Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Анық 8900 0 пікір 12 Желтоқсан, 2018 сағат 10:14

Индустриялық-инновациялық саладағы еліміздің елеулі жетістіктері

Қазақстан тәуелсіздік алған күндерден бастап үдемелі индустрияландыруға бағыт алды. Осы уақыт аралығында елімізде мыңнан астам жаңа жоғары технологиялық өндірістер ашылды, олар елімізде бұған дейін шығарылмаған жаңа өнімдердің жүздеген түрлерінің өндірілуіне және жүз мыңдаған жұмыс орындарының ашылуына себеп болды.

«Индустрияландыру күніне» арналған жалпыұлттық телекөпірдің жалғасы ретінде, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің деректеріне сәйкес Қазақстанның индустриялық саясатын іске асыру барысы туралы шолу материалы әзірленді.

Әлемнің топ-50 экономикасына қосылу

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда экономиканы жаңғыртудың бірнеше кезеңі жүргізілді. Қазақстанды жаңғыртудың бірінші кезеңі — жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшкен кезде жаңа мемлекеттің құрылуы. 1991 жылдан бастап 1997 жылға дейінгі аралықта Қазақстанның жүріп өткен жолы бірінші жаңғырту жылдары саналады. Осындай қысқа уақыт аралығында Қазақстан саяси, экономикалық жүйелерін, республиканың мемлекеттілігін дамытып, нығайта түсті, халықаралық алаңда таныла бастады.

1996–2012 жылдар — Екінші үдемелі жаңғырту кезеңі деп аталады. Екінші жаңғырту «Қазақстан–2030» стратегиясының қабылданып, жаңа елорда Астананың құрылуымен бастау алды. Стратегия 1997 жылы жарияланды. Үлкен тарихи және саяси маңызға ие аталған құжат Қазақстанға индустриялық стратегияны әзірлеудің қажеттігі мәселесін көтерді: өндірістерді әртараптандыру мен елеулі шетелдік инвестицияларды тарту есебінен тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу. Еліміз экономикалық артта қалу аймағынан шығып, әлемнің 50 бәсекеге қабілетті экономикаларының қатарына қосылды.

2003 жылы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясы қабылданды. Елімізде индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның бірқатар мамандандырылған институттары құрылды, атап айтсақ — «Ұлттық қор», «Қазақстанның даму банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Ұлттық инновациялық қор».

Кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және жаңа өндіріс орындарын ашуға басымдық берілді.

2009 жылғы мамырда Президент Н. Назарбаев үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бесжылдығының басталғаны туралы жариялады. Қазақстан шикізаттық дамудың орнына белсенді шешімдер жолын таңдады. Өңдеу өнеркәсібі инвестициялар үшін аса тартымды бола бастады. 2010 жылдан бастап өңдеу секторына $26 млрд астам инвестиция салынды. Тікелей шетелдік инвестициялардың әрбір бес доллары дерлік өңдеу саласына тиесілі.

Бүгінгі таңда Қазақстан өнімдері 112 елге экспортталады. 5,5 трлн теңге сомасына 1080 жоба енгізілді, 101 мың тұрақты жұмыс орындары ашылды. Отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың тиімділігі арта түсті. Индустрияландыру жылдары Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығы 15% астамға төмендеді.

Индустриялық модельді негізге алу Қазақстанға әлемдік рецессияның жаңа толқынына төтеп беруге мүмкіндік берді. Қазақстан алға ұмтылыстың арқасында ЖІӨ үш есеге жуық ұлғайтты (2009 жылғы деңгейден — 17-ден 46,9 трлн теңгеге дейін), өнеркәсіп 2 еседен астамға өсті (9,1-ден 19 трлн теңгеге дейін), өңдеу өнеркәсібі 2,7 есеге артты (2,9-дан 8 трлн теңгеге дейін), әрекет етуші кәсіпорындардың саны 188,8-ден 236,1 мың бірлікке өсті, инновациялық өнімдер өндірісі бес есеге ұлғайды (82,6-дан 445,8 млрд теңгеге дейін).

Үшінші жаңғырту 2015 жылы бастау алды. Дәл осы кезде Нұрсұлтан Назарбаев «Бес институционалдық реформаны» ұсынды. Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында бұл жаңғыру — қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі және экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталғанын атап көрсеткен.

Индустрияландыру бүгінде: серпін және перспективалар

2015 жылы 2019 жылға дейін ИИДМБ іске асыру басталды. Бағдарлама — индустрияландырудың бірінші бесжылдығының қисынды жалғасы және еліміздің экономикалық саясатының бір бөлігі. Бағдарламаның негізгі мақсаты — өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру, еңбек өнімділігін арттыру және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайту.

ИИДМБ-де 2019 жылға дейін өңдеу өнеркәсібіндегі төрт мақсатты индикатор қарастырылған: өңдеу өнеркәсібіндегі өнімдер экспортының құндық көлемінің өсімі, еңбек өнімділігінің нақты өсімі, негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін арттыру және оның энергия сыйымдылығын төмендету.

2017 жыл ауқымды институционалдық серпіліс жылы болды. Жаңа мемлекеттік бағдарламалар, қолдау шаралары, нақты инвестициялық саясат пайда болып, өнеркәсіп технологиялық қайта жарақтандырылды, олар еліміздің үшінші жаңғырту жолын тиімді өтуіне бағытталған. Адам ресурсына басымдық берілді: жаппай кәсіпкерлік және тиімді жұмыспен қамту — бұл жүз мыңдаған жаңа жұмыс орны және бәсекеге қабілетті ұлт.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аяқталуға жақын, қазірдің өзінде Инвестициялар және даму министрлігі іске асырылып жатқан Бағдарлама алға қойылған мақсаттарға толығымен сай келетінін, тұрақтылыққа және өңдеу секторы өсімінің оң қарқынына қолайлы әсер ететініне сендіреді.

ИИДМБ-ды 2018 жылдың 11 айында іске асырудың қорытындыларын шығара отырып, оны іске асырудың негізгі бағыттарын атап өту қажет:

  • инвестициялар тарту;

  • экспортты ілгерілету;

  • еңбек өнімділігін ынталандыру.

Инвестициялар тарту – маңызды даму аспектісі

Инвестициялар және даму министрлігінде атап өткендей, экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында инвестициялық сипаттағы түрлі іс-шаралар: бизнес-форумдар, инвестициялық конференциялар, іскерлік орталармен кездесулер жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысының шет елдерге ресми сапарлары аясында Мемлеке басшысының шетелдік тараптардың бизнес орталарымен іскерлік кездесулері ұйымдастырлып, өткізілді. Осы сапарлар аясында жалпы сомасы $22 млрд жуық болатын 114 екіжақты коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі елімізде 11 бизнес-форум мен шетелде 2 бизнес-форум өткізді, оларға Үкіметтің, бизнес орталардың, ұлттық және трансұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.

Инвестициялық мүмкінгдіктерді таныстыру, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар әзірлеу және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында а.ж. 3 шілдесінде Астана қаласында әлемдік аса ірі компаниялардың 600-ден астам басшыларының қатысуымен халықаралық инвестициялық форум өтті. Қатысушылардың басым бөлігі Қазақстан үшін басымдықты болатын елдердің компаниялар болды: АҚШ-тан — 43 компания, Ұлыбританиядан — 60, Германиядан — 37, Франциядан — 28, Түркиядан — 60, БАӘ — 74, Қытайдан — 49, Ресейден — 30. Форум алаңында шетелдік инвесторлармен екіжақты кездесулер өткізіліп, жалпы сомасы $4,8 млрд болатын 32 келісімге қол қойылды.

Бәсекеге қабілетті экспорт — экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші

Сонымен қатар басты бағыттардың бірі — экспортты ілгерілетуге қолдау көрсету. Арнайы құрылған «KazakhExport» ЭСК тек қана өңдеу секторындағы өндіруші экспортшыларға мемлекеттік қолдау шараларын (сақтандыру және тәуекелдерді қайта сақтандыру) көрсетеді.

2018 жылдың 10 айының ішінде «KazakhExport» ЭСК 40 отандық экспортшыға қолдау көрсетіліп, 237 экспорттық келісімшарт сүйемелденді, экспорттық сауда 6,97 млрд теңгеге қаржыландырылды, экспорталды қаржыландыру 4,6 млрд теңгені құрады, қабылданған міндеттемелердің жалпы көлемі 44,6 млрд теңге болды.

2018 жылы Қазақстанның сыртқы сауда палатасының экспортшыларды сервистік қолдау (қаржылық емес) аясында 4 желтоқсандағы мәліметтер бойынша 11 елде 15 сауда миссиясы, 4 елде 4 ұлттық стенд, 4 елде 7 жарнамалық-презентациялық іс-шара мен 12 елде 27 бейінді көрмеге қатысу ұйымдастырылды. Нәтижесінде жалпы сомасы $457 млн-ға 68 келісімшарт жасалды.

Еңбек өнімділігін ынталандыру

Бұдан өзге, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Мәселен, бүгінгі таңда жалпы сомасы 482,1 млн теңгеге 42 кәсіпорынның шығындары өтелді, оның ішінде:

  • «Кәсіпорын құзыретін арттыру» тетігі бойынша — 82,6 млн теңге сомасына 8 кәсіпорын;

  • «Технологиялық процестерді жетілдіру» тетігі бойынша — 210,2 млн теңге сомасына 26 кәсіпорын;

  • «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» тетігі бойынша — 189,3 млн теңге сомасына 8 кәсіпорын.

ИИДМБ іске асыру аясында кәсіпорындарға жүйелі қолдау шаралары көрсетіледі, жаңа өндірістер іске қосылуда, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар жаңғырытылып, кеңейтілуде.

Бүгінгі таңда сегіз жобада жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және кеңейту жүргізілді. Сонымен қатар, Индустрияландыру картасы аясында енгізілген жобалардың (100 жоба) арқасында 2018 ж. 300 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылғанын айта кеткен жөн.

Өңдеу өнеркәсібі — индустрияландыру драйвері

Индустрияландыру жылдары ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 0,8 п. т. (2009 ж.10,9%-дан 2018 ж. қаңтар-қыркүйекте 11,7%-ға дейін); өнеркәсіпте — 2,1 п. т. (2009 ж. 35,6%-дан 2018 ж. қаңтар-қазанда 37,7%-ға дейін); негізгі капиталға инвестицияларда – 11,1 п.т. (тиісінше, 8,2%-дан 19,3%-ға дейін); экспорттың жалпы көлемінде төмендеу – 1,7 п.т. (2009 ж. 27,8%-дан 2018 жылдың қаңтар-тамызында 26,1%-ға дейін).

2018 ж. қаңтар-қазанында өңдеу өнеркәсібі құрылымында ең көп үлес салмағы келесі салаларға тиесілі болды: металлургия (45,3%), машина жасау (9,9%), тамақ өнімдері (14,9%), мұнай өңдеу (8,3%).

Аталған кезеңде өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша негізгі капиталға инвестициялардың ең көп үлесін кокс пен мұнай өңдеу өнімдері өндірісі (49%), металлургия (19,4%), тамақ өнімдері (8,8%), құрылыс материалдары (7,7%) алды.

2018 ж. қаңтар-тамыз айларында өңдеу өнеркәсібінің экспорты құрылымында үлесінің жартысынан көбін металлургия (57,6%), мұнай өңдеу (14,8%), тамақ өнімдері (6,9%), құрылыс материалдары (1,3%) алды.

2018 ж. қаңтар-қазанында өңдеу өнеркәсібінде 8,5 трлн теңгеге өнім өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға ұлғаюы байқалды. Өңдеу өнеркәсібінің бірқатар секторларында өсім байқалды: металлургияда — 4,6%-ға, машина жасауда — 14,2%-ға, химияда — 8,5%-ға, мұнай өңдеуде — 9,2%-ға, тамақ өнімдері өндірісінде — 2,8%-ға.

2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде өнім экспорты $11 476. 9 мыңды құрады, бұл көрсеткіші $11 096 мың болған 2017 жылдың осында кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артық. Атап айтқанда, металл (мыс, алюминий, металл прокаты, жартылай дайын өнімдер) және мұнай өнімдері (мұнай газдары, мұнай коксы және т.б.) экспорты артты. Тамақ өнімдерінен сұйық май, алкогольсіз сусындар, балық өнімдері, макарон өнімдері т.б. экспорты артқан.

Химия саласында тыңайтқыштар, полипропилен экспорты ұлғайған, пестицидтер мен фосфинаттар экспорты екі есеге көбейген. Машина жасау саласында мойынтіректердің, аккумуляторлардың, трансформаторлардың, кабель жүргізу өнімдерінің, пульттердің, панельдердің, консолдардың және т.б. экспорты ұлғайған.

2018 жылдың І жарты жылдығында өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі $15,5 мың/адамды құрады.

2018 ж. қаңтар-қазан айларында өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 1005 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 32,2%-ға артқан. Өсім кокс пен мұнай өңдеу өнімдерінің 1,5 есеге, металлургия өнеркәсібінің — 1,5 есеге, тамақ өнімдерінің — 33,7%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіпті жеделдетілген цифрландыру

Мемлекеттің жалпыэкономикалық саясатының өзегі ретінде, индустриялық саясат бірінші кезекте, өнеркәсіптік өндірістің инновациялық қайта құруды жүргізумен байланысты болуы тиіс.

2017 ж. төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін қамтитын өнеркәсіпті технологиялық қайта жарақтандыру бойынша шараларды әзірлеуге қатысты жұмыстар жүргізілді.

Цифрландыруды және цифрлық технологияларды белсендірек енгізуді ынталандыруды жоспарлаған біздің кәсіпорындарымызды қолдау үшін қажетті экожүйені құруға бағытталған шаралар әзірленді. Бұл шаралар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

Негізгі жобалардың бірі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың базасында модельдік цифрлық фабрикаларды құру болып табылады. Осыған байланысты жеті кәсіпорын іріктеліп, технологиялық диагностика жүргізу және цифрландыру жоспарларын әзірлеу үшін Фраунгофер атындағы институтпен жұмыс жалғастырылды.

  • «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (машина жасау)

  • «Евразиан фудс» АҚ (тамақ өнеркәсібі)

  • «Химфарм» АҚ (фармацевтика өнеркәсібі)

  • «АК Алтыналмас» АҚ (металлургия)

  • «Карлскрона» ЖШС (машина жасау)

  • «Алматы Вентилятор Зауыты» ЖШС (машина жасау)

  • «Бал Текстиль» ЖШС (жеңіл өнеркәсіп).

Қазіргі кезде іріктелген кәсіпорындарға технологиялық диагностика жүргізу және оларда цифрлық технологияларды енгізу бойынша жол карталарын әзірлеу жұмыстары аяқталды.

Жалпы, сарапшылар 200-ден астам шара ұсынды, әр кәсіпорын үшін 20-дан 38 шараға дейін қарастырылған, ұсынылған шараларды талқылау үшін компаниялармен кездесулер өткізілді.

Цифрлық технологияларды енгізуден болатын маңызды тиімділіктің бірі әсіресе, қауіпті өндірістерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру болып табылады. Осыған байланысты тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік нысандар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Ережелерінің жобасы әзірленді, бұл орайда өндірісте қауіпсіздікті артыру үшін цифрлық технологияларды қолдану ескерілді. Биыл желтоқсан айында бұл Ережені ҚР ИДМ бекітетін болады.

Кен өндіру секторында инновациялық өзара іс-қимыл орнату үшін «Кен өндіру 4.0» (өндірістік нысандарда отандық жобаларды тестілеу және трансферті) жобасы іске асырылып жатыр.

Бүгінде бизнесті ынталандыру үшін «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында озық цифрлық технологияларды енгізуде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету Ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді. Негізгі жаңашылдық Индустрия 4.0 технологиясын енгізу бойынша шығындардың орнын толтыруға баса көңіл бөлу болды.

Сонымен қатар жүйе құраушы кәсіпорындарды цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2025 ж. дейін барлығы 140,2 млрд теңге сомасына 14 жобаны іске асыру жоспарланған, оларды жүзеге асыру тиімділігі 2025 ж. дейін 239,8 млрд теңге (ЖҚҚ) деңгейінде болады деп күтіліп отыр. Оның ішінде өткен жылы 3 жоба іске асырылды ( ERG — 2 жоба, «Қазмырыш» —1 жоба).

Жергілікті жерлерде 2025 жылға дейінгі кезеңде іске асырудың түрлі мерзімдерімен өңірлердің цифрландыру жоспарлары әзірленіп жатыр. Ұсынылған ақпараттан цифрландырудың 143 жобасын іске асыру шамаланған (86 кәсіпорын), оның 72 жобасы (49 кәсіпорын) 2018 жылы іске асырылуы тиіс.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында ірі экспортқа бағдарланған отандық кәсіпорындар өздерінің өндіріс орындарында төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын енгізуге кірісті. Мәселен:

  • «Maker» ЖШС (Қарағанды облысы) өндірісті заманауи роботтандырылған жабдықпен және кешенді бағдарламалық қамсыздандырылумен жаңғыртты. Экономикалық әсер — 2018 жылы 8,9 млрд тг және келесі жылы 11,2 млрд тг.

  • «Проммашкомплект» ЖШС (Павлодар облысы) түрлі станоктарға детальдарды орнатумен және қоймаға дайын детальдарды жеткізумен айналысатын роботтандырылған манипуляторларды қолданады. Экономикалық әсер — шығарылатын өнімдер номенклатурасын 2,35 есе ұлғайту, экспорттық өнім көлемін 9,68 есе ұлғайту.

Жалпы, өнеркәсіптің «Индустрия 4.0»-ге көшуін ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар цифрлық технологияларды енгізген ірі және орта кәсіпорындардың үлесін 2022 жылға қарай 11% дейін ұлғайтуға, цифрлық технологиялардың әсерін қоса есептегенде еңбек өнімділігінің 39,8%-ға (2016 жылдан) өсіруге, тау-кен өндірісі секторында шамамен 30 млн тг және өңдеу өнеркәсібінде 48,9% арттыруға (13,9 млн тг) ықпал ететінін атап өткен жөн.

Индустрияландырудың жаңа бағдарламасы: жаңғыртудан қарапайым заттар экономикасына дейін

Осы жылдың 4 желтоқсанында Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының аясында берілген тапсырмаларына сәйкес әзірленген Индустриялық-инновациялық дамудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралып, мақұлданды.

Тұжырымдама «қарапайым заттар экономикасын» дамыту, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, өңдеу өнеркәсібіндегі экспортшыларды қолдау, шетелдік инвестицияларды қоса алғанда, жеке инвестицияларды тарту арқылы ірі, үздік жобаларды іске асыру тәрізді бағыттарды қамтиды. Алайда 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарымен сабақтастық қамтамасыз етіліп, негізгі бастамалар мен қағидалар ескерілген.

ҚР ИДМ ақпаратына сәйкес, Тұжырымдаманың негізгі ережелері мен тәсілдері «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтардың қатысуымен әзірленді. Мәселен, 2018 ж. қазан айында Тұжырымдама жобасы Экономика жөніндегі сарапшылық кеңес отырысында қаралып, толық мақұлданды. Сонымен қатар, Тұжырымдама бойынша негізгі тәсілдер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына таныстырылды.

ҚР ИДМ ақпаратына сәйкес, жалпы индустриялық саясат сабақтастықты қамтамасыз етіп, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталатын болады. Қолданыстағы инфрақұрылымдық және институционалдық негіз барынша пайдаланылады.

Үшінші индустрияландыру бағдарламасының Тұжырымдамасы тәсілдерінің негізіне өңдеу өнеркәсібінің одан әрі сапалы өсімі мен тұрақты бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін негізгі сын-тегеруріндер алынған: негізгі капиталға салынатын инвестициялар ағынының жеткіліксіздігі, кәсіпорындардың сыни массасы құрылмауы, шығарылатын өнімнің «күрделілігінің» төмен болуы.

Индустриялық-инновациялық саясаттың мақсаты – бұл ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру. Осы мақсатқа жету үш міндетті шешу арқылы қамтамасыз етіледі:

  1. Индустрияландыруды тереңдету. Міндет кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға, ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге, кəсіпорындарды өсу нүктелеріне ұтымды орналастыруға және өндіруші кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті пулын құруға бағытталған.

  2. Сыртқы нарықтарда сұранысқа ие болған, өңделген тауарлардың өндіріс көлемін, номенклатурасын және күрделілігін арттыру. Бұл экспорттаушылардың міндеті.

  3. Өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту. Бұл міндет жаңа өндірісті игеруді ынталандыру, трансұлттық компаниялардың және шетелдік инвесторлардың қатысуымен капитал сыйымдылығы жоғары өндірістерді ашу және өңдеу өнеркәсіп орындарына қажетті шикізат беру арқылы шешілетін болады.

Алға қойған міндеттер мен тапсырмаларды орындау үшін ҚР ИДМ индустриалды-инновациялық дамудың 5 бағытын ұсынады.

  1. ЕАЭО аясында сыртқы саудадағы кедергілерді жоюға, Қытай, Орталық және Оңтүстік Азия нарығына шығу, сондай-ақ ішкі нарықты ұтымды қорғауға бағытталған белсенді сауда саясатын жүргізу.

  2. Өсу нүктелерінде мамандандырылған өндірістік факторларды құру. Бар күш жоғары сапалы индустриалды, сандық және сертификатталған инфрақұрылымды, адами капиталды, құзыреттілік орталықтарының дамуына бағытталатын болады.

  3. Шикізатты бөлу мен инвесторлар үшін тартымды жағдай жасауда мемлекеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңа капитал мен ғылым ендірісін құру.

  4. Ішкі және сыртқы нарықтардағы тиімді кәсіпорындарды тікелей қолдау. Тиімділік ішкі және сыртқы нарықтарда тұрақты бәсекелестікке қабілеттілігімен өлшенетін болады.

  5. Үйлестіру процесін дәл баптау арқылы индустриялды-инновациялық қолдау жүйесінің тиімділігін арттыру, индустрияландыру саясатын бақылау және қаржыландыру.

Үшінші индустрияландыру бағдарламасы алдыңғы екі бесжылдықтардан ерекшеленетін болады. Біріншіден, салалық басымдықтан өңдеуші өнеркәсіптің барлық салаларында тиімді өндірушілерді қолдауға мән беріледі. Екіншіден, күш-жігер жаңа өнімдерді дамытуға, қолданыстағы өнімдердің номенклатурасын кеңейтуге бағытталатын болады, оның ішінде халық тұтынатын тауарлар да бар. Үшіншіден, бизнестің нақты нәтижелерге қол жеткізу (жаңғырту, экспорттың өсуі және т.б.) міндеттемесіне айырбас ретінде тікелей қолдау көрсетілетін болады. Төртіншіден, саланы «цифрлық дәуірге» дайындау аясында қажетті инфрақұрылым мен стандарттар құрылады.

Сондай-ақ, теңгерімді даму моделіне негізделген кәсіпорындарды қолдау жұмысы жалғасады. Кәсібін енді бастаған кәсіпорыннан табысты жұмыс істеп жатқандарына дейін дамуының барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау алады. Болашақта кәсіпорындардың үш тобына назар аударылмақ.

Біріншісі «Қуатты тыл» тобы — бұл өндкуші өнеркәсіп кәсіпорындары, олардың арқасында тұтыну тауарларын қоса алғандағы отандық өнімдердің көлемі, ассортименті,артып, болашақ экспорттаушылардың пулы құрылады.

Екінші топ — «Бәсекеге қабілетті өндірушілер». Бұл жұмыс істеп жүрген экспорттаушылар, олардың міндеттері: номенклатураны кеңейту және экспорттық қоржынның күрделілігін арттыру.

Үшінші топ «Ауырлық ортасы» — бұл топта негізгі салалардағы, сондай-ақ трансұлттық компаниялар мен шетелдік инвесторлар қатысатын ірі, капиталды қажет ететін жобалар бар. Олардың есебінен өнекәсіптік жартылай фабрикаттардың жаңа түрлерінің өндірісі игеріліп, қажетті шикізатты берілетін болады.

Үшінші Индустрияландыру бағдарламасының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр. Олардың ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты өсуі 2 есеге, еңбек өнімділігінің нақты өсуі 1,7 есе, өңделген тауарлар экспорты 2,3 есеге, Экономикалық күрделіліктің индексінің 55 орынға дейін көтерілуі, 1000 адамға шаққандағы белсенді кәсіпорындар санының артуы, экономикалық белсенді халық санының 2,3 есеге артуы көзделіп отыр.

Инвестициялар және даму министрлігі Үшінші Индустрияландыру бағдарламасының Тұжырымдамасында айтылған тәсілдер экономикадағы қосылған құнды одан әрі ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейтіп, өндірілген тауар қоржынын күрделендіріп, сыртқы нарықта оның қатысуын кеңейтеді деп санайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530