Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3278 0 пікір 5 Мамыр, 2011 сағат 03:40

Қаламға серт!

Қазақтың тағдыры қаламның ұшында. Қай заманда да. Қаламға берген серттен сынық сүйем таймағандар қара орман қазақтың қараша талайына араша түсіп, Алаштың мұңын алтын басынан артық көргендіктен де арда ғұмыр кешіпті. Ақжал толқын атқан заманның ағысымен сырғанамай, «жарты жаңқасы қалғанша» Алашқа қызмет еткен, сөзі мірдің оғындай Міржақыптардың  қаламы да қолынан сусып түскенше қазақтың сөзін сөйлеп өтті. Серті сетінемеді. Қазақ ойы қаламмен серттескен Абай заманынан бері антқа адалдығынан айнымай, түлейді түнде тінткен жолбарыстай,  қылша шатқал, тар кезеңге тап болса да табандылығынан таймаған,  сертті қаламға ғұмырын байлаған азаматтар бар. Серт иесі - Серғазы Мұхтарбек (суретте).

Дүние - көкше мұз.  «Боқтың қабын көтерген» бозымбайлар  «өмір сүру керек» деген ұранмен  дүние-мұздың үстінде  шаттан кетіп шатқаяқтап  жүр. Бірақ,  ырғасқан, арбасқан, тайталасқан, үрейлендірген жылдар біздің Серағамызды сертінен сырғыта алмады. Осы бір серттей болмысы Серғазы мырзаны қалам ұстағандар ішінде құрметін асырып, бас идіргеніне ат төбеліндей ақ тілеулі алқалы орта куә.

Айналасына айшуақты адамдығы мен ірі қалыптағы азаматтығымен аса зор  мәртебеге лайық дегдар  Серағаң ердің жасы елумен төс қағыстырыпты. Елуге әкелген қара жолдың әр жерінде түйіншекті сырлар мен түйілген ойлар жатыр. Ең бастысы - Серағаң өткеніне тура қарайды. Демек, болашақтың алдында жүзі жарқын.

Елуге елу қосу біздің құзырымызда болса, аямас едік. Десек те, Тәңірі қаламға сертке адал жанды екі дүниеде алқайды. Өйткені, сөз бен қаламға серт  - Тәңірі антының жерге жеткен сәулесі.

Біз, «Абай-ақпараттық» порталының ұжымы аса аяулы Серағаңды - Республикалық қоғамдық-саяси «Қазақстан» апталығының бас редакторы Серғазы Мұхтарбек ағамызды,  елу жасқа толған мерейлі тойымен  құттықтаймыз!  Шаңырағыңыз ұлттың іргетасына айналар әулет болсын, жаныңыздың тұтасы -  Алашыңыз Сіздің қаламыңыздан ұшқан үмітті заманға уһілемей жетсін, дәл өзіңіздей уәдеге берік айнымас ақжүрек айналаңыз ортаймасын деп тілек етеміз.

Құрметпен, «Аbai.kz» ақпараттық порталының ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347