eGov.kz Порталына - 12 жыл
Қазақстан «электрондық үкімет» шеңберінде қызметтер спектрін көбейтіп, арттыруды жалғастыруда. Соңғы жылдардағы ірі және табысты IT-жобаны - eGov жасап және оны іске қосқаннан соң ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде пайдаланушылардың ыңғайлылығын арттыру, операцияларды жеңілдету және қолжетімді қызметтерді тізімін толықтыру бойынша жұмыстар жасап келеді.
Бұдан өзге, таяу арада қазақстандықтар толық мөлшерде «электрондық үкіметтің» артықшылықтарын мобильдік форматта пайдалана алады. mGov-тың келуі eGov дамуының келесі кезеңі болмақ.
Биыл Қазақстанның электрондық үкімет порталына 12 жыл толды. Портал мемлекеттік қызметтерді алудағы бірыңғай терезесі ретінде іске қосылған.
Электронды үкімет порталы жұмыс істей бастаған сәттен бүгінгі күнге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ азаматтардың үйден шықпай-ақ ала алатын қызметтер мен сервистер тізбесін арттыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осылай, портал арқылы 12 жыл ішінде көрсетілетін қызметтер мен сервистердің саны 235-ке дейін артты, композиттік қызметтер пайда болды, 44 қызмет бір реттік құпиясөздердің (sms-пароль) көмегімен қолжетімді болды, 38 төлем түрлері порталда авторландырылмаған пайдаланушылар үшін онлайн режимге ауыстырылды, сондай-ақ «анықтамасыз қызметтер» – үшінші тұлғалармен ең белгілі анықтамаларды сұрату сервисі автоматтандырылды.
Бүгінгі күні, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның eGov.kz порталы инфрақұрылымына 150-ден аса ақпараттық жүйелер мен деректер қоры интеграцияланған. Яғни, «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және азаматтар бірнеше мемлекеттік органдарға бармай-ақ бір ғана сұрау салу арқылы қызметтерді пайдалана алады.
Қазір, электрондық үкімет пайдаланушылардың жалпы саны 7,4 млн.-нан асты. Портал арқылы күн сайын 100 мыңнан аса қызметтер көрсетіледі. Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көптеген артықшылықтары бар. Ең бастысы, бұл уақыт үнемділігі, мемлекеттік қызметтерді алу үшін үйіңізді немесе жұмыс орнын тастап кетудің қажеті жоқ.
Біріккен ұлттар ұйымының Дүниежүзілік рейтингінде электрондық үкіметті дамыту Индексі бойынша Қазақстан 33-ші орында, ал Азия елдері арасында 7 орында тұр.
Үкіметтің электрондық нұсқасын жасау – бүгінгі таңда жаппай тренд және белгі болып табылады. Интернет дәуірінің келгенін ескеретін болсақ, көптегене елдер халықтың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын барынша жеңілдетіп, жылдамдатып және оңтайландыруға тырысып жатыр. Бүгінгі таңда оған күш салу қажет екендігіне және оның өзектілігіне барлығы да сенімді. Алайда, «электрондық үкіметтің» ыңғайлы моделін құру барлық мемлекттің қолынан келе бермейді. Оған қоса, мұндай жобаны тез іске қосып, әрі оны рентабельді, сенімді әрі ыңғайлы ету өте қиын. Бұл тұрғыда Қазақстан, асырып айтқанымыз емес, инновациялық жаңалық жасады. 2006 жылы egov.kz порталын ашып, Республикамыз бар-жоғы 6 жылда жаңа ұлттық жүйені қалыптастыруда өнімді түрде әрі тез алғ жылжып қана қоймай, халықаралық беделді IT-сарапшылар тарапынан назарға ілігіп, жоғары бағаға ие болды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның «электрондық үкіметінің» бейнесі қандай? Оны жасаушылардың алдында қандай мақсаттар тұр? Және де мемлекеттік қызметтер қазақстандық пайдаланушылар үшін қаншалықты ыңғайлы және қолжетімді?
Бәрінен бұрын пайдаланушылардың мүдделерінің өлшемін түсіну үшін кішкене статистикаға көңіл бөлейік: 2013 жылы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің сарапшылары электрондық қызмет көрсетулердің 12 миллионға дейін артуы күтілуде. Оған қоса, «электрондық үкімет» жүйесінің барлық мүмкіндіктері жеке және заңды тұлғаларға 2 000-нан астам ақпараттық және 236 интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсеуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл жерде нақты айта кеткен жөн, әңгіме тек egov.kz порталы жайнда емес, сонымен қатар elicense.kz порталы туралы – «электрондық үкімет» жүйесінің жеке және мамандандырылған бөліміне қатысты. Және де, 2013 жылдың басында Форум сарапшылары ақпараттық қоғам мәселелері бойынша халықаралық кездесуде жоғары бағалап, elicense.kz қазақстандық жобасын 64 елдің 280 жобасы ішінде e-Business категориясында үздік деп таныды. Егер «электрондық үкіметтің» порталының тізіміне қарайтын болсақ, бүгінгі таңда ресурс өз мүмкіндіктерін 90 қызметке, 21 сервиске дейін, мемлекеттік алымдардың 21 түрін төлеу, мемлекеттік салықтардың 17 түрін және салық төлемдерінің 4 түріне дейін кеңейтті. Таяуда бұл тізімге Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты төлеу де қосылды.
«Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде тек қана лицензия беру мысалында талап етілетін тізімнен құжаттың 853 түрі алынып тасталынады. Алдын ала есептеу бойынша мемлекеттік органдарға түсетін қағаз корреспонденциясының жылдық көлемі 10 миллион құжатқа қысқарды», - деп атап өтілген ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспаөз хабарламасында.
Әлеуметтік маңызды қызметтердің 100% электрондық форматқа көшіру – бұл пайдаланушылардың опциялар тізілімін одан ірң кеңейту болып табылады. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі қызметтер тізімін аты-жөнінің ауысуы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау, ЖК, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеуді есепке алу сияқты қызметтермен толықтыруға ниетті. Сонымен қоса, көмекке мұқтаж азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек тағайындау, тұратын орны бойынша халықты тіркеу және басқа да қызметтер.
Әрине, «электрондық үкімет» порталын пайдалану жайлы сөз қозғалғанда адам сәйкестендірудің бірнеше кезеңін талап ететінін түсінуі тиіс. Бұл ақпараттық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау үшін қажет, оның маңыздылығы елдегі барлық халықтың мәліметтер базасымен жұмыс кезінде бірнеше есеге артады. Бүгінгі таңда egov.kz порталының тұрақты жұмысын қамтамасыз етумен арнайы құрылым - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» (ҰАТ) компаниясы айналысады. Соңғы болған әлемдегі ақпараттық жанжалдардың жанында ҰАТ-да олардың қауіпсіздік жүйелері жеке мәліметтердің құпиялылығын жайылып кетудің барлық мүмкін қауіптерін көрсету туралы айтуға мүмкіндік береді. Кез-келген инноациялық сипаттағы жоба сияқты Қазақстанның «электрондық үкіметі» отандық ІТ-саланың дамуына түрткі болып, мультипликативтік әсердің көзіне айналды.
Жыл сайын қазақстандықтар пайдалнудың онлайн-форматына ынтамен жиі көшіп келеді. Бұл сатып алу-сату қызметтері немесе сервистерді пайдалану қызметтеріне қатысты ма? Бұл тұрғыда мемлекеттің мүмкінігі тек қана трендпен жүру ғана емес, сонымен қатар оның дамуын болжау және пайдаланушының көңіл-күйін бағалау стратегиялық маңызды болып табылады. Стратегиялық дейтін себебіміз таңдалған шешімнің дұрыстығынан осы IT-технологиялар сияқты қарқынды дамып келе жатқан сектордағы табысқа байланысты.
Android және iOs операциялық платформалары – бүгінгі таңда сатып алушылар арасындағы сұраныстың көшбасшылары, мұнда пайдаланушылардың кезекті қялы құрылғы – смартфонды немесе планшетті таңдау кезінде пайда болады. Қазақстан, әрине, олардан қалыс қалған жоқ, бүгінгі таңда көптеген жастар өз таңдауларын қандай да бір мобильдік жүйеге негіздей алады.
Сонымен қатар, соңғы жылдары ІТ-саласының сарапшыларының мәліметінше, Республикада online-төлемдердің белсенді артуы байқалған. Және де, олардың айтарлықтай бөлігі ұялы телефон құрылғыларының көмегімен орындалады. Сарапшылар бұл жағдайды орынды дәне заңды деп біледі. Заманауи адам компьютерлік сауаттылығы ашылған соң, тартымды online-қызметтер мен сервистер ол үшін қолжетімді болады, осылайша ол ортастатистикалық пайдаланушы және интернет-индустрия қолданушысына айналады. Бұл жағдайда мемлекттің міндеті – өтінімдерге сәйкес келу және мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы, жедел және сенімді алуға жаңа мүмкіндіктер ұсыну.
Мобильдік қосымшалар – бүгінгі таңда смартфондар мен планшеттерге арналған ыңғайлы бағдарламалар ғана емес, қаншама миллиондаған айналымы бар алпауыт индустрия болып табылады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді жасаушыларға тапсырма – ашылатын мүмкіндіктер, ыңғайлылығы, қарапайымдылығы және сенімділігінің бірегейлігі бойынша бәсекелестердің ұсыныстарынан асып түсетін өнім жасау. Сонда бұл жағдай таяу арада өзгеруі тиіс. Отандық программисттер бірнеше перспективалық стартаптарды іске қосты. Ал, «электрондық үкіметтің» мобильдік баламасын қалыптастыру тапсырмасы пайда болғаннан бері бағдарламалық кешен жасауға қызығушылық айтарлықтай артуы мүмкін.
Жетекші ұялы байланыс операторларының бірінің мәліметінше соңғы жылдары Қазақстанда мобильді пайдаланушылардың пайдаланатын Интернет-трафиктің мөлшерлері 166 есеге артқан. Оған қоса, ұялы байланыс пен мобильді Интернетке тарифтер осы кезеңде 17 есеге қысқарған. Және де, ұялы бай ланыс нарығындағы бәсекелестік шеңберіндегі тұрақты практика Интернетке қолжетімділік жылдамдығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін байланыстың жаңа стандарттарына көшу болды. Мұның барлығы таяу болашақта белсенді және жетілген мобильді пайдаланушылар саны тек қана артып отырады, адамдар мобильді құрылғылар арқылы барлық мүмкін қызметтерді алуға дайын және оны қалайды.
Демек, «электрондық үкіметтің» мобильдік нұсқасын дамыту бойынша үкіметтік жоспарлар жаңа инновациялық жаңалық қатарына ену мүмкіндігіне ие және де ол Қазақстанның инфокоммуникациялық секторын қалыптастыру әдісі мен тәжірибесі озық және бірегей болып қалатынын іс жүзінде дәлелдейді.
Abai.kz