Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
46 - сөз 7903 11 пікір 17 Қаңтар, 2019 сағат 13:27

Ресейдің кезекті масқарасы

Ресейлік форумда көрсетілген "робот" адам болып шықты.

Ресейдің Ярославль қаласындағы жастар форумында көрсетілген Борис есімді "роботты" ресейлік мемлекеттік арна "соңғы үлгіде құрастырылған робот" деп атап, күлкіге қалды. Ресейлік сайттар оның робот киімін киген адам екенін жазады.

Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен құрылған, Ярославль қаласында жыл сайын өтетін жастар форумында 11 желтоқсанда көпке "Борис" роботы таныстырылған. "Россия-24" телеарнасы Бористі “билеуді үйреніп үлгерген” “соңғы үлгіде құрастырылған робот” деп сипаттаған.

Борис Жапонияның Honda компаниясы құрыстырған Асима сияқты гуманоид роботқа сырты ұқсағанмен шынайы робот болмай шыққан. Оны "таңғажайып машина" ретінде сипаттаған "Россия-24" телеарнасын көп ұзамай ресейлік сайттар мен әлеуметтік желі қолданушылары күлкіге айналдырды. Өйткені Америка мен Жапондарды "басып оздық" деп мақтаған ресей пропогандалық сайттар "таңғажайып машина" шын мәнінде робот киімін киген адам болып шыққан.

Бекболат Қаржанның facebook парақшасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739