Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2958 0 пікір 4 Сәуір, 2011 сағат 09:47

Әлімжан Қадылбекұлы. Бірлесіп істеген жұмыс берекелі болмақ

Риддер қалалық мәдениет сарайында туризмді дамыту жөніндегі аймақаралық форум өтті. Форумға Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, Ресей Федерациясындағы Алтай Рес-публикасы туризм және кәсіпкерлік министрінің орынбасары Мерген Екеев бастаған делегация, облыстағы туристік фирмалардың басшы-лары мен кәсіпкерлер қатысты.

Алтайдың табиғаты бай, географиялық жағынан орналасуы да қарым-қатынас жасауға  ыңғайлы. Алтайды тел емген көршілес Ресей, Қытай, Моңғолия мемлекеттерімен ынтымақтас-тық байланыстар орныққан. Туризм саласындағы іскерлік қатынастарды бірлесіп жүргізу үшін «Алтай - біздің ортақ үйіміз» деп аталатын үйлестіру кеңесі құрылған. Үйлестіру кеңесіне төрт мемлекет кіреді. Осы кеңес тарапынан көп жұмыстар істелініп те жатыр.

Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру бағытында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасында шет-елдердің көптеген туристерін біздің облысқа тарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осыған орай біздің өңірде туризмді дамытудың басым бағыттары ретінде қабылданған жағажай, экологиялық, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық туризмі қа-рыштап дамып келе жатыр. Көз тартарлықтай табиғи, мәдени және тарихи  орындар ерекше қорғауға алынған аймақтарда шоғырланған.

Риддер қалалық мәдениет сарайында туризмді дамыту жөніндегі аймақаралық форум өтті. Форумға Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, Ресей Федерациясындағы Алтай Рес-публикасы туризм және кәсіпкерлік министрінің орынбасары Мерген Екеев бастаған делегация, облыстағы туристік фирмалардың басшы-лары мен кәсіпкерлер қатысты.

Алтайдың табиғаты бай, географиялық жағынан орналасуы да қарым-қатынас жасауға  ыңғайлы. Алтайды тел емген көршілес Ресей, Қытай, Моңғолия мемлекеттерімен ынтымақтас-тық байланыстар орныққан. Туризм саласындағы іскерлік қатынастарды бірлесіп жүргізу үшін «Алтай - біздің ортақ үйіміз» деп аталатын үйлестіру кеңесі құрылған. Үйлестіру кеңесіне төрт мемлекет кіреді. Осы кеңес тарапынан көп жұмыстар істелініп те жатыр.

Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру бағытында туризмді дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасында шет-елдердің көптеген туристерін біздің облысқа тарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осыған орай біздің өңірде туризмді дамытудың басым бағыттары ретінде қабылданған жағажай, экологиялық, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық туризмі қа-рыштап дамып келе жатыр. Көз тартарлықтай табиғи, мәдени және тарихи  орындар ерекше қорғауға алынған аймақтарда шоғырланған.

Өткен жылы күзде Қазақстан мен Ресейдің  өңіраралық VII ынтымақтастық  форумы аясында туристік саланы дамыту арқылы шекаралас аймақтардың әлеуетін, өңірлердің бай ресурстарын тиімді пайдалану, туризмнің инфрақұрылымын, шағын және орта бизнесті тұрақты дамыту, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету  бағыттарында   іс-шаралар жоспары жасалған болатын. Алтай Респуб-ликасы мен Шығыс Қазақстан облысының аймақаралық туризмді дамыту жөніндегі Риддер форумы басталған істің жалғасы болып табылады. Осындай кіріспе сөзбен жиынды  облыс Әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков ашты.

Алтай Республикасы туризм және кәсіпкерлік министрінің орынбасары Мерген Екеев делегация мүшелерімен таныстырып өтіп, елінің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы жайында және туризмнің мүмкіндіктері туралы айтып берді. Алтай Рес-

публикасы Қытай, Моңғолия, Қазақстан мемлекеттерінің шекараларымен шектесіп жатыр. Тұрғындарының 75 пайызы селоларда қоныстанған. Туристік бизнесті дамыту арқылы селолар тұрғындары арасында жұмыссыз жүргендер саны жылдан-жылға азая түсуде. Өткен жылы Алтай Республикасына 1,2 миллион турист келіп, демалып қайтқан. Бір туриске ауыл тұрғындарынан 2-4 адам қызмет көрсеткен. Таулы Алтай өңірі - Ресейдегі ірі туристік орталықтардың қатарында.  Білікті мамандардың сараптамасы бойынша енді алты жылдан кейін келетін туристер саны 2,5 есе өсіп, жылына 2,4 миллион адамға жететін болады. Осыған орай селоларда қосымша жұмыс орындары ашылады.

«Манжерок» тау шаңғысы кешеніне, «Катунский» мемлекеттік табиғи биосфералық қорығына,  «Тигирекский» мемлекеттік табиғи қорығына, «Алтайская долина» туристік орталығына, «Алтай-Эко» шипажай-курортына деген туристердің қызығушылығы арта түсуде.   Туризмді дамыту бағытында халықаралық талаптарға сай жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Рес-публика астанасындағы әуежайға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  қазіргі кезде ірі қалалардан келетін қуатты ұшақтарды қабылдайтын дәрежеге жеткізілген. Пантымен емдеу-сауықтыру кешендері жұмыс істейді. Осындай істер біздің облыспен іскерлік қатынастарды ұлғайта түсуге жол ашады.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Клавдия Шушакова теңіз деңгейінен 2000 метр биіктіктегі  Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығындағы ескерткіштердің ерекшеліктері туралы айта келіп, Риддер туристердің көптеп келетін өңіріне айналғанына тоқталып өтті. Бұл қорық Қазақстан Алтайының биоәртүрлілігін қорғауда және сирек кездесетін өсімдік түрлерінің қорын сақтауда маңызды рөл атқарады. Қорықта өсімдіктер әлемінің мыңнан астам түрі өседі. Емдік өсімдіктердің 44 түрі анықталған. Құстардың 150  түрі қорықты мекендесе, солардың 120-сы ұя салады. Туризм саласын дамытуда бұл қорықтың алатын орны да  айрықша болып отыр. Мұнда ауылдық туризмді дамыту қолға алынған. Өткен жылы Поперечное ауылында туристерге арналған қонақүй пайдалануға берілген.  Үлбі, Тұрғұсын, Холзун, Көксу жоталары түйіскен жерлерде Алтайдың көптеген өзен-көлдері бастау алады.  Демалыс базаларында қыста тау шаңғысы  бойынша кешендер жұмыс істейді.  Қалада екі туристік клуб бар. Оның мүшелері туристерге қызмет көрсетіп, балалардың, жасөспірімдердің, жастардың арасында туристік және экскурсиялық жұмыстарды ұйымдастыру мәселесімен айналысады. Туристік көпсайыстардың облыстық жарыс-тарында риддерлік спортшылар үнемі көш басында келеді.  Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қолдауымен «Бумеранг» экологиялық бірлестігі құрылып, экологиялық туризмді дамытуға қомақты үлес қосуда. Осы бірлестіктің жаңа жобасын жүзеге асыру үшін халықаралық туристік ұйымнан 10,7 миллион теңге қаржы бөлінді. Алда тұрған міндеттерді көршілес республикамен бірлесіп атқару арқылы өңір туризмінің өрісін кеңейте түсуге болады.  Риддерлік шаңғышылар VІІ қысқы Азия ойындарында тамаша табыстарға қол жеткізді. Қысқы спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындарын Риддердегі спорт базаларына бірлесіп өткізуге де болады.

Облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Асқар Можанов пен Алтай Республикасының депутаты Виктор Безрученков  шекаралас аймақтардағы туризмді екіжақты дамытудың бағыт-бағдары туралы баяндап,  қазіргі жай-күйіне талдау жасады. Қазақстан мен Ресейдің туристік әлеуетімен, екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығының  келешегімен таныстырды, бірлескен іс-қимылдың басты бағыттары анықталды. Көршілес екі аймақтың туризм саласындағы іскерлік, ынтымақтастық қатынастарды одан әрі өрістетіп, алда тұрған ортақ міндеттерді белгілеп, жоспарланған шараларды іске асыру екі жаққа да тиімді болмақ. Шекарааралық туризм инфрақұрылымдарын дамыта оты-рып, шағын және орта бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны аялап сақтауға болатындығы баса айтылды.

Форум барысында оған қатысушылар ақпараттық-туристік орталық құру, туристік қызмет көрсету нысандарының жол жүйесін дамыту,  іс-тәжірибе  алмасуға жағдай жасау,  кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін жақсарту және туризм саласын ғылыми-әдістемеліктермен, ақпараттармен қамтамасыз ету сияқты   бірқатар мәселелерді талқылады.  Салауатты өмір салтын насихаттау, халықаралық фестивальдар мен слеттерді ұйымдастыру жөнінде пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

Сондай-ақ, форумға қатысушылар Риддер қаласының төңірегіндегі «Синегорье» туристік демалыс базасында, спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатында, «Климовка» демалыс базасында, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында болып, танысып көптеген ақпарат алып қайтты. Мұндай жарнамалық насихат   туристер ағынының  тұрақты өсімін қамтамасыз етуге    жол ашады.

Туризмді екіжақты дамытуға байланысты өткен салиқалы жиында  қаралған мәселелерді талқылай келе форумға қатысушылар жұмыла жұмыс істеу керек деген  тұжырымға тоқталып,  облыс Әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков пен Алтай Республикасы туризм және кәсіпкерлік министрінің орынбасары Мерген Екеев екіжақты келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ, туристік фирмалар арасында екіжақты келісімдер жасалды.

Бұл келісімшартта негізінен  шекаралас аймақтардың тартымды туристік имиджін қалыптастыру, туризм инфрақұрылымын дамыту, қазақстандық және шетелдік азаматтардың туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттері қамтылған.

- Ресейдің Алтай өлкесімен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Ал Алтай Республикасымен байланысымыз енді қалыптасып келеді. Риддердің тұсынан өтетін Ресейге тартылған жол бар. Ресейдің Алтай аймағындағы сауда айналымын, туристік қарым-қатынасты жақсарту үшін  сол жолды осыдан 7-8 жыл бұрын Ресей шекарасына дейін салып бітіріп қойдық. Ал ар жағынан біздің шекараға дейінгі жол өте нашар. Көлікпен жүру мүмкін емес. Сондықтан да бүгінгі форумның келешекте екі аймақты жалғастыратын жолдың құрылысын қысқа мерзімде бітіруге пайдасы тиері сөзсіз, - деді Облыс Әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков.

«Дидар» газеті №37, 4-сәуір, 2011 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578