Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
5359 1 пікір 4 Қаңтар, 2019 сағат 09:08

«Отбасы - жанұя жарасымы» жобасы аясында семинар-тренингтер өтті

Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Space solutions» ЖШС компаниясының  ұйымдастыруымен жоғары және орта оқу орындары студенттер арасында «Отбасы - жанұя жарасымы» жобасы аясында семинар-тренингтер өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Аталмыш іс-шараға «ABRIS» тренинг орталығының директоры Мергенбай Ақан, «Ресурстық инклюзивті білім беру және психологиялық көмек беру» орталығының жетекшісі, арт-терапевт, тәжірбиелі психолог Айтжанова Гульнара, «Студенттерге психологиялық көмек көрсету» орталығының  бас маманы Барова Айзат және ЖОО студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты білікті мамандардың өз тәжірбиелерімен бөлісе отырып жастар арасында отбасылық құндылықтарын насихаттау, жар таңдау мәселесінде ақыл-кеңес беру, ажырасу секілді қоғам кеселінің алдын алу.

«Бүгінгі өткен семинар-тренингте отбасы мүшелерінің рөлі жайлы пайдалы кеңестер ала отырып, болашақта қыз балаға тұрмысқа шығар алдында «Әйел. Келін. Ана» деп аталатын маңызды схемаға дайын болу керектігін түсіндім. Мұндай семинар-тренингтер жиі өтетін болса біз секілді әрбір жас жауапкершілігі мол тұрмыстық өмірге қадам басар алдында көптеген қажетті ақпараттардан хабардар болар еді» , - деді семинар-тренинг қатысушысы Айгерім Ақжол.

«Ресурстық инклюзивті білім беру және психологиялық көмек беру» орталығының жетекшісі, арт-терапевт, тәжірбиелі психолог Айтжанова Гульнара отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жайлы, үлкен, орта және кіші баланың психологиясы, олардың жеке атқаратын рөлінің маңыздылығын түсіндірсе, «ABRIS» тренинг орталығының директоры Мергенбай Ақан жас отбасыларға не себепті ажырасу қаупі төнетіндігі және сол кемшіліктедің қалай алдын алуға болатыны жөнінде айтып өтті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970