Дональд Трамп хатының көшірмесі Ақ үй твиттерінде жарияланды. Трамп бұл сапарлар "шатдаун" аяқталған соң болатынын айтқан.
"Бұл уақытта сіз менімен Вашингтонда келіссөз жүргізіп, бюджет дағдарысын тоқтату үшін қабырға тұрғызу қозғалысына қосылсаңыз жақсы болады деп ойлаймын", - деп жазды Трамп. Ол бұл сапарларды коммерциялық рейстрмен бара алатынын ескерткен.
29 қаңтарда Трамп АҚШ Конгресінде дәстүрлі президенттің жолдау арнауы тиіс. 16 қаңтарда Пелоси президентті жолдауын "шатдаунға" байланысты кейін арнауға кеңес берген. CNN телеарнасының Ақ үйдегі дерккөзіне сүйеніп хабарлауынша, Трамп жолдау уақытын өзгерткісі келмейді. Дегенмен президентті Конгреске шақыру туралы шешімді спикер қабылдайды.
Трамп Конгрестен оңтүстіктегі шекарада қабырға тұрғызу үшін бес миллиардтан астам доллар сұраған. Дегенмен Конгресте басым орынға ие демократтар қаржы бөлуге қарсы шықты. Соның салдарынан үкіметтің жұмысы жартылай тоқтады
11 қаңтарда 800 мың федералдық жұмысшы осы күні төленуі тиіс жалақыларын алмады.
Abai.kz