Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3481 0 пікір 29 Сәуір, 2011 сағат 00:16

Қарағандыда ҚР вице-премьері-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев республикалық үйлестіру кеңесін өткізді

ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған жұмыс тобы Қарағанды облысында болды.

Жұмыс тобының құрамына ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, «Нұр Отан» ХДП, «Атамекен» ҰЭП, Қазақстанның даму банкі мен басқа да даму институттарының өкілдері кірді.

Сапар мақсаты - Индустрияландыру картасы нысандарына мониторинг жасау, жаңа инвестициялық жобаларды зерттеу деп атап өтті, делегация мүшелері. Олар инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатқан аймақтағы бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді.

Содан кейін Ә.Исекешев Қарағандыда республикалық үйлестіру кеңесін өткізді. Оның күн тәртібінде екі мәселе, атап айтқанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының Қарағанды облысында қалай жүзеге асырылып жатқандығы мен «Металлургия» республикалық бағдарламасының жүзеге асырылу мәселесі қаралды.

«Қарағанды облысында өндіріс жанданып келе жатқаны байқалды. 2010 жылы іске қосылған көптеген жобалар жұмыс істеп тұр және жобалық қуаттылығын арттыруда. Бұл жердің әл-ауқаты жақсы екені анық. Қазір ұзақ мерзімді жоспарларға назар аудару керек», - деп атап өтті Ә.Исекешев.

Металлургия нарығында жақсы конъюнктура қалыптасуда, деп аталып өтілді кеңес барысында.

«Металлургия саласы жайлы айтатын болсақ, бұл ЖІӨ-нің 7 пайызы, өнеркәсіп мөлшерімен алғанда шамамен 17 пайыз екенін еске салғым келеді», - деді вице-премьер- индустрия және жаңа технологиялар министрі.

Оның атап өтуінше, жаңа индустрияландыру бағдарламасында металлургия негізгі орынға ие болып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560