Бұның алдында Шыңжаң билігі жаппай индоктринация науқанын жүргізіп, мыңдаған адамды оқшаулаған. Олар отырған лагерлерді Пекин "кәсіби оқыту орталықтары" деп атады. Мұнда жүздеген мың, кейбір мәліметтер бойынша, миллионнан астам адам орналастырылған.
Лагерлерде отырып шыққандар оларды өз мәдениетінен, діни көзқарасынан бас тартуға үгіттеп, саяси индоктринация жүргізгенін айтты.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 9 қаңтарда жасаған мәлімдемесінде Пекин екі мың этникалық қазаққа көшуге рұқсат бергенін растады. СІМ мәлімдемесінде Қазақстанға келген олар Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бере алатыны айтылған.