай шешім қабылдайды? Сіз оған қандай ұсыныс айтар едіңіз? Қазақтардың тәуелсіз әлемдік ұйымын құрсақ қолдайсыз ба?

- Қазақтардың құрылтайы өткені жақсылық. Қазақ қалай болса да бірігу керек. Өйткені біз азбыз. Берер бағаға келсек, Патшаның айналасындағы бұлбұлдар мен жандайшаптар ол құрылтайды да халықтар достығына зорлап тіркеп «тәтті ауыздың дәмін кетіре ме» деп қорқамын. Ұсынысым қаймағы бұзылмаған қазақ ішінен келгендер біздерге «дала демократиясының дәнін» сепсе. Екінші Қазақстандағы классикалық исламға төнген қауіпті мәселелерді талқылау. Қазақтардың тәуелсіз әлемдік ұйымы құрылып жатса қос қолымды көтере қолдаймын.

- Қазақстандағы партиялардың бәрі ойыншық сияқты, лидерлері шетінен әртіс. Нағыз оппозиция жоқ. Бәрі биліктің сценарийімен жұмыс істейді. Халық осындай жалған саясаттан шаршап бітті дегенге қалай қарайсыз?

- Сіздің ойыңызда шындық бар. Биліктің тапсырмасымен құрылған қуыршақ партиялар жетерлік.  Басында билікпен күресу үшін білек сыбанып шыққандарды билік әртүрлі айла-шарғы жасап алдын орап тастады. Қысым да жасады. Оның тегеурініне шыдамағандар, құрған торына түсіп, құйтырқы әрекеттерінің құрбаны болғандар амалсыздан биліктің айтқанына көніп, сценариімен жұмыс істеуге мәжбүр болды.  Ал тіптен көнбегендерді жансыздар арқылы іштей ірітіп, әлсіретті. Олардың қатарына бұрынғы, кезіндегі «Ақжол» партиясы жатады. Халықты оппозиция емес, оларды осылай діңкелетумен бүгінгі билік шаршатты.

- Уәлихан мырза, «Адамның қолынан неғұрлым іс келмесе, соғұрлым демогог, мылжың келеді» деген тұжырымды қолдайсыз ба?

- Қолдаймын. Қолынан нақты іс келмейтін адам, оны басқаға үйретуге тырысады.

- Аслан Мусинге көзқарасыңыз қалай? Сарыбайға қалай қарайсыз? «Екі қошқар» туралы өсек қаптап кетті. Бірақ мен Сарыбай жақта қалар едім. Аслан Мусин руласым, жерлесім болса да неге екенін білмеймін Сарыбай Қалмырзаевтің қазақылығы, ақсақалдығы, қайраткерлігі ол кісіні он орап алады деп ойлаймын. Бұл өз ойым. Сіздің ойыңыз?

- Менімше Қалмұрзаев өз қызметі кезінде Назарбаевқа ықпал жасаған да сияқты. Мусинге келсек ол тек Назарбаевтың айтқанын орындаушы ғана. Мүмкіндігі келгенде қатырып мақтауды да ұмытпайды. Олардың қолында өзгеріс жасай алатын толық мүмкіншілік бар. Менімше Назарбаев екеуіне де сенбейді.

- Қазақ мемлекетқұраушы ұлт болып саналғанымен, ең шұрайлы, көрікті жерлері қолды болып кетті, енді ұлттық құндылығың болып табылатын ұлттық парктер де 49 жылға жалға берілмекші. Біздің пайымдауымызша, ол жерлерді, алдымен, Қытай, сосын Ресей Қазақстандағы сенімді кісілері арқылы жалға алады. Сосын ондағы мейманханалардың, Демалыс үйлерінің, емдеу-сауықтыру, спорт мекемелерінің, түрлі шаруашылықтар мен қызметтердің күзетшісіне дейін қытай мен орыс қылып, қазақтың сұлу бикештері және ақ жағалы ұлықтары мен бай-бағландары болмаса өздерін оқ жетер жерге жолатпайды. Ал қытай мен орысқа жарты ғасырға жалға жер беру деген сөз оларға жерді мардымсыз бағаға біржола басыбайлы беру деген сөз!

Жер мәселесіне орай сіздің пікіріңіз қандай?

- Ұлттық парктер міндетті түрде мемлекеттікі болу керек. Ол жерасты байлықпен бірдей бағалы. Сондықтан шетелдік инвесторлар келемін дейтін болса, оларға тек ғимараттар салуға ғана рұқсат беру керек. 49 жылдан кейін ол ғимараттар (қонақ үйлер, сауықтыру кешендері, т.б) мемлекеттің меншігіне өту керек. Араб мемлекеттерінің көбісінде сондай қағида бар. Соның өзінде шетелдік инвесторлар ел экономикасына бір-бірімен жарыса ақша салуда.

- Қазақстан Мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков мешіттерге қос тілділікті: қазақ және орыс тілдерін енгізу, мешіттерге мәдени мекемелер мәртебесін беру және онда мәдени сипаттағы шаралар: сурет көрмесі мен спроттық шаралар ұйымдастырып, сабақ өткізу жөнінде мәселе көтеруде. Оның ойынша, осы ұсынысы жүзеге асса, мұсылмандар діни басшылығының беделі көтеріледі екен. Бұл бастамаға қалай қарайсыз?

- Мешітте араб тілін үйретіп, қазақ тілінде ғана уағыз айтылу керек. Ал басқа шаралар басқа тілде де БАҚ арқылы насихатталуы тиіс. Адам жүзін бейнелеуге исламда тыйым салынған, спортқа келсек мешітте қалай жартылай жалаңаш адамдар жүрмек?. Ол үшін басқа арнайы орындар бар емес пе? Түбегейлі қарсымын.

Уәлихан мырза!

1. Сіз Сенат депутаты болдыңыз. Сол сенатор болып жүрген кезде қандай мәселелер көтеріп, қандай мәселердің шешімін табуға қол жеткіздіңіз?

Сенатор болған кезімде жерді сатуға қарсы болдым, ұлттық қорды жартылай білім беру, денсаулық сақтау саласына жұмсау, ауызсу мәселесі, зейнеткерлік жасын (еркек 60, әйел 55, шахтер мен металлургтерді 1,2 тізім бойынша 50 жаста) төмендету, әлеуметтік жәрдемақы туралы, т.б мәселелерді көтердім. Өкініштісі ешбіріне қол жеткізе алмадым. Өйткені біз аз болдық. Қалғандары «Нұр Отандікі» болды.

- Уәлихан мырза!

1. Сіз Сенат депутаты болдыңыз. Сол сенатор болып жүрген кезде қандай мәселелер көтеріп, қандай мәселердің шешімін табуға қол жеткіздіңіз?

2. Қазіргі билікке деген шынайы көзқарасыңыз қандай?

3. Билікте 1 ғана саясаткер бар, қалғаны сайқамазақтар дегенге келісесіз бе?

4. Президент Назарбаевтың билік еткен кезеңіндегі ең үлкен жетістік және ең үлкен кемшілік деп нені айтар едіңіз?

5. Назарбаевтан кейінгі Қазақстанның жағдайы қандай болады деп ойлайсыз? Саясатта (ішкі, сыртқы), экономикада (макро, микро), әлеуметтік мәселелерде.

6. Қазақтың басым көпшілігі ауылда. Сол ауылдардың өз деңгейінде гүлденуі үшін қандай шаралар атқарылуы тиіс? Бүгінгі таңда ауылдарды дамытуда Үкімет атқарып жатқан шараларда не жетіспейді?

7. Қазақстанның қазіргі оқу-білім, ғылым саласына көзқарасыңыз. Не бар, не жетіспейді? Шешу жолдары.

Сұрақтарыма түгелдей дерлік жауап аламын деп үміттенемін.

Алдын-ала рахмет.

Құрметпен,

Ш. Қайсар

- 1. Билікті биліктен кетіру керек. Басқа ой да көзқарас та жоқ

2. Жоқ. Билікте 1 ғана сайқымазақ саясаткер бар. Оның кім екенін бәрі де біледі.

3. Жетістік - әлем таныды, кемшілік - тағы да «әлем таныды».

4. Назарбаевтың саясатының «жемістерін» жеп, шетелге қарыздарымызды өтеумен өмірімізді өткіземіз. Одан міндетті түрде шығамыз. Бірақ бізге өте қиын болады. Ол қиындықтардың біздің ұрпағымызға да жетуі мүмкін. Алайда бәрі өзімізге байланысты.

5. Ең бірінші ауызсу мәселесін шешу керек, екінші әлеуметтік жағдай жасау, үшінші жұмыс орындарын ұйымдастыру, төртінші ауылшаруашылығы техникаларын алу үшін қолжетімді несие беру. Үкімет қазір тек өздерімен сыбайлас ірі шаруашылықтардың ғана жағдайын күйттеуде. Халыққа құлдық қамытын өздігінен шеше алмастай кигізу үшін.

6. Білім беру деңгейі төмендеп кетті. Сапасыз жоғары білім беретін мекемелер тым көп. Оған қоса бұл саланы толық жемқорлық жайлаған. Бұл бүкіл мемлекеттік проблема. Жемқорлық мемлекеттік деңгейде шешілу керек. Сонда ол білім беру саласында да шешіледі. 2. Оны шешетін бір-ақ жол бар. ЖОО-лар мемлекеттікі болу керек және тегін болу керек.

- Қайсар мырза, сіздің де биліктің адамы екеніңізді білеміз. Сіз де спектаклде өз рөліңізді сәтті ойнап шықтыңыз! Соны біліп қойып, оппозиция сізді қатарынан шығарып тастады. Әйтпесе, сізді өткізбей, көпе-көрінеу Ғани Қасымовты өткізіп жібергенде сіз ешқандай шу шығарған жоқсыз. Тек, халықты алдап, көз боядыңыз. Осылай сіз де билікке қызмет еттіңіз! Сонда біз енді кімге сенеміз? Дегенмен, сізден мықты артист немесе мықты клоун шығады екен. Сіз саясатты қайтесіз, театрға барсаңызшы. Халықты өтірікке сендіре алатын қабілетіңіз бар екен!

- Бағытым айқын болғандықтан Сіздің алдыңызда ақталу ойымда жоқ. Бәріне уақыт төреші. Тек уақыты келгенде өз сөзіңіз үшін ұялмасаңыз болғаны.

- Қайсар мырза!

Сіз мемлекеттік тілден берген емтиханда «қазақ классиктерін атаңыз» дегенде, ешкімді атай алмапсыз. Оның орнына портфеліңіздегі Ә.Қайдаридың кітабын көрсетіпсіз. Бұл сіздің қазақ руханиятынан қол үзгеніңізді көрсете ме, жоқ тілші-ғалым Ә.Қайдариды Ахмет Байтұрсынұлынан да «жоғары» қойғаныңызды аңғарта ма?

- Олардың менен сұрағаны «Қазір қай классикті оқып жүрсіз?» болды. «Мен қазір Ә. Қайдардың кітабын оқып жүрмін» деп жауап бердім.  Бірақ мәселе онда емес. Мәселе лингвистикалық комиссияның Ә. Қайдарды менсінбегенінде.

- «Ақжолда» сіздің позицияңыз қандай? Қазақстанның сыртындағы қайраткерлерден кімге сенесіз?

- 1.«Ақжолда» ешқандай позициям жоқ.

2.Ешкімге

- Хан Кенеге байланысты көзқарасыңызды білгіміз келеді? Нақты не істеп жатырсыз? Білуімізше, қорды басқарасыз. Қазір Ванга айтты, анау айтты деген қызық-қызық сөздер шығып жатыр. Жалпы бас сүйектің бір жерде тұрғанына сенесіз бе

- Бұл сұраққа жоғарыда толық жауап бердім деп ойлаймын.

- Қайсар! Мен Кенесары ханның бас сүйегін көрген адаммын. Мойын омыртқасынан екі рет шабылған болу керек. Өйткені, жұқа омыртқа сүйек ырсиып қайырылып тұрған. Үлкен колбадағы формалинге салынған. Ж. Қуанышбаев бата оқып бетін сипаған. Құлағы, бас терісі бәрі бүтін. Спатайдың тұқымы жазушы Бақтияр жазғандай қырғыздар пісіріп жеген жоқ. Подвалда этажарканың екінші қабатында тұрған болатын. Ағыбай батырдың да суретін сол жолы Жазекең ақша беріп түсірттіріп алған. Кенесарының басын түсіртіп алуға рұқсат бермеді. Қасындағы кісілер де қарсы болды. Ол бастың жоғалуы мүмкін емес. Басқа мекемелер алса тілхат немесе түбіртек қағазы қалады.

- Мекенжайыңызды, телефондарыңызды толық берсеңіз дұрыс болар еді. Сізбен хабарласып, сөйлесуім керек.

- Құлдық санадан, осылайша ұлтсызданудан қалай құтылуға болады? Оған Сіз қандай үлес қоса аласыз?

- Бұл сұраққа жоғарыда толық жауап бердім деп ойлаймын.

- Фамилияңыздан «ов» деген жалғауды неге алып тастамайсыз? Себебі ол жалғау орыс идентичностін білдіреді ғой. Эстондықтардан,латыштардан, литвандардан, грузиндерден және т.б. үлгі алуға болады ғой. Олар мұндай жалғауды пайдаланбайды ғой.

- Бұл сұраққа жоғарыда толық жауап бердім деп ойлаймын.

- Назарбаевтан кейін қазақ Сталині келеді деген болжам бар, оны жұрт ТАС деп жүр. Сіздің пікіріңіз? ТАСтың қолынан келетін сияқты. Жер соның қолымен сатылды, «Шаңырақтағы» қырғын, «Астана» телеарнасында Тастың банкир жиенінің Рахатты қаралаған мүмкіндігі, яғни бір жарым сағат бойы телеарнаны басып алу мүмкіндігінің болғандығы. Қазақ интеллегенттерін қалтасына салып алу шеберлігі, қазақшыл имиджінің барлығы - мұның бәрі ТАСтың әлеуетінен хабар беретн ұсақ қана жайттар. Ол болса, қазаққа қандай пайда, қандай зиян? Ұмытпасам, Бақай мен Шаңырақ ауылдарын жер бетінен сырып, қазақ тұрғындарын қанға батырып тұрып: «Их надо жечь каленыи железом!» - деп ақырған осы Тасмағамбетов емес пе еді?

- Жазғаныңызбен келісемін. Тасмағамбетовтің қарым-қабілеті жеткілікті. Бірақ ол қазаққа да өзіне де өте қауіпті. Өйткені ол бәрін тек қара күшке салып шешуге құмар.

- Адамды мейлі жайшылықта болсын, билік пен байлықта адамгершілік пен әділдікте ұстап тұратын не деп ойлайсыз ?

- Иман. Иман адам бойындағы нәпсінің тежеуіші. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дейді ғой қазекем. Иманы жоқ адам - ақылды хайуан.

- Қазақи салт-санамен исламға көзқарасыңыз жеке ұстанымыңыз қалай ? Намаз оқисыз ба , жоқ оқымайсыз ба? Басқарудың, биліктің әділ болуы мүмкін бе, әділ болуы үшін не керек деп ойлайсыз?

- Ислам - бабамыздың діні. Салт-сана болса қазақтың болмысы. Яғни мен өз болмысыма, бабама ешқашанда қарсы шықпаймын. Әзірге намазға жығылған жоқпын. Бірақ Құран-Кәрімді жиі оқимын. Ислам дінін үнемі зерделеп жүремін.

- Басқарудың, биліктің әділ болуы мүмкін бе, болса не керек деп ойлайсыз?

- Әбден мүмкін. Тек ниет түзу болса болғаны. Лас саясат таза жүрекпен тазаланса, билік әділ болады.

- Біздегі оппозицияның көздейтіні не? Неге олар берекесіз?

- Біздегі кейбір оппозицияның көздейтіні билік үшін билік. Олардың берекесіздігі өздері күресуге тиісті биліктің айтқанынан шықпауы, тіпті солармен ақылдасуында жатыр.

- Оларда да билікте болғандары бар, сол кезде неге халық әділет деп айғайлап көзге түспеген ?

- Олардың көбісі оппозицияға билікке ренжігендіктен барды.

- Объясню систему на примере обычной семьи. Есть отец (ел басы), есть мать (премьер), есть дед (суд) есть бабка (парламент) и дети (народ). Задача семьи - вытянуть репку.

Автор: Танирберген БЕРДОНГАРОВ, депутат мажилиса. Депутаттың осы созине калай карайсыз?

- Орыс ертегісінің желісімен өмір сүріп жүрген, парламентке байқаусызда, адасып кіріп кеткен, өзінің қайда қызмет істейтінін әлі де түсінбейтін мұрнының дымы кеппеген баланың сандырағы. Дегенмен, ол қай қожайыны үшін тартылып жатқан шалқан? Ол шалқаннан балаларының (халық) аузына бірдеме тие ме екен?

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564