Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4460 9 пікір 21 Қаңтар, 2019 сағат 11:53

Əкімдер - сенің салығыңа жалдап алған жалдаулы құлың!

Қазіргі Қазақстанда еш əкім халық сайламай халықтың тұрмыс тіршілігінің мəселелерін толық шеше алмайды. Шешуге олар мүдделі де емес. Жұрт та талап етуге құлықсыз.

Мысалы өзім жақсы білетін Атырауда екі күннің бірінде сасық иістен ел қырылып қала жаздайды.

Жыр болған күнде жолаушы өліп жатқан Астрахань жолының проблемасы бір бөлек. Жүздеген тонна балықтың қырылғаны кеше ғана.

Бір таныстарым биік үйде тұрады - Алмалыда. Салынғаннан лифтісі - жоқ! Қай антұрғанның "арқалап" кеткенін! Сонда да үн жоқ қой жұртта.

Таң қалатыным, бəрінің айтатыны ШҮКІР!

Шүкірмен жүріп өмірің жақсармайды, ағайын! Жағдайыңды жасау, жергілікті əкімдіктің басты міндеті! Өйткені ол сенің салығыңа жалдап алған ЖАЛДАУЛЫ ҚҰЛЫҢ! Құйрығынан теуіп тұрып жұмсауға толық құқың бар!

Үндемей жүріп, үндемей өлсең - оларға керегі сол. Салығыңды жеп, миллиондап ұрлап, шетелге тығып, жебір шенеуніктер ұрпағын көбейте береді.

Күнделікті тұрмыс-тіршілігіңдегі қажетті қамтамасыз етуді талап ету керек. Өйткені бұл олардың басты міндеті. Тіпті Н.Назарбаевтың өзі де соны талап етіп отыр олардан!

Ұрғаны бар ма саған жағдай жасап, егер түтінге тұншығып, өлген балықты қуырып жеп, басыңды бұтыңа тығып отыра берсең!

Жеңіс Құспанның facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394