Сенбі, 23 Қараша 2024
2927 0 пікір 8 Желтоқсан, 2018 сағат 14:44

Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңгеден астам жарна түсті

Қараша айында Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңгеден астам жарна түсті. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қарашасына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 122,47 млрд теңгеге жеткен.

Оның 113,83 млрд теңгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,64 млрд теңге (7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта бұл қаржы МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Айта кетейік, Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдағанда 50-ден астам елдің тәжірибесі қаралып, ескерілген. Бүгінде бүкіл әлемде денсаулық сақтаудың үш ірі  қаржыландыру моделі қолданылуда: бюджеттік, сақтандыру және аралас бюджеттік модель.

Бұл модельдер Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдерде бар. Қоғамдық әлеуметтік сақтандыру Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропа елдерінде барлығы 30 елде жұмыс жасайды және жеке сақтандыру Америка Құрама Штаттарында бар. Алайда, көптеген елдер «бюджеттік» және «сақтандыру» моделдері өз тиімділігін дәлелдегендіктен соларға жүгінеді. Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады.

Бұл қамтамасыз етеді:

- денсаулық сақтаудың қаржылық тұрақтылығын;

- медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділік жоғары деңгейін;

- денсаулық сақтау пакетін;

Қазақстанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес үлес ставкасының мөлшері - жұмыс берушілер 2020 жылдан бастап 5% мөлшерінде, қызметкерлер - 2% болған. Германияда жұмыс берушінің салымдары - 8,2%, жұмысшылардың 7,3%  құрайды. Тиісінше Словакияда 10% және 4%, Литвада 3% және 6% болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371