Сәрсенбі, 16 Қаңтар 2019
46 - сөз 2072 11 пікір 9 Қаңтар, 2019 сағат 10:48

Өркөкірек есек

Ертедегі ассириялықтардан бері келе жатқан мынадай бір тәмсіл бар.
Тәмсіл далада жабайы жүрген есек пен үйдің бағымындағы есектің қарым -қатынасын мысал етеді.
Жабайы есек өзінің адам асырауындағы бауырласына жоғарыдан қарап, әр кездескен сайын оған жер-жебіріне жете ұрсып, тұқыртып тұрушы еді.
– Сенің өмірің өмір емес, сенде ешқандай ерік жоқ, – деді бір жолы өркөкірек есек қожайынымен бірге далада тұрған есекке жолығып қалғанда.
– Осы өмірім менің өзіме ұнайды, – деп оған сонда батылсыздау жауап қайтарды үйдің есегі.
– Ал мен еркіндіктің ұланымын, – деді даланың есегі мұрнын шүйіріп сосын. – Барам деген жеріме барамын, келем деген жеріме келемін. Мен биік таулардың төбесіне көтеріліп, шөптің құнарлысын жеймін, судың тұнығын ішемін, ауаның тазасын жұтамын. Ал сен ертелі-кеш қожайынының тоқпағын жейсің де жүресің.
Жабайы есектің осыны айтып ауыз жиғаны сол еді, сайтандай сап етіп, бір арыстан қастарынан шыға келді.
Азулы жыртқыш қожайынының жанында тұрған есекке батылы жетіп бара қоймай, бірден жабайы есекке бас салып, оны заматында жайратып салды.
...Бостандықтың да кейде осылай жанды мақұлыққа залалы тиетін кездері бар.

Серік Пірназардың facebook парақшасынан

Abai.kz

11 пікір