Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жағымды жаңалық 4111 0 пікір 21 Желтоқсан, 2018 сағат 16:33

Қуат тарифінің шекті шамасы төмендетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген электр энергиясын өндірудегі тарифтердің объективті деңгейі» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Елбасының тапсырмасына сәйкес Энергетика министрлігі электр энергиясын өндіру тарифінің объективті деңгейін белгілеу бойынша жұмыстар атқарды.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда «электр қуатының нарығы» жұмыс істейтін болады. Электр энергиясының құны қуат тарифі және электр энергиясының тарифі болып бөлінетін болады. Бөлшек тұтынушылар (халық) үшін электр энергиясына төлем жүйесі өзгеріссіз қалады, яғни төлем, қазіргі уақыттағыдай, тұтынған электр энергиясын есептейтін аспаптар бойынша жүргізіледі.

Министрлік электр қуатының нарығын енгізу шеңберінде электр энергиясының тарифін екі компоненттің (электр энергиясының және қуаттың құны) қосындысы бойынша төмендету мақсатында ауқымды жұмыс атқарды.

Бірінші кезеңде нормативтік-құқықтық база сәйкестікке келтірілді.

Министрлік «Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларына» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 458 бұйрығы) өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер:

- энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастыру өлшемшарттарын түзету;

- электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті есептеу формуласын өзгерту;

- электр энергиясының шекті тарифтерін қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындарды нақты регламенттеу үшін жасалған.

Энергетика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы №464 бұйрығымен бұрын бекітілген қуат тарифінің шекті шамасы өзгертілді (1 МВт үшін 700-ден 590 мың. теңгеге дейін төмендетілді).

Қуат тарифі төмендетілген кезде Қазақстанда бірінші рет электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді. Сауда-саттықтың нәтижесі бойынша қуат бағасы шекті деңгейден 9%-ға төмендеді.

Нормативтік базаның өзгерістеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы  № 476 бұйрығымен энергия өндіруші ұйымдардың топтары бекітілді, онда әр энергия өндіруші ұйым бөлек топқа анықталған. Аталған шаралар жекелеген электр энергиясын өндірушілер үшін жоғары тариф орнату мүмкіндігін жояды.

Министрлік электр энергиясының құнын төмендету мақсатында электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындарды талдау бойынша жұмыстар жүзеге асырды, электр энергиясын сататын барлық энергия өндіруші ұйымдар тыңдалды және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып энергетикалық кәсіпорындарға бару арқылы жекелеген энергия өндіруші ұйымдарда тексерістер жүргізді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижелері Президент Әкімшілігінің, Бас Прокуратураның, мемлекеттік органдардың және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысатын жұмыс тобының қарауына енгізілді.

Отырыс барысында Энергетика министрлігінің тәсілі тұжырымдамалы қолдау тапты.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде а.ж. 14 желтоқсанда «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрық қабылданды.

Энергетика министрлігі Елбасының а.ж. 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындады.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969