Сенбі, 23 Қараша 2024
3151 0 пікір 23 Қаңтар, 2019 сағат 11:34

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Келісімге 2018 жылғы 2 ақпанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Алматы қаласында қол қойылған болатын.

Келісімнің негізгі мақсаты Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың заңды айналымын, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және оларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз ету үшін тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласында келісілген, үйлестірілген саясат жүргізу болып табылады.

Құжат таңбаланатын тауарлардың айналымына бақылауды жүзеге асыру жолымен көлеңкелі экономиканың көлемін қысқартуға және бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға бағытталған.

Келісім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен тізбесі бекітілетін таңбалануға жататын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде біріздендірілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тәртібін айқындайды.

Сонымен қатар, Келісіммен сәйкестендіру құралдарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу, Одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық комиссияны тауарларды таңбалауды енгізу жөнінде ниеттерінің бар екендігі туралы хабардар ету, Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ оларға таңбалануға қойылатын талаптар мен таңбалау шарттары қолданылмайтын тауарлар регламенттеледі.

Келісім аясында Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары, тауарларды таңбалауды енгізудің орындылығын талдаудың, бизнес жүргізу жағдайына таңбалау енгізудің әсері, таңбалаудың технологиялық мүмкіндіктері болуы туралы ақпараттың, сондай-ақ тауарларға қатысты олардың айналымына бақылаудың өзге жүйесінің жұмыс істейтіндігі туралы ақпараттың негізінде Комиссия Кеңесі тауарларды таңбалауды енгізу туралы шешімді қабылдайды.

Отырыста сондай-ақ, «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Осы Хаттамаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2018 жылғы 15 наурызда Мәскеу қаласында қол қойды.

Хаттаманың мақсаты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 10-бабының 2-тармағына Жоғары кеңестің құрамына мүше мемлекеттің басшысы ғана емес, сонымен бірге өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес Жоғары кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде шешімдерді қабылдау өкілеттіктері берілген мүше мемлекеттің үкімет басшысын қосу мүмкіндігін белгілеу бөлігінде өзгеріс енгізу болып табылады.

ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізу қажеттігі Армения Республикасындағы конституциялық өзгерістерге байланысты, оларға сәйкес Армения Республикасы 2018 жылғы сәуірден бастап Армения Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы негізгі өкілеттіктерін Армения Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министріне беруді көздейтін парламенттік басқару нысанына толығымен көшкен болатын.

Құжаттар Палатаның қарауына берілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371