Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Саңлақ 4969 0 пікір 25 Желтоқсан, 2018 сағат 11:41

Өзбекстандық атақты ауыр атлет допинг үшін жарыстан шеттетілді

Өзбекстан тарихында ауыр атлетикадан бірінші әлем чемпионы, "Өзбекстан мақтанышы" Руслан Нуриддинов допинг үшін, уақытша жарыстардан шеттетілді.

Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы (IWF) 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада кезінде Руслан Нуриддиновтан алынған допинг-сынамадан оң нәтиже шыққанын мәлімдеді.

Руслан Нуриддинов Лондонда 105 келі салмақ бойынша 4-орын алған. Ол - Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада чемпионы әрі 2013 жылы Әлем чемпионатының алтын жүлде иегері.

Нуриддинов 2013 жылы Польшада өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Өзбекстан тарихында бірінші рет жеңімпаз атанған. Осыдан кейін оған "Узбекистон ифтихори" ("Өзбекстан мақтанышы") деген атақ берген.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2008 және 2012 жылы ойындарға қатысқан спортшыларды қайта тексеруден кейін, екі өзбек спортшысын медалінен айырған болатын. Олар - еркін күрес стилі бойынша күміс медаль алған Сослан Тигиев пен алтын медаль иегері Артур Таймазов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969