Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 10026 18 пікір 14 Желтоқсан, 2018 сағат 16:56

Олар қазақ тәуелсіздігіне қарсы болып отыр, Байбек мырза!

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және тұрғын үй мәселелерi бойынша тұрақты комиссиясының отырысында Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімі Алматыдағы шағын аудандар мен көшелердің атауын ауыстыру туралы ұсыныс енгізген еді. Тәуелсіздік алғанымызға 27 болған тұста қазақ жерінің қазақша аталуына қарсы топ кешелі бері әлеуметтік желілер арқылы қарсылық білдіріп, Елбасының "Рухани жаңғыру" идеясын қолдамайтынын аңғартуда. 

Елбасының "Рухани жаңғыру" идеясының түпкі мәні - ұлттың рухани түлеуі. Ұлт рухани тұрғыда жаңару үшін біз қазақ тарихына қызыл қанмен жазылған кеңестік һәм Патшалық Ресей тұсындағы қаңсық атаулардан арылуымыз керек. Тәуелсіз елдің ұстанымына сәйкес жер-су аттарын қоюға тиіспіз.

Мәселен, бір ғана мысал келтірсек. Алматы әкімдігі Николай Бутаковтың атындағы шатқалды "Мұзтау" деп ауыстырғалы жатыр. Бұл бастаманы исі қазақ қолдайды. Себебі, Николай  1860 жылдары қылыш ұстап қазаққа қарсы шапқан, Кене ханның ұрпақтарына оқ атқан казак жүздігінің сардары.

Оған дәлел ретінде журналист Серік Әбікенұлының мына дерегін назарларыңызға ұсынамыз.

Ұлтымызды қырғынға ұшыратқан осындай қарақшының атын түрлі сылтаулармен сақтап қалғысы келетін топтың көздегені не? Олар осы Бутаков, Колпаковскийлердің жоқшылары ма?

Олар қаржыны һәм басқа жайларды сылтауратып, Елбасының саясатына қарсы келіп отырған жоқ па?

Біздің ойымызша, тәуелсіз қазақ елінде тұрып,  "Ремизовка", "Дорожник", "Первомайский", "Тепличный", т.б секілді не мәні, не мағынасы жоқ атауларды қолдаушылардан ығып, игі бастамадан бас тартуға болмайды.

Алматы қаласына Бауыржан Байбек әкім болып келгелі талай игілікті істертер жүзеге асты. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімі ұсынған осы бір екі жүздей атау өзгерсе, тағы да жас әкімнің іскерлігі соқырға таяқ ұстатқандай айшықталар еді деп ойлаймыз. Сондықтан да, бар қазақты Алматыдағы жер-су, көше аттарын қазақыландыру бастамасын қолдауға шақырамыз!

Елеу Қалабайұлы

Abai.kz

 

 

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371