«Жасыл көпір» бастамасы Қазақстан үшін экологиялық таза технологиялардың көпірі істепттес болмақ - Нұрғали Әшім
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде «Жасыл көпір» атты Астана бастамасын іске асыру жөніндегі әріптестік бағдарламаны талқылауға арналған жиын өтті.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім атап көрсеткендей, «Жасыл көпір» атты Астана бастамасының негізгі мақсаты - Қазақстандағы өндірістік салаға қатаң экологиялық талаптарды енгізіп, отандық экономиканы «жасыл» экологияның халықаралық негіздеріне сәйкестендіру. «Жасыл көпір» бастамасы Қазақстан үшін экологиялық таза технологиялардың көпірі іспеттес болмақ. Ол арқылы біз өндірістік ошақтарға қойылатын талаптарды күшейтіп, ел экологиясына шығарылатын зиянды қалдықтарды айтарлықтай азайта аламыз. Жалпы, бүгінгі таңда «Жасыл көпір» атты Астана бастамасын Азия мен Тынық мұхит елдері толығымен қолдап отыр. Ендігі мақсатымыз - 2011 жылы қыркүйек айында өтетін «Еуропа үшін қоршаған орта» тақырыбындағы министрлер конференциясында осы құжатты қабылдау», - дейді Н.Әшім.