Жұма, 7 Қараша 2025
Білгенге маржан 243 0 пікір 7 Қараша, 2025 сағат 13:26

Өзбек Қоңыраттарының жіктелуі...

Сурет: E-history.kz сайтынан алынды.

Өзбек шежірешісі Қадыр Бердіқұлов 1994 жылы «Ёзувчи (Жазушы)» баспасынан шыққан «Қоңыраттар» кітабында Сұрхандәрия мен Қасқадәрияның Қоңыраттарын Шығыс Бұхара Қоңыраттары деп, батыстағы Қоңыраттары Хорезмдік Қоңыраттар деген атпен алады. Шығыс Бұхара Қоңыраттарына: Ашамайлы, Балғалы, Бугажылы(Бөгежелі), Қанжығалы, Қарақұрсақ, Қостаңбалы, Төртуыл, Тоғыз руларын, Хорезмдік Қоңыраттарға: Барақ, Бөрібай, Жылантаңбалы, Қарабұйра, Ноғай, Қарақалпақ, Айный, Оқпышақ, Баймақты, Қазаяқты, Қазақ, Қайшылы, Қамшы, Қарамойын, Қарға, Қолдаулы, Қопыш, Құйын, Құрама, Тарақты, Орыс, Қандақты(Кандекті), Шужалы(Шаужайлы), Шулдық(Шүллік), Шөмішті, Ырғақты, Түрікпен руларын жатқызады.

Ол Самарқан қарақалпақтарының Қоңыраттарында кездесетін Ашамайлы, Бесбала, Қарамойын рулары мен Бұхара қарақалпақтарының Қоңыраттарында кездесетін Ашамайлы, Балғалы, Дубол(Тобыл), Қазаяқты, Қандақты, Қарамойын, Төлеңгіт, Шужалы(Шаужайлы), Шөмішті руларының өзбек Қоңыраттарында да кездесетінін алға тартады. Қарақалпақ Қоңыраттарының бірталайының өзбек Қоңыраттарына айналып кеткенін айтқанымен, Айный деген руды қарақалпақтарының жан тартпайтынын, оларды Байсын өзбектерінің тобы деп есептейтінін айта келе, Айный руының ішінде Айтаңбалы деген тармақтың барын көрсетіп, Айный руының атауының мәнін ашуға ізденіс жасайды.

Өзбек Қоңыраттарының айтуынша, Қарақоңыраттар қазіргі мекендеріне 4 ғасыр бұрын Хорезмнен келген. Басқа Қоңыраттар "Арқадан келгенбіз" деп сөйлейді. "Арқадан келгенбіз" дейтін Қоңыраттардың көбі атажұрт ретінде Арқаны емес, Құзар-Байсынды атайды. Қазақ Қоңыраттары киелі атажұрттарын «Жиделі-Байсын» десе, өзбек Қоңыраттарының киелі атажұрттарын «Құзар-Байсын» деп атайтынын естіп таңғалдық. Байсын тауы — Сұрхандәрия аймағында.

Шағатайдың осы өңірлерге келген 4 мың қолының бір мыңы Қоңырат аламандарынан тұрған екен. Соған байланысты Қоңыраттардың бұл өлкеге алғаш келуін 13 ғасырдың ортасынан бастайды. Қоңыраттың көбінің "Арқадан келгенбіз" деп сөйлейтіні Шайбани ханның тұсында Арқадан беттеп Сұрхандәрия мен Қасқадәрияның арасына келген кезеңін көрсетеді. Балқыз Халелқызы Кармышеваның зерттеуі бойынша, Шағатай ханның тұсында осы өлкеге аяқ басқан Қоңыраттар әубаста Бағыс(Тәжікстан) пен Балқы(Ауғанстан) арасында қоныстанып, содан кейін олар Түрікпенстанның шығысындағы Келіп, Керкі, Терміз арқылы Әмудәрияға өткен. Кейінірек Шайбани хан оларды осы жерлерге жіберген. Сондықтан, Байсын өңіріне келген Қоңыраттар өздерін жаңа қоныстанушылар ретінде емес, атажұртқа оралушылар ретінде қарастырады.

Қоңырат аңызы бойынша, бір ұлы хан шайқаста жеңіліп, атынан айырылып қалғанда, бір қарт кісі оған қоңыр атын беріп: «Егер, мен өлсем жай ғана бір қарт адам өледі. Сен өлсең ел іргесі ыдырайды» деп оны құтқарып қалады. Осы кісі Қоңыр би атанып, ұрпақтары Қоңырат атанады. Осы кісі ханнан Құзар-Байсынды жайылым ретінде сұрап алған және ханның биші қыздарының бірін жар еткен. Құзар-Байсынды Қоңыраттарға еншілеп берген Шыңғыс хан екен деген айтылымдар да бар.

Ескілікті аңыз бойынша, Қоңыраттар алғашында Сұрхандәриядағы Көктаң тауының екі жағын қоныстанып, біртіндеп шығыс пен батысқа тарап, Шерабат аңғары мен Байсын тауларының етектерін алып жатты. Қазақ Қоңыраттарының Көктіңұлы, Көктенші(Көтенші) болып бөлінуі де осы таудың атын иеленіп жатыр.

Қоңыраттардың арғы бабасы Қоңыр би немесе Қоңырат ата атанған кісінің бәйбішесінен: Уақтаңбалы(Оқтаңбалы), Қостаңбалы, Қанжығалы, Айный(Айынды) туса, тоқалының төрт ұлы — Төртуыл атанады.

Өзбек шежірешісі Қадыр Бердіқұлов Балқыз Халелқызы Кармышеваның шежірелік таратылымдарын қамти отырып, өзбек Қоңыраттарын 18 ата Уақтаңбалы, 16 ата Қостаңбалы, 14 ата Қанжығалы, 12 ата Айынды, 6 ата Төртуыл деп жіктейді.

Бес Қоңыраттың бас атасы, яғни ұраны — Жанғұл би.

Уақтаңбалының ұраны — Жанғұл би, Қостаңбалының ұраны — Алжан би, Қанжығалының ұраны — Құдайқұлбекжан, Айныйдың ұраны — Молла болса, Төртуылдың ұраны — Жанғабылбекжан.

1. 18 ата Уақтаңбалы (Оқтаңбалы)

Олар: Ашамайлы, Қазаяқты, Баймақты, Тарақты, Шанышқылы, Шөмішті, Қайшылы, Ысықты(Ішкілі), Қиғашты, Жылантаңбалы, Балғалы, Қарақоңырат, Бугажылы(Бөгежелі), Оюлы, Қандақты(Қандекті), Ырғақты, Абақты(Абақ таңбалы), Көсеулі.

Ашамайлы ішіндегі Замшық руы Қармақ, Наубөрі, Оқжар тармақтарынан тұрады. Қазаяқты руы ішінде Жортбас руы болса, ол өз ішінен Жүндібас, Барақ тармақтарына жіктеледі. Баймақты руы ішінде Көсе руы болса, Тарақты ішінде Калеріс, Шылбырлық, Алмабас рулары бар. Шанышқылы Тужа, Қазаяқты руларынан тұрады. Олар өз ішінен Қаратужа, Төбелтужа, Мырзатүп, Құдайқұл тармақтарына бөлінеді. Балғалы руы Меркіт, Шағыр, Боқсары, Бесауыл, Сарт, Көсе руларынан тұрады. Қарақоңырат ішінде Шақпақты, Қазақ, Теріс, Көсеулі деген іргелі рулар бар. Шақпақты өз ішінен Солақай, Қапжақ, Кенжесолақай, Тоқсаба, Көсе руларынан құралса, Қазақ руы өз ішінен Қалдар, Қалыбайлар, Шужалы(Шаужайлы) руларына бөлінеді. Мұндағы Шужалы(Шаужайлы) руы Құл, Ақтана, Шілбайша, Қарақыз, Бақшы болып жіктелсе, Құлдар Шөп, Көп деген екі тармаққа, Ақтаналар Қызтелпек, Қосқарабас деген екі тармаққа, Шілбайшалар Әулет, Имамәлі деген екі тармаққа, Қарақыздар Сопы, Есет деген екі тармаққа жіктеледі.

Оюлы руы өз ішінен Төмен Ақтонды, Орқас-Дөң, Байәулет, Алашағыр, Ақтонды, Өтеп, Қаныш, Тума болып тармақталады.

Хандақты руы өз ішінен Бозшы, Құлшимақ, Қазақ, Тері тарауларына жіктеледі.

Көсеулі руы Түркей, Көкен, Күлше, Шойыр(Шәйір), Абыз руларынан тұрады.

2. 16 ата Қостаңбалы

Олар: Төлеңгіт-Тілеумет, Қарақаспақ, Қал, Бармақ, Күлабы, Сарыбазар, Замбыр, Көсе, Отырақ, Қошқар, Байткүшік, Оқпышақ, Шалбажа, Мәулеш, Қарақалпақ(Күлреңбас баба).

Төлеңгіт-Тілеумет руы: Толыбай, Қалыбай, Құлыбай, Ырысбай, Тоғабай, Қайбат, Шағыр тармақтарына тарамдалады.

Қарақаспақ руы: Имамқұлшық, Берді, Доса(Душа) тармақтарына тарамдалады.

Қал руы: Бегенқал, Қорқол, Бесқалтақ, Майдақал, Сопыбажа, Тентек тармақтарына тарамдалады.

Бармақ руы: Жансарай, Тұрсынжетім, Қатыбармақ, Шердақ, Оспан, Нақа, Қоныс тармақтарына тарамдалады.

Қошқар(Қошақар) руы: Зармас(Оқпан), Құсбек(Бесауыл), Көкей(Бесбабас), Ниязбарақ, Бекауыл, Майдақара, Әділқаһар, Көрдентуған, Бадалтуған тармақтарына тарамдалады.

Құсбек тараулары: Керейтата, Молдатата, Кәрімқабас, Аймат.

Ниязбарақ тараулары: Мұрат, Әбдірахман, Расул, Абыр, Нұрбай, Қарабай, Қараш. Мұрат бөлімі: Құдайқұл. Құдайқұл: Бердияр, Қалияр, Бердіқұл, Шәриар, Барат, Бұхар. Әбдірахман бөлімі: Құдайназар, Ерназар, Жаназар, Сәнияз. Расул бөлімі: Қалияр, Әлиқұл, Тұрдықұл. Абыр бөлімі: Мұса. Нұрбай бөлімі: Артық, Меңлібай. Қарабай бөлімі: Қожамсүгір, Құрбансүгір. Қараш бөлімі: Қожаназар.

Бекауыл тарауы: Баратақсақал.

Әділқаһар тарауы: Махматәлімолда.

Байткүшік руы: Көсе, Ұзын, Байбатыр, Жабы, Дамғарын, Қаламолда, Қожа тармақтарына тарамдалады.

Мәулеш руы: Әділтүп, Ұлықбердітүп, Қазытүп, Жанғабылтүп, Сапартүп, Қалмолдатүп, Қусирақтүп тармақтарына тарамдалады.

Қарақалпақ руы: Нұрбике(Алтынбас), Ауызбажа(Абызбажа, Айнақұл), Ойбай(Қадырқұл), Жабарқұл(Төсбай) тармақтарына тарамдалады.

Жабарқұл тараулары: Ұстабажа(Ислам), Сәкез(Сымат), Төсбай(Мырза), Көсе(Исмайыл), Қазақ, Алдай, Сарай.

3. 14 ата Қанжығалы

Олар: Ұлыс, Қожағұл, Шулдық(Шүллік), Қоян, Қарақұрсақ, Молтақа, Қолдаулы, Қарабура, Дөске, Түпқара, Көртоғай, Ноғай, Желкілдек, Қала, Қара.

Ұлыс руы: Ұлыс-Ерік, Орыс, Жарты, Бектентуған, Шердентуған, Құдиярдантуған тармақтарына тарамдалады.

Ұлыс Ерік тарауы: Қарға

Орыс тарауы: Дудал

Қожағұл руы: Арық, Құрбанқұл, Ортакелді, Тентек, Есекбас тармақтарына тарамдалады.

Шулдық руы Шуылдақ(Шуылдлақ), Қуыс, Шамбыл, Құлбары, Битақ, Жаңабатыр, Тасат, Шаржетім, Құлжетім, Тұтжетім тармақтарына тарамдалады.

Қарақұрсақ руы: Сарық, Шуылдақ, Қарға, Шышпа, Қарабатыр(Қалабатыр), Қадай, Күшнықалып, Түссіз тармақтарына тарамдалады.

Молтақа руынан Ошырқара тармағы шығады.

Қолдаулы руы: Кішік, Қолдаулы, Қарақасқа тармақтарына тарамдалады.

4. 12 ата Айный

Олар: Қауға, Сұран, Бесбала, Топар(Тупор), Қашай, Қарақалпақ, Айтаңбалы, Тоқсарай, Қара, Қожыбажа, Түрікпен Айный, Ақтана.

Топар руы: Базартұқым, Мергенше, Шерқала(Шорқала), Ноғай тармақтарына тарамдалады.

5. 6 ата Төртуыл

Олар: Тоғыз, Мөңке, Майдатабақ, Шопақ, Абақты(Абақ таңбалы), Өр.

Тоғыз руы: Уәдемәлік, Шоғал, Балқыжамбас, Бөрібай, Құтшы, Садыр, Қон(Көн), Мыңтоғыз, Кірбалақ, Мандақ, Көкілбас, Сирақ тармақтарына тарамдалады.

Мөңке руы: Ақсақбажа, Зергер, Сөңгелді тармақтарына тарамдалады.

Майдатабақ руы: Қорасан, Шалқар, Қарамойын, Жайратым, Көсе, Қалбажа, Алап тармақтарына тарамдалады.

Шопақ руы: Түлкіші, Сарықожа, Қызылбас тармақтарына тарамдалады.

Абақты(Абақ таңбалы) руы: Ырғақты, Қарақшы, Мұратбажа, Шеруші(Шорыш), Орақты тармақтарына тарамдалады.

Өр руы: Бөрібай, Қараберді, Жанғали, Итбалық, Шақназар, Орыс, Қалша, Қап, Шоба, Бесқазан тармақтарына тарамдалады.

Бөрібай руынан Делба тарауы шығады.

Шақназар руының тараулары: Үлебажа, Көктірнек, Парман.

Орыс руының тараулары: Бектуды, Алмабас, Көсе, Жастабан, Шодай.

Қалша руының тараулары: Озғын, Ақбай, Шорбай.

Көкбөрі Мүбарак

Abai.kz

0 пікір