Мәскеу Минск келісімін орындамай отырғаны үшін санкция ұзартылды деп мәлімдеді Еурокеңес басшысы Дональд Туск. Сонымен бірге еуропалық билік өкілдері Ресей Украина заңдарын бұзып, сепаратистер бақылайтын аумаққа сайлау өткізуді қолдады деп айыптайды.
Еуропалық одақтың Ресейге қарсы санкциясы 2014 жылдан бері ұзартылып келеді. Санкция енгізуге себеп болған - Ресейдің Қырымды басып алып, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсетуі. Шектеуді әрбір жарты жыл сайын ұзартып келеді.
Ресей болса Украина шығысындағы кикілжіңге қатысын теріске шығарып келеді. Ал Қырымды аннексиялауын, "тарихи әділеттілікті орнаттық" деп атайды.
Abai.kz