Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Анық-қанығы 8000 28 пікір 7 Қаңтар, 2019 сағат 11:29

Қазақты "алқаған албасты"...

Бүгінгі кейбір үлкен-кіші газеттерімізді шолып отырсаң, «орыстың ұлы демократы», «орыс әдебиетінің классигі» Солженицынды сағынып жүрген қазекемдер барын көресің. Былтырлар: Тараз қаласынан бір мұғалім Саша көкесінің «қазақ жерінде он жыл болғанын мақтан етемін!» (он емес, екі жарым жыл болды), «ол біздің Жамбыл облысының Көктерек ауылында жүргенінде көпшіліктің құрметтісі болыпты» десе, Астана қаласынан бір журналшы «орыс ойшылы Александр Исаевичін» тілі жеткенінше әспеттеді, алматылық үштілді жазушы-аудармашы қазақтың көкірек көзін ашу үшін оның кітаптарын «қазақ тілінде міндетті  түрде шығару керектігін» жұлқына жазды, бір доцент...

«Бір... бір.. бір...» - білмейтінін «білем!» деуші бұлардың аты-жөндерін атауды обалсындым. Оқырманға менсіз де мәлім шығар. Алайда бұл жазғыштарға, оларға сеніп жүргендерге «көкелерінің» кім болғанын қысқаша ескерту қажет деп түйдім.

Біз оның ныспысын алғаш қашан естідік? «Ресейді қайтсек көгертеміз» деген мақаласымағы одақтық газетке шығып, республикалық газеттер сол тұстағы дәстүр бойынша аударып басқанда. «Орыстың ұлы тарихшысы» Александр Исаевичтің (шындығында Исааевичтің) ондағы бір «ғажап жаңалығын» түпнұсқасынан келтірейін (көбіңіз білсеңіздер де):

«О Казахстане. Сегодняшняя огромная его территория нарезана была коммунистами без разума, как попадя: если где кочевые стада раз в год проходят,  - то и Казахстан. Да ведь в те годы считалось: это совсем неважно, где границы проводить, - ещё немножко, вот-вот, и все нации сольются в   одну. Проницательный Ильич-первый называл вопрос границ «даже десятистепенным»...  Да, до 1936 года Казахстан ещё считался автономной  республикой  в  РСФСР, потом возвели его в  союзную. А составлен-то он - из южной Сибири, южного Приуралья да пустынных центральных просторов, с тех пор преображенных и восстроенных - русскими, зеками да ссыльными народами. И сегодня во всем раздутом Казахстане   казахов -  заметно  меньше  половины. Их сплотка, их устойчивая отечественная часть  -  это большая южная дуга областей, охватывающая с  крайнего востока на  запад почти до Каспия, действительно населенная преимущественно казахами. И коли  в этом    охвате  они  захотят   отделиться  -  то  и  с  Богом».

«Данышпанның»:  «... то с Богом» деп мұрнын шүйіргенін қайтерсің!

Ғұлама бабамыз Махмұд Қашқаридың «Әлемнің домалақ картасы»  атты еңбегі бар. Онда Көне Шығыстың шекарасы, қала, дала, жер-су аттары анық көрсетілген. Сол дәуірде қазақ жерін аралаған шетелдік жағрафияшы-саяхатшылардың да карталарында жазулы. Ал тарихты тіміскілеген мынау ресейлік  «ғұлама»  оларды «білмепті».

Ол: «...называл вопрос границ «даже десятистепенным» деп әжуалай қағытқан В. Лениннің қазақ жерінің шекарасын қазақтар ұсынған қалпында бекітіп бергенінен де хабар-ошарсыз «болыпты».

Көктерек ауданының С.Киров атындағы мектебінде, кейінде өзі жазғандай: «алғашқы жабайы адамдарға ұқсастардың ұрпағына білім сәулесін шашып», қазақтың жомарттығымен алаңсыз жан сақтаған «Саша ағай» соны «тамағын ішіп, табағын теуіп кетумен ақтады».

...1942-жылы майданға шақырылған радиобайланысшы Солженицын 1945-жылы 25-шілдеде тұтқындалды. Не үшін? Меніңше: соғыс Кеңес Одағының жеңісімен аяқталуға жақын, ендеше сақтану керек, оқыста оққа ұшуың мүмкін деген «ойшыл» капитан мектепте кластасы болған Николай Виткевичке «Сталиннің соғыс мәселесіндегі кейбір қателіктері» туралы хат жазған. Майдандағылардың хаттарын оқитын арнаулы құпия бөлім барын ол білмеді емес, білді, бірақ оқыс өлімнен сол хаты арқылы аман қалуды жобалаған. Сөйтіп, өміріне ешқандай қауіп-қатер төнбейтін түрмеге қамалды, тергелді, сотталды. 8 жылға. Ал оның хатын алған «досы» Виткевич 10 жылға кете барды. Арадағы айырма 2 жылды «көзі ашық майдангер» қай еңбегі   үшін «үнемдей алды»? Әу баста-ақ Ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) «Ветров» ныспылы құпия қызметшісі (сексот) болғаны үшін. Сол қызметінің арқасында 8 жылды өтеуі де елден ерек. Онымен Екібастұз лагерінде бірге болған Семен Бадаш оған 2003-жылы жолдаған ашық хатында лагерьлесінің сол жылдары туралы жазған кітаптарының өзегі – шірік, өтірік екенін; оның қара жұмысқа жоламағанын; қыста далаға шығып көрмегенін, ал шықпасқа болмаған кезде лагерь ауруханасына жата қалатынын;  қатерлі ісік отасының қитұрқылық екенін;  Ішкі істер бөлімінің өкілімен әмпей болып жүргенін; өзінен өзгені кембағал дейтінін; өзіне сол жылдары жақсылық жасағандарды кейін, «атақты жазушы» болған кезінде, танымай қойғанын, қысқасы: «досы Солженицын-Ветровтың» ұяттан жұрдай сайқалдығын санап-санап айтып беріпті. Ал Н.Виткевичтің ұлы А.Виткевичтің әкесімен ешқашан дос болмаған жалақордың атын естуден жиіркенетінін айтқаны бар.

Бір жыл анда, екі жыл мұнда дегендей, Көктерекке дейін 5 лагерьде мұғалім, есепші, бригадир, т.б. болған «Ветровтың» лагерьлердің бірі – Морфинода қандай  «қорлық-зорлық» көргенін өзінің  күнделігінен оқылық:

«...Четыреста граммов белого хлеба (черный лежит на столах по потребности). Сорок граммов масла для профессоров и двадцать для инженеров... Общежитие: полукруглая комната с высоким сводчатым потолком, в ней много воздуха, двухэтажные кровати. На прикроватной тумбочке - настольная лампа. До 12 часов читал. А в пять минут первого надевал наушники, гасил свет и слушал ночной концерт... Письменный стол, рядом окно, открытое круглые сутки. Радиопроводка прямо у рабочего    места. У стола розетки для включения удобной настольной лампы, собственной электрической плитки, пользоваться которой можно неограниченно. Переносная лампа для освещения  книжных  полок...  По радио  в годы, проведённые  в «шарашке», с удовольствием прослушал 2-ю часть 2-го концерта Шопена, «Думку» Чайковского, «Вальпургиеву ночь», цикл Рахманиновских  симфоний... Неплохая библиотека. Кроме того, можно получить всё желаемое  по заказу из Ленинской библиотеки, можно получить любую книгу из обширных фондов советских научных и университетских библиотек. Что касается художественной литературы, то читал  я  «с жестким выбором», только очень больших мастеров: «Войну и мир», ещё Достоевский,  А. К. Толстой, Тютчев, Фет, Майков, Полонский, Блок, Анатоль Франс... Третий том словаря Даля в его личном владении... Со временем обитателям «шарашки» начинают по воскресеньям демонстрировать кинокартины, первый фильм «Сказание о земле  Сибирской» просмотрел  2 сеанса  подряд».

Осылайша «қажып-қалжырап, сорлап жүрген» ол 1950-жылы Екібастұз маңындағы «Дала лагеріне» жіберіліп, бригадир болып жүріп, қатерлі ісікке (ракқа) «ұшырайды» да, оған лагерь ауруханасында ота жасалады. 1953-жылы  Көктеректе сол пәлекетке тағыда «тап болып», Ташкентке барып, екінші рет ота жасатып, сауығып келеді. Қал-л-лай екен?!. Ол жылдары адамды қатерлі ісіктен арашалап қалу дүние жүзінің медициансында болған жоқ. Әсіресе, екі отасының біріншісі дөй даладағы тұтқындар лагерінің ауруханасында жасалғанды!

Оның сотталу, 8 жылын өтеу жолдарында қулық-сұмдық-«қасиетінің» тағыда нендей түрлері болғанын кім білсін, ал сайқалдық-сатқындығынан, мысалы, маған белгілісі:

1. Егер Солженицынға өмірінде бір кісі жақсылық жасаған болса, ол – «Новый мир» журналының Бас редакторы, әйгілі ақын Александр Трифонович Твардовский. «Жазықсыз жапа шеккенін» айта келген бейтаныс біреудің қолжазбасын оқып шығып, содан соң онымен Хрущевтың танысуын дұрыс көріп қана қоймай («жүгерішіл көсемнің» совет баспасөзіне Сталинді «әшкерелейтін» материалды көптеп жариялауды тапсырғаны кейінде мәлім болды), авторын ертіп апарып таныстырып, үлкен әдебиетке жол ашып берді (сол әредікте ақын Евгений Евтушенко (Гангнус): «Кремльде ХХ-ғасырдың екі Қаһарманы: Никита Сергеевич Хрущев пен Александр Исаевич Солженицын кездесті!» деп санын шапалақтады). Сөйтіп, Твардовский «Қаһарманның» саяси  қаңқасы бар  әңгіме-хикаяларын журналына  басты. Сол қамқорлығы үшін, әлбетте, жаңа авторы оған: «Сізді жанындай жақсы көруші...  Сізге шексіз  риза Солженицыныңыз» деп хат жолдап  тұрды. Алайда, Лениндік силықтан қағылғаннан кейін, оның «Еменмен сүзіскен баспақ» хикаясын талдап оқыған сыншы  А. Федоров  жазғандай, ол КСРО Жазушылар одағының, әдеби гәзет-журнал мен баспалардың басшыларын іске алғысыз  етіп екілене жамандаған. «Сол  тобырдың  ішінде  дені  дұрыстау  біреу  ғана  болды, Твардовский  деген, бірақ ол да өле  ішетін  маскүнем еді» депті.

Хрущев  баспасөзде Сталинге іш тартқан ештеңе жазылмауын  талап  етсе де, кейініректе А. Твардовский  «Бір қиырдан - бір қиыр» дастанында   сталиндік дәуір туралы жылы лебіз білдірді де, сол үшін  қудаланып, орнынан алынды. Соны естігенде бұрын оған табынып жүрген Исааевич енді шабынып: «Қабілетсіз қызметшілдің орнынан түскені трагедия емес, бұрынғы  рахатына сай өмір сүріп, зейнетақысын алып жүре береді» деп  шыға келді. Ал Твардовскийдің қайтыс болғанын естігенде, есесі кеткендей кіжініп: «ол КГБ-ның мені тұншықтыруына көмектескен!» деп көйітіпті.

Сайқалдық-сатқындық  па? Әрине!

2. Есепке жүйрік «математик» Солженицын Твардовскийдің етегінен ұстап жүрген күндерінің бірінде Вешенская станицасындағы Михаил Александрович Шолоховқа былай деп хат жіберіпті: «Аса құрметті Михаил Александрович! Маған мүлде тосын болған 17-желтоқсандағы сәттер (Твардовскийдің кабинетінде жолыққан, - Ғ.Қ.) және соның алдында ғана Никита Сергеевичке  апарып таныстырғандары мені қатты толқытып, Сізге - мәңгілік «Тынық Донның» авторына - өзімнің шынайы құрметтеу сезімімді білдіруіме бөгет болды.    Сіздің еңбегіңіздің жемісті бола беруіне, ең  бастысы:  денсаулығыңыз  мықты болуына мен жан-тәніммен тілектеспін!  Сіздің  А. Солженицыныңыз».

Арада бірнеше жыл өтті. М.Шолохов бақилық болды. Париждің «Имка- Пресс» баспасынан И.Медведева-Томашевскаяның «Стремя «Тихого Дона» (Загадка романа)» деген кітабы шықты. Онда «Тынық Донды» Шолоховтың  жазбағаны, басқадан  ұрлап  алғаны, романның шын  авторы  Федор Дмитриевич Крючков екені «дәлелденген». Ол кітаптың жарық көруіне   жаныға  кіріскен, аласұра алғысөз жазған... – Солженицын! Ол ол ма, өзінің «Қызыл доңғалақ» романында: «...Поэма в прозе, и названьем, наверное, самым простым - «Тихий Дон», потому что черезо все растекаются - Дон, да кормящие запахи любушки-земли. Да первая часть и готова, но Федя по робости не осмеливается предложить публике: ведь еще что из того выйдет?..»  депті  (А. Флегон. «Солженицын  пророк?!.).

Сайқалдық-сатқындық  па? Әрине!

Михаил Александровичтің аруағына жұдырық түйген Исааевич, сірә, «Шолоховты әдебиеттегі  ұры етіп атын өшірсем,  оның орнын мен баспағанда кім басады?!» деп  есекдәмелі болса керек. Ол арамзаның және оның сыбайлас сұрқылтайлар тобының сорына қарай, мұрағаттан романның  шолоховтық  толық  қолжазбасы  табылды!

3. Екібастұз мұрағатындағы бір құжаттың түпнұсқасынан үзінді:

«Сов.секретно.

Донесение  от 20/1 -52 г.

В свое время мне удалось, по вашему заданию, сблизиться с Иваном Мегелем. Сегодня утром Мегель встретил меня у пошивочной мастерской и полузагадочно сказал: «Ну, все, скоро сбудутся пророчества гимна, «кто был ничем, тот станет всем!». Из дальнейшего разговора с Мегелем выяснилось, что 22 января з/к Малкуш, Коверченко и Романович собираются поднять восстание... Затем Мегель рассказал, что 3 и 4 группы должны блокировать проходную и ворота и отключить запасной электродвижок в зоне.

Ранее я уже сообщал, что бывший полковник польской армии Кензирский и военлет Тищенко сумели достать географическую карту Казахстана, расписание движения пассажирских самолетов и собирают деньги. Теперь я окончательно убежден в том, что они раньше знали о готовящемся восстании и, по-видимому, хотят использовать его для побега. Это предположение подтверждается и словами Мегеля: «...а полячишка-то, вроде  умнее  всех  хочет быть, ну, посмотрим!».

Еще раз напоминаю в отношении моей просьбы обезопасить меня           от расправы уголовников, которые в последнее время донимают подозрительными  расспросами.  Ветров. 20.1.52».

На донесении отчетливо видны служебные пометки. В левом верхнем углу: «Доложено в ГУЛАГ МВД СССР. Усилить наряды охраны автоматчиками. Нач. отдела режима и оперработы Стожаров».

Следствием доноса стал расстрел группы заключенных 22 января 1952 г., после которого «Ветров», он же Солженицын, был упрятан в лагерный лазарет, а затем переведен в другой лагерь (О. Давыдов, «Демон Солженицына»).

Солженицынды сағынып жүргендердің көзірі – «Архипелаг ГУЛАГ». Роман. Ол жайында АҚШ-тың Кеңес Одағындағы елшісі болған Джейкоб Бим естеліктерінде былай депті:

«Бірде сақалы сапсиған әлдекім бізге жұқа қағазға мәшіңкемен басылған қобыраған жазбаларды алып келді. Онысының не екенін, кімге керегін түсіне алмай аңырдық. Сонсоң шолып отырсам, тұтқындар лагерьлерінде айтыла беретін алыпқашты өсек-аяңдар. Дерек болар бірде- бір  цифр жоқ. Ойландым да, ол көди-сөдиді Орталық барлау басқармамызға тапсырдым. Ондағы мамандарымыз оны іске жаратуға көп тер төкті. Сөйтіп, «Архипелаг ГУЛАГ» деп аталған шытырманды шығарма пайда болды. Барлау басқармамыздың қаржысына шығарылды. Басқарма жұмсаған қаржысының өтеміне кітап алды да, қалған таралымы баспаны пайдаға кенелтті. Барлау басқармамыз ол кітапты шет елдерге келіп-кетіп жүретін советтік туристерге, артистерге, дипломаттарға тегін таратты».

Кеңес Одағына, социалистік елдерге қарсы пиғылды әңгімелері, «В круге первом», «Красное колесо», «Раковый корпус» романдары АҚШ-та көп таралыммен басылған, бірнеше тілге аударылған, сол үшін 1970-жылы Нобель силығы алып берілген Солженицынның енді «Архипелаг ГУЛАГ» романы (ол жазбаса да) 1973-жылы АҚШ-та шығып, идеологиялық бомба болып,  әдейілеп шексіз дәріптеу басталды. Ал совет әдебиетінің американдық «классигі өзінің  романының қолжазбасын» оқымапты да. Оған В.Бушиннің «Александр Солженицын. Бірінші түкірген кемеңгер» деген кітабы дәлел (автор «ұлы ойшылдың»: «Керек сәтінде бірінші боп тез түкіре біл. Түкіріктен тазалана қою қиын» деген «нақылын» меңзеген).  Романнан алынған екі  үзінді мынаны айтады:  «3-4 мың кісіге арналған түрмеде 40  мың кісі,  20  кісілік камерасында 323 кісі отырды»!  «Автор» түгендеген түрмелердің санын, оларда қамаулы кісілердің санын орта есеппен шығарғанда, мысалы, пойыздың төрткісілік купесінде 80 адам отырған болады екен! Егер Солженицын өзін қолжаулық ете мазақтаған қолжазбаны оқыған болса,    есуас та сенбес мынау цифрлардан шошуы мүмкін еді. Иә, егер түйсігі болса.

Сайқал-сұғанақ «ғұламаның» шығармаларын орыс және өзге ұлт әдебиеттерінің көрнекті өкілдерінің бәрі дерлік оң бағалаған жоқ. Мәселен: Ю.Бондарев, С.Михалков, К.Симонов, Р.Ғамзатов, М.Шагинян, Ш.Айтматов, М.Шаломов және басқалар.

Орыс әдебиетінің көрнекті жазушысы Ю.Бондаревтің пікірінен: «...оның жазбаларында орыс халқын жалпылап жамандау барын айтуым керек. Славяндыққа өшпенділігі неліктен? Онысына жауап іздегенімде немістердің «Ост» жоспарындағы сұрқиялық сөйлемдер есіме түсті...    Сондай-ақ, ол ХХ-ғасырдың аса көрнекті жазушысы Иван Бунинді шет елге кеткені және өмірден орыс қалпында өткені үшін, сыпайылап айтсам, -   жауыға жазғырды».

Қарт қаламгер Р.Гуль: «Не скрою, что язык Солженицына заставил меня скорбеть... неуместный диалектизм, непрятный вульгаризм... мучительны и раздражительны читателю эти слововыдумки и словозагадки с выкрутасами», деген болса, әдебиетші-тарихшы Н.Ульянов: «Произведения Солженицына не написаны одним пером. Они носят на себе следы трудов многих лиц  разного писательского вкуса и склада, разных интелектуальных уровней и разных специальностей» деген автор лагерь жатақханасында саяси тұтқын емес, қадірлі мейманша жалғыз, еркін жатқан (өзі баяндағандай) айларында оның тағыда немен шұғылданғанын  аңғартқан.

Исааевичтің «шығармашылық талантын» көрнекті жазушы емес, көрнекті әскери адам – Маршал В.Чуйков та анық байқап, 1974-жылы оған былай деп жазыпты:

«...бүкіл әлем халықтары аса зор шайқасқа көз тігіп: гитлершілдер жер жүзін шынында жаулап алып, билеп-төстер ме екен, әлде тосқауылға тіреліп, тауы шағылар ма екен деп өрепкігенін, сіз және сізді жетектегендер, ұмытқаннан саусыздар ма?!. Сіз, Солженицын, дүние жүзі, прогресшіл адамзат қошеметтеген майдангерлеріміз туралы өсек-өтірікті қаулатып, зымияндана тіл тигіздіңіз».

Зымияндығы шексіз болған Солженицын Франконың фашистік билігін қолдай Испанияға барғанында: «Сталиндік социализм 110 миллион адамымызды құртты!» деп, сол жылдары 168 миллион халқы бар Кеңес Одағының түтінін өшіре жаздаған.

Ойына келгенді ойланбай оқыранып айтып, жалаулатып жазып, көпке топырақ шашып тойтаңдай бастаған сумақай Солженицынның КСРО азаматтығынан аласталып, елден қуылғаны, Американың Вермонтында тұрғаны, «классиктігі»  сонда басталғаны белгілі. Ал Кеңес өкіметі құлатылып, СОКП ыдыратылғаннан кейін  Ресейдің президенті Б. Ельцин АҚШ-та тұратын Солженицынды елге шақырып алып, ерекше құрмет көрсетті. Саяжай беріп, орденмен марапаттады, бірақ ағасы орденді алмады. Себебі ол «КСРО  көсемдеріне»  деп  хат  жазып: - Бүгінгі  үкімет, шіркеу, - бәрі де кешегі кеңестік жүйеге жол бергендері үшін халықтан кешірім  сұрасын! - деп  қисынсыз қиғылық салды да, ельциндер  далбасасына  мән бермеген соң  өзінше қыр  көрсетіп, орденді алмай қойды. Билікке  наразылар: «Міне,   батыр!  Міне, ұлы  жазушы!» деп шашбаулап, оның шығармаларын жер-көкке сиғызбай мақтап жөнелді. Жазушылардан әсіресе В.Распутин аянбады. Оған «тарихи еңбегі» үшін сол кезеңде жарнамалана қалған «А.Солженицын силығы» берілді (В.Распутин - қанқұйлы атаман Ермакты «Орыс халқының Қаһарманы» деп роман жазған «классик»). Мадақтаушыларға мен де бір сәт сеніп, оның романдарын оқуды ойладым. «Онтөртіншінің тамызы» атты шығармасын қолға алып, бірақ жетінші бетінен кейін тастадым. Себебін көрнекті орыс жазушысы А. Зиновьевтің сөзімен айтайын: «Ресейде бірде-біреу бүгінде Солженицынның тілімен сөйлемейді. Оның тілі - орыс тілінің дамуын тежеуге тыраштану, қайдағыбір өлі сөздермен жабулап, феодалдық құрылыс кезіндегі тілге телу. Бүгінгілерге түсініктісі – боғауыз сөздері ғана. Оның долбарынша, «орыс тілі пушкиндік, тіпті пушкинге дейінгі заманның тілі болуға тиіс». Өзінің тілі орыс тілінің бүгінгі сипаты мен қалыбына сай емесін ол біледі, бірақ өзінше жазудың  құнды сұлулығы сол сай еместігінде  деп ойлайды».

«Ұлы жазушы, ақын, драматург» Солженицынды әулиеге балап, оған табынушы, оның дақпыртын малданушы жазушылар бар десем, меніңше, солардың арасынан оның романдарын толық оқығандардың саны екі қолдың саусақ санынан аса қоймас. Тақырға табынған қазекемдердің де бірде-бірі оның романдарын оқыған жоқ, әлдебір есеппен әдейі мадақтаушыларға ілесіп жүр дей аламын.

«Орыстың данышпан жазушысының» сайқалдық-сатқындығы туралы  шындық нақты дерек тілімен айтылып, жазылып жатса да, оны әлі де шашбаулаушылар кейбір шет елде де, Ресейде де бар. Мысалы, Мәскеуде «Жайсаң жандар өмірі» («ЖЗЛ») топтамасымен шыққан «А.И.Солженицын» кітабының көлемі «Л.Толстой», «Ф.Достоевский», «А.Чехов» үшеуін қосқандағы көлемнен екі есе көп. Неліктен? Меніңше, оның өзі жазған, Н.Ульянов меңзегендей, барымта кітаптарындағы, өзі жазбаған «Архипелаг ГУЛАГ-тағы» пәлеқорлықты, жалақорлықты Ресейдің, тіпті кеше КСРО шегінде болған бүгінгі тәуелсіз елдердің зиялылар қауымын, оның ішінде саясатшыларын қырықпышақ етуге, санасы енді-енді қалыптаса бастаған жастарын дағдартуға пайдалану.

Бұл кітапты көзін жұмып алып мақтап, мектеп бағдарламасына енгізуді көксегендердің бірі – Э.Радзинский деген «ғұлама» оны «Мәскеудің дарындылар мектебінде жатқа  оқысам!» деп өлерменденген еді (оның сондай қабылеті бары рас). Ақырында радзинскийлердің айтқандары президент В.Путиннің құлағына құйылып, ол 2017-жылы «орыс әдебиеті классигінің» шығармаларын мектеп бағдарламасына енгізуді құптады. Оның құлағына ақын Валерия Вьюшкованың:

Нет, было подлецу отнюдь не всё равно!

Ведь Гитлер для него - герой буржуйской воли!

Антисоветский бред его проходят в школе!

Грехов у Солженицына-лжеца - полно!

Вермонтский прохиндей, наглеющий всё боле,

Он к Рейгану взывал: "Социализм доколе

Терпеть вы будете?! Москву пора давно

Бомбить, как Хиросиму! Бомбу жалко, что ли?!."

- деген, өз еліне қасірет тілеген опасыздықты ашынып айыптаған өлеңі  жетпеген сияқты. Жетсе де, оған ағасы қымбат болғаны сөзсіз. «Өз еліне қасірет тілеген» деу себебім, әдебиет сыншысы В.Хатюшин жазғандай, Солженицын Вашингтонға сапарында, АҚШ Конгресінде сөз сөйлеп, «Совет Одағына соққы беретін уақыт келді!» деп әуейіленіпті. Ол бетпақтығын ізін басушылар «бекер!» деп безектесе де, магнитофон таспасына жазылған түпнұсқасы бар.

Бүгінде «Қолынан келгендер қонышынан басып жүр» емес пе?!. Ресейдің билігін Медведев екеуі кезектесіп иеленуші Путин, «Ресейдің ұлы жазушысы» А.Солженицынның туғанына 2018-жылы 100 жыл толуын бүкіл Ресей көлемінде атап өту жөнінде 2014-жылы шешім шығарды. «Архипелаг ГУЛАГ-тың» сырттай авторы атына айтылып жатқан орынды сынды, өзінің шала шешіміне қарсылықты елемеді.

Сонымен...  мынаны оқылық:

«...Владимир Путин и Сергей Собянин открыли в Москве памятник лауреату Нобелевской премии по литературе Александру Солженицыну в день его 100-летия... на церемоний президент назвал Солженицына выдающимся писателем, мыслителем, фронтовиком и истинным патриотом России...» (Агентство «Москва»).

«...После того, как мы слышали, москвичи повесили на монумент Солженицыну табличку «Иуда», мы решили съездить туда, осмотреть место,  а также выразить свое мнение о юбиляре и его деятельности. На месте мы увидели, что изделие полностью завернуто в полиэтилен, видимо, чтобы снег не лежал у него на голове и его не продолжили называть животным в ермолке. На соседнем доме появилась камера наружного наблюдения. В сторонке случайно стоит машина с полицейскими внутри.

В общем, Александр Исаевич Солженицын вернулся туда, где ему по жизни и было место – под конвой. Только там он был на своем месте. Памятник стоит с руками за спиной. Как положено. Для воплощения законов жанра не хватает только огородить площадку колючей проволокой. Надо посоветовать. Только кому? Исполнителю Собянину или выше, в центр принятия решений?» (ТАСС). Собянин – Мәскеу қаласының әкімі.

«Орыс әдебиетінің классигі А.И.Солженицынға» ескерткіш орнатуда кереғар екі  оқиға болды, оларды мына екі суреттен көре аласыздар:

Ростов қаласының жұртшылығы ескерткіш  қойдырмады.

            

 ХІІ. 2019 ж. Мәскеуде ашылған ескерткішке Путин гүл қойды.

 

Президенттерінің шешімі ширықтырғандар соңғы жылдары Ресейдің бірер қаласында Солженицынға ескерткіш орнатты, бірақ оларға: «Сатқын», «Иуда» деген жазуы быр тақтайшалар қайта-қайта ілініп, жергілікті полицияны сасқалақтатып жүр.

Солженицыншыл қазекемдерге «байғазым» - осы.

 Ғаббас  Қабышұлы

Abai.kz

 

 

 

28 пікір