Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 2985 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 18:20

Жамбыл облысында "Денсаулық" бағдарламасы бойынша 82 ұйым цифрлық форматқа көшкен

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде Жамбыл облысының медицина қызметкерлерімен кездесті. Үкімет басшысы кездесу барысында “Денсаулық” бағдарламасының іске асырылуын және осы саладағы өзекті мәселелері талқылады.

Атап айтқанда, медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек бағасын төмендету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ, жедел жәрдемді уақытылы көрсету шаралары қаралды.

Қазақстандықтардың денсаулығы — мемлекеттің маңызды басымдығы. Мемлекет басшысы медициналық көмек сапасын арттыруға, медицина қызметтері мен дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Жыл сайын денсаулық сақтауды дамытуға мемлекеттің шығыстары артып, мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында ауру мен өлім-жітім көрсеткіштері төмендеп келеді. Сонымен қатар, Премьер-Министр кездесу қатысушыларының назарын жұмысын жандандыруды талап ететін бірқатар мәселеге аударды. Бұл, бірінші кезекте, медициналық көмек сапасына қатысты мәселелер және облыста медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек бағасын белгілеу процесінің айқындығы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Жамбыл облысына 9 млрд.тг көлемінде дәрі-дәрмек сатып алынған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Жұманқұлов өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Мәселен, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 5 жылы ішінде облыста өмір сүрудің орташа ұзақтығы 71,16-дан 72,3 жасқа дейін өсті, аналар өлімі көрсеткіші 6%-ға, сәби өлімі 21,1% -ке төмендеді.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 29 нысанның құрылысы аяқталады. 2019 жылы — 40, 2020 жылы — 25 нысанды пайдалануға беру көзделген. Осылайша, ғимаратпен қамту көрсеткіші 100%-ды құрайды. М. Жұманқұлов, сондай-ақ, саланы цифрландыру, дәрігерлер мен медицина мамандарына еңбекақы мөлшерін ұлғайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.

Өз кезегінде, денсаулық сақтау вице-министрі О. Әбішев дәрі-дәрмектің бағасын төмендету мақсатында Дәрілік реттеу туралы заңға халықаралық патенттелмеген атауға ауысу туралы өзгерістер енгізілгенін айтты, яғни, дәріханалар рецепт жазған кезде сауда маркасын көрсетпейді (бұл да дәрі-дәрмек құнына әсер етеді), бұның орнына қажетті дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Осылайша, азаматтар дәрілерді химиялық құрамына қарай сатып алады. Бұл жұмыс келесі жылы жүзеге асырылады және дәрі-дәрмектердің жоғары бағасына қатысты проблеманы шешуге жол ашады.

Өңірдің денсаулық сақтау саласының өкілдері атынан №5 қалалық емхананың бас дәрігері Д. Сәрсенова сөз сөйлеп, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту мәселесін қозғады. Оның пікірінше, емделушілердің денсаулығы 10%-ға ғана денсаулық сақтау жүйесіне байланысты, денсаулықты жақсарту үшін азаматтардың ортақ жауапкершілігі маңызды. Бұл профилактикалық тексерулерді, скринингтерді және т.б. уақытында өтуден көрініс табады.

Премьер-Министр өңірде медициналық қызметтер ұсыну сапасымен облыстық балалар ауруханасын тексеру барысында танысты. Аурухананың бас дәрігері М. Рабандиярова жыл сайын клиникада түрлі хирургиялық патологиялары бар 4000-нан астам күрделі операциялар жүргізілетінін хабарлады. Оның ішінде нейрохирургия, ортопедия және травматология бойынша 200-ден астам жоғары технологиялық операциялар да жасалады. Аурухананы цифрландыру аясында дәрігердің қабылдауына жазылуға және медициналық қызмет алуға арналған «Elsimed» ақпараттық жүйесі енгізілді. Осы жылдың шілде айынан бастап аурухананың медициналық құжаттарын жүргізу толығымен электронды форматқа көшірілді.

Жалпы, Жамбыл облысында 82 денсаулық сақтау ұйымы медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшті. Облыста барлық «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек» ұйымдарында цифрлық сауаттылық посттары ашылды. Құрылған цифрлық сауаттылық посттары арқылы цифрлық дағдыларға 489 105 адам оқытылды. Бұл интернетті белсенді қолданушылардың 86,8%. «Damu Med» медициналық ақпараттық жүйеcіндегі мобильдік қосымшаға 34 мың адам тіркелді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572