Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3806 0 пікір 26 Желтоқсан, 2018 сағат 10:19

Қазақстан көршілес Қырғызстан кеденіне бірлескен бақылау енгізуді сұрады

Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры сарапшыларының пікірінше, Қырғызстанның кеден бекеттеріне ЕАЭО елдері берлескен бақылау енгізуі керек.

Қазақстан үкімет басшысына жазған хатында олар ЕАЭО елдерінің кеден алымында 2020 жылға дейін Қырғызстан үлесі 1,9 пайыз екенін атап өткен. Шын мәнінде Қазақстан, Ресей және Беларусь кеден төлемдері есебімен Қырғызстан бюджетіне демеушілік жасап отыр деп есептейді сарапшылар.

"Дегенмен, Қырғызстан Қытай мен Түркиядан әкелінетін ауқымды контрабанда арқылы кеден төлемдерінің бір бөлігін жасырып отыр. ДСҰ сауда статистикасына сараптама алымдар алшақтығы 3-4 есе екенін көрсетті. Соның салдарынан жалпы кеден алымына салмақ түсіп, ЕАЭО елдеріне, әсіресе Қазақстанға соққы боп тиеді. Астана 2017 жылы бұл мәселені Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев алдында көтерген" делінген үндеуде.

"Транспаренси Қазақстан" сайтында қор "Транспаренси Интернэшнл" халықаралық ұйымының ұлттық бөлімі екені айтылған. Ұйым үкімет пен қоғамдағы ашықтықты қамтамасыз етуге, жемқорлық деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Бұған дейін қырғызстандықтар Кеден қызметін ең жемқор мемлекеттік орган деп атаған.

Қырғызстан билігі көрсеткіштердегі алшақтықты есептеу әдісінің әрқилығымен түсіндірген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969