Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
4981 0 пікір 18 Қаңтар, 2019 сағат 09:56

Халық қозғалысынан кейін, қырғыз билігі шетелдік жұмыс күшіне талапты қатайтпақ

Қырғызстан парламенті шетелдік жұмыс күшіне талапты күшейтетін заң жобасын әзірлеп жатыр. Ол бұл жөнінде Ала-Тоо алаңында заңсыз миграцияға қарсы өткен митингте мәлімдеді деп хабарлайды мемлекеттік миграция қызметінің төраға орынбасары Самат Токтоболотов.

Оның сөзінше, қазір шетелдіктерге елде жұмыс істеуге рұқсат ету құны 2 мың сом (30 доллар), жаңа заң жобасы тарифті 30 мың сомға көтеруді қарастырған. Мұнан бөлек Токтоболотов кәсіпорындарда шетелдік жұмыс күшінің саны 20 пайыздан аспау керектігі көрсетіледі дейді.

Ол митингте қатысушыларға Қырғызстанда заңсыз жүрген шетелдік азаматтар болса, хабарлауын сұрады. «Егер хабарланса, жұмыс тобы бірден сол жерге барады, заңсыз мигранттарды елден шығарады», - деді Токтоболотов.

Былтыр желтоқсан айынан бері Қырғызстан халқы заңсыз қытайлық мигранттарды елден шығаруды талап етіп, акция өткізіп келеді. «Кыргыз чоролору» қозғалыстың мүшелері егер билік айналыспаса, біз өзіміз айналысамыз деп мәлімдеген.

Сонымен бірге соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қытайдан келетін заңсыз миграцияны тоқтатуды талап еткен үндеулер жарияланып жатыр. ІІМ ұлтаралық қақтығыс туғызуға шақыратындар қатаң жазаланады деп мәлімдеді.

Президент Сооронбай Жээнбеков бұл көріністерге «ішкі күштің әрекеті - мәселені саясиландыруға тырысып жатыр» деп баға берген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1047
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2592
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 731
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 690