Бейсенбі, 21 Наурыз 2019
1634 2 пікір 7 Қаңтар, 2019 сағат 10:16

Жыл кітабы анықталды

Жыл сайынғы «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясының қорытындысы жарияланды.

2018 жыл соңына қарай 2019 жылдың «Бір ел – бір кітап» акциясын анықтауға дауыс беру әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Аталмыш жобаны қорытындылау мақсатында облыстық, қалалық, жоғары оқу орындарының кітапхана басшылары мен қызметкерлері және оқырмандарының қалауымен «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясының» қорытындысы бойынша жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқу таңдап алынды. Сондай-ақ, акцияның шешімі республикалық акция комитеті мүшелерінің және өңірлерден келген кітапханалар басшыларының қатысуымен қабылданды.

Сондай-ақ, осы акция барысында «Үздік кітапханашы - 2018» және «Үздік кітапхана басшысы - 2018» номинациялар бойынша жүлдегерлер мен үздік оқырмандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

ҚР Ұлттық академиялық
кітапхананың баспасөз қызметі

Abai.kz

2 пікір