Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3175 0 пікір 9 Қаңтар, 2019 сағат 10:43

Тәжікстан билігі діни оқу орнының бұрынғы студенттеріне милицияға есеп беріп тұруға міндеттеген

Тәжікстан билігі шетелде діни оқу орындарында оқып келген азаматтарға жарты жыл сайын жергілікті милицияға барып, көрініп тұруды міндеттеген.

Хисор шаһарының 32 жастағы тұрғыны Дилшод жылына екі рет милиция бөлімшесіне барып, тіркелген мекен-жайда тұрып жатқанын айтып, есеп беріп тұруы керек. «Тәртіп бойынша милиция қызметкерлері ертерек шақырту жібереді. Барған кезде олар кезекті рет не істедік, қайда бардық, медреседе оқып жүргенде қандай білім алдық деген секілді сұрақтар қояды. Олар өздерін өте мәдениетті ұстайды», - дейді Дилшод.

Дилшод Египетте бір жылдан аз уақыт оқып келген. Ол өзінің сондағы Әл-Азхар университетіне оқуға түскісі келгенін, 9 ай бойында араб тілін оқығанын айтады. Бірақ билік өкілдері елге оралуды талап еткен екен.

2010 жылдың басында Тәжікстан билігі шетелде діни оқу орындарында оқып жүрген жастарды отанына оралту кампаниясын бастаған. Сол кезде ел президенті Эмомали Рахмон "олар шетелде молда емес, террорист болып оралады" деп мәлімдеген.

Тәжікстанның діни істері жөніндегі комитеттің мәліметінше, Йеменде, Сирияда, Египетте, Пәкістанда, Ауғанстанда, Иракта және Иранда заңсыз білім алған 3 мыңнан астам азамат елге қайтарылған.

Бүгінгі күні 300-ге жуық адам шетелде діни оқу орнында заңсыз білім алып жатыр екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021