Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2849 0 пікір 12 Желтоқсан, 2018 сағат 10:17

"АрселорМиттал Теміртау" комбинатындағы апатты тергеу мерзімі ұзартылды

"АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) металлургия комбинатында 10 қарашада болған қайғылы оқиғаны тергеу 26 желтоқсанға дейін созылды.

Қарағанды облысы өндірістік қауіпсіздік департаментінің ақпаратына қарағанда, тергеу мерзімінің ұзаруының себебі, оттегі цехындағы құбырдың жарылуына жүргізілген сараптаманың нақты қорытындысы әлі дайын болмаған.

АМТ компаниясының атқарушы директоры Вадим Басин осыған дейін, алдымен апаттың себебін анықтау керек деп мәлімдеген.

10 қараша күні кешкісін комбинатта апат болып, бес адам зардап шеккен. 12 қарашада апатты тергеу комиссиясы құрылған.

Елдегі төтенше жағдай комитеті цехта үш құбыр (оттегі, азот және ауа сығындысы) мен газ құбыры жарылып, өртке ұласқанын хабарлаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129