Уикиликс. Бозымбаев туралы баллада
Баллада деген бас-аяғыңды балауызша балқытып, ерніңе салып ерітуші еді... Бұл "баллада" мақтау емес. Даттау. Ғайбатты таратуға "соучастник" болып кетпейін десем, бұл материалдың танауына тотияын салғандай тұстары көп сияқты. Сонымен, авторы - Қырсық Қисық (біздің Қисыққа 368 атадан асып қосылады деген дерек табылмады). Бүркеншек есім. Блогымды сайтқа балап, материалымды бас та бас деп жатса, қалай бас тартасың? Сонымен, Құдайдан әм Бозымбаевтан кешірім сұрай отырып, осы материалды барынша қысқартып, "шибұт, алаяқ" деген көркем теңеулерін алып тастап, алдарыңызға салып отырмын.
Бәрінен ұлы Алланың атымен бастаймын деп бастап жатыр едім, осым дұрыс емес-ау деген ой осып түсті. Сөйттім де, әгәрәки жазылған сөздерімде жалғандық болып немесе дәл тауып дөп түспеген фактілер болса, кешірімді Құдай кеңшілікпен қарар деген ниет ойымнан шықпай тұрып, бастай салдым.
Алдымен шегініс
Баллада деген бас-аяғыңды балауызша балқытып, ерніңе салып ерітуші еді... Бұл "баллада" мақтау емес. Даттау. Ғайбатты таратуға "соучастник" болып кетпейін десем, бұл материалдың танауына тотияын салғандай тұстары көп сияқты. Сонымен, авторы - Қырсық Қисық (біздің Қисыққа 368 атадан асып қосылады деген дерек табылмады). Бүркеншек есім. Блогымды сайтқа балап, материалымды бас та бас деп жатса, қалай бас тартасың? Сонымен, Құдайдан әм Бозымбаевтан кешірім сұрай отырып, осы материалды барынша қысқартып, "шибұт, алаяқ" деген көркем теңеулерін алып тастап, алдарыңызға салып отырмын.
Бәрінен ұлы Алланың атымен бастаймын деп бастап жатыр едім, осым дұрыс емес-ау деген ой осып түсті. Сөйттім де, әгәрәки жазылған сөздерімде жалғандық болып немесе дәл тауып дөп түспеген фактілер болса, кешірімді Құдай кеңшілікпен қарар деген ниет ойымнан шықпай тұрып, бастай салдым.
Алдымен шегініс
Жалпы осыдан тура бір жыл бұрын күйеу келіп түсті. Бұл Жексембин Жамбылдан кетеді дегеніне жеті ай, жеті апта, жеті күн, жеті сағат толған кез еді. Бозымбаевтың «Кегокты» кертіп жеп, вице-министірлікті менсінбей кеткенін Әулиеата жұрты жақсы білетін. Сондықтан, салғырт қабылдағаны былай тұрсын, жиналыстан жалыққан жұрт, Мәсімовтың Бозымбаевты мақтағанына емес, бес жыл түк бітірмей, Үмбетовтың ғана үмітін ақтаған, енді өзбек ағайындарға ауып бара жатқан Жексембиннің жас толы жанарына қараумен болды. Күйеу жалғыз келмеді.Ырғалып-жырғалып, Алматыдан командасын ілестіре келді.
Жамбыл облысының, Талас ауданынан қыз алып, ошақтылардың төсін мүжіген Бозымбаев жұмысқа кірісті. Жұмысқа кірісті дегеніміз артықтау шығар, жұмыстан шығару ісімен шұғылданды дегеніміз сәйкес келер. Өзі осы жерден қыз алып, ұл-қыз сүйіп отырғанына қарамастан, күйеубаланың ойы бұзық болып шықты.Оның пайымдауынша, облыс жемқорлыққа толып қалған, кландар байланысқан, ру- руға, ата-атаға бөлініп алған аймақ көрінеді.Содан осы бәле-жалалардан тазартуға періште пейілді, бүйрек бетті, қазақшасы мақрұм азаматты үлкеен кісі арнайы жіберіпті-мыс.
І. Кеткен кәдірлер мен келген кәдірлер
Алдымен Ақсақаловқа (обл.әкім орынбасары - ред.) ауыз салды. Жапырып жұмыс істемесе де, қаймағы бұзылмаған қазақы өлкеге келіп әжептеуір тіл сындырып жүр еді, обал болды.Қайтадан Астанасына аттандырып жіберді.Орнына ошақтыдан шыққан қаламы қарымды жорналист, Қанат батырдың почти туған қайынағасы Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген келді.«Әп-бәрекелді, бұл әкім туысқандыққа мүлде жоқ, таза бала екен» деп шу еттік.Оның үстіне қайынжұрт қамын жеген қазақылығы басым екен десті үлкендер жағы.Бастысы, бұрынғы журналист бизнестен де құр алақан емес, серілеу жігіт боп көрінді.Екінші болып аппарат басшысы Айдапкеліп айдалды.Сібірге емес, Мойынқұмға жеке малдарын бағуға кетті. Орнына аузына бір стакан су толтырып жүретін Сәдібеков деген сүп-сүйкімді, (бірақ өте бай) топ-толық, жап-жас жігіт келді.Кәзір үже замәкім.Бұл да қазақша сөйлей алмайды екен, айтпақшы.
Содан Әулиетаның олигархы Ермек Үсенбаевқа тықыр таянды.Бар нәрсені сатып алып үйренген Ерекеңнің қалтасы көтермеді ме, оны Шымкентке шығарып салды. Бірақ Ерекең кетті деп ешкімнің жаны аши қоймады.Онсыз да жарты Жуалыны сатып алған азамат бірнәрсе ғып күн көрер дедік.Орнына Кәрім Көкірекбаев келді.Негізі Бөрібайдан кейін әкім осы азамат болады дегендердің саяси болжамдары сан соқтырды.Өзі де біраз уақыт Бозымбаевқа біртүрлі қарап жүрді.Қордайдың әкімі қай жақтан сап етіп, (Мұратпай Жолдасбековты айтам) келе қалғанын ешкім білмей қалды.Біраз балшылар құмалақ шашып, жауырынға қарап, таро картасын сапырып, Қанат екеуінің руын, жүзін санамалап еді, сәйкес келмеді.Содан көпшілігі «талай жыл Қордайда отырып, біраз қор жинаған шығар...» деген байламмен бұл жағдайға онша бас қатырмады.Содан соғыс басталы.Тараздың әкімі Тортаевтың ісі Бозымбаевқа ұнамады. Күнара Астана мен Әулиеатаның арасын «Жамбылжолқұрылыс» салған жолдай етіп шапқылап, ақыры қалатын болғанда, жау алыстан емес, дәл түбінен Ертарғын батыр атып шықты (Астаевты айтам). Сөйтсек, бұл Ерекең Мусин мырзаның сокурснигі ма, әлде 1-2 жыл бірге оқыған ба, белден басып, 5 жыл бірге жүрген бастығының алдын орап кетті.
ІІ.Әкімдер жыры
Ілияс Қордайға кетіп, бүкіл «Жамбылжолқұрылыстың» техникаларын Қордайға көшірді.Қар қалың жауған жылдары көшелерді күресіннен тазалау үшін кейде Тортаев жеке техникаларын мемжұмысқа салып жіберетін.Ал Астаев әкім болған алғашқы жылы қар күрелмей, текника жетпей, масқарасы шықты.Содан 11 жыл орынбасар болған Ертарғын бір жыл қаланы басқара алмай, Жамбыл ауданына жер аударылды.Анығы, әкім болды. Сөйтсек, Бозымбаевтың ойлағаны мүлде бөлек екен. Қайынжұртшыл Қанекең лезде менеджерлік миын іске қосып, көші бітпейтін Қаратаудағы әкім қайнағасын Сарысу ауданына бес ай отырғызып алды да, Таразға топ еткізді.Кәзір «совхоз біргадірі» деген лақап ат алған Орынбеков орынтаққа осылай отырып еді.Бірақ Орынбеков отырды деп, облыс орталығының жағдайы оңалмады.Келесі кезек келіншегі ет асудың хас шебері (байлар солай дейді ғой) Жиенқұловқа келді.Оны Қанекең оңай жұта салды.
Ал талай жыл Меркі мен Шуды кезек-кезек басқарып, тату-тәтті өмір сүріп жүрген Рысмендиев пен Қарашолақов дуэті ажырап кетті.Екеуіңнің кіндіктерін жабысып қалған ба деп ұрсып-ұрсып, бірін Мойынқұмға, бірін Жуалыға жіберді.Енді бұлар бұрынғыдай араласа алмай, тек сөткімен ғана сөйлесіп жүрген көрінеді.Сонымен Шуға Жабағиев жәрбиіп, Меркіге Сапарбеков пе, Сапаралиев пе, үндемейтін момақан, түрі қазақ, тілі орыс біреу келді.Келді деп естігенбіз, содан осы уақытқа дейін жұмыс істепті дегендерін естігіміз келіп жүр.Бірақ екеуі де өте бай, бизнесмен жігіттер.Бұл Бозымбаевтың басты саясаты.Бастық болған адам бай болу керек.Өйткені, бір мың екі мың доллар олар пәре алмайды.Осылайша жемқорлықпен күреседі-мыс.
Қызығы Сарысу ауданына баяғыда бас инспектор болған біреу барыпты. Қош, сонымен аудан әкімдерін бір жайлап алған Бозымбаев департамент, басқарма басшыларына ауыз салды.Алдымен денсаулық пен білім департаментерінің бастықтары ұшты.Әбдірайымовтың орнын әрең дегенде замы Сұлушаш алып қалды.Облздравты опырып жеп жүрген Овсяников оңбай ұтылды.Орнына Алматыдағы қан орталығын шулатып, донорларды ауыстырып, атағы шыққан Жандос Нәдіров келді.Қансыраған аурулар қарғап жіберді ме, Жандос мырзаның өзі жол апатына ұшырап, аурханада жатып алды.Содан болар, өңірдегі қант ауруымен ауыратындарға мемлекеттің дәрі-дәрмегі үш ай кешігіп, диабетиктер қырылып қала жаздады. Сөйтсек, тендер деген бәле уақытылы өтпепті.Оның уақытылы өтпейтін себебі айқын.Тендер кәзір бір адамның қолында.Ол - Бозымбаев. Оны ұту үшін алдымен Алматыдан болуыңыз керек, сосын жалайырға бір туысқандық қатысыңыз болуы шарт.Жемқорлық-парақорлық сияқтыларды оңтүстіктің жігіттері ойнатып жібермесін деп адал әкім өз қолында ұстап отыр.
ІІІ.Бозымбаев неге бүйтті?
Ары қарай жылжып, жол және құрылыс басқармасына келейік. Қаржысы көп қос сала.Бірақ, Бозымбаев бұл жерде де тапқырлық танытты. Екі басқарманы біріктіріп, бүтін департамент жасап, бір адамға басқартып, Алматыдан білікті басшы әкелді. Демек жол да, құрылыс та Қанекеңнің қарауында.Осы жерде бір нәрсе таратып айтқым келіп отыр.Айта салайыншы.Бозымбаев дотацияда битін сығып, сіркесін жеп отырған облысқа не үшін келді дегенде білетіндер былай деп еді.Алдабергеннің ұлы ақымақ емес.Ол мәйде-шүйдеге ауыз былғамайды.Оның көксегені Жамбылда былтырдан бері құрылысы басталған Батыс Қытай - Батыс Еуропа автожолы.Міне, мәселе қайда.Миллиардтаған қаржыға бағаланған ғасыр жобасы талай көкейді тескені рас.Жоспар бойынша жол 3 жылда бітеді, сонымен бірге Бозымбаев та кетеді.Бұлай болмауы да мүмкін ғой.Жаңылмайтын жақ жоқ.Ылайым шатасайық осы жерде. Бірақ жолдың жұлым- жұлымын шығарып, Алматыдан келген әр компанияға жасап жатқанын көргенде, ішіңнен иланып қалады екенсің.
Енді мәдениетке келейік.Ата көрмеген бе, әке көрмеген бе, әйтеуір біздің әкім қарияларды жақтырмайды.Кадрдың барлығы жастар болуы керек, шалдар кетуі керек деген пәлсапаға берік.Баяғыда бір ертегі бар еді, ақымақ хан көшке кедергі келтіреді деп жасы алпыстан асқандарды өлтіріп тастап, ұзақ жолда су таппай адасып қалатын.Бір ақылды азамат қана атасын сандыққа салып алып жүріп, сол шалдың арқасында аман қалушы ма еді. Еміс- еміс есімде қалған ертегіні Қанекең естімегені өкінішті. Бозымбаев алпысқа үш ай жетпей қалған Әмзеевты тақтан құлатып ,орнына өрімдей скрипкашыны әкелді. Жасы 28-де.Есесіне бұл келіншек өзінің «көңілдесімен» қалаға көшіп келді.Енді «гражданский брак» дегенді басқаша аудара алмадым.Ашына десем, артықтау болар. Бұл кербезің Ұлы жібек жолы бойында қалыптасып үлгерген өңір мәдениетінің ми палауын шығарды. Өзінің тілі орыс, журналистерді (қазақ тілді) «Мәмбет» деп, Мәмбет батырдың әруағын қорлады. Келе сала жаңалық ашамын деп «Баласағұн» залына классикалық туындылардан концерт қойып еді, топырлатып жинап барған оқушылар Шопен мен Бетховенге пысқырып та қарамады. Қарадомалақтар концерт бітпей қашып кетіп, масқарасы шықты. Қазақтың қара домбырасын скрипкамен салыстырған еркетотай осылай жүріп жатыр Жамбылда.
Бір қыздың жүргенін көтерерміз-ау, алайда қыздардың артынан ілесіп келген күшік күйеулердің қылығы өтіп барады.Сөз басында айтып едім ғой, 28 жасар қыздың артынан 28 жасар күйеубала келді деп.Айпырым-ай деймін де, Жамбылда жетпіс жыл тұрсақ та, жұмыс таба алмай сандаламыз, ал бұлардың жолы болғыш.Келе сала облыстық телевидениеге креативный дей ме, декоративный дей ме, атына тіл сынатын директор болып тағайындалды.Онсыз да директоры бар жерге қабаттастырып керегі не екен? Бұл күйеубаланың ермегі - машина айдау екен. Мемлекеттен мәдениет басқармасына бөлінген жап-жаңа Тойота Камри деген мәшинені ішіп алып, айдап соқты да тастады.Адам қақпай өзі аман қалғанына қуанып, машинаны көрсетпей, телеарнаның артына тығып қойдық.Сынса темір сынсын деп.Бірақ бұл құрғырдың темірі қымбат тұрады екен.
ІV.Аймағанбетов қалай абыройдан айрылды?
Мықты басшы кадрлерді сырттан әкелмейді, бар кадрді тәрбиелеп шығарады.Ал енді Бозымбаев әкелген кадрлердің қәдірі кетіп, ел алдында абройсыздыққа ұрындырып жатыр.Солардың бірі - ішкі істер департаментіне әкелген Аймағанбетов. Жаманбаевтың да жамандығы бар шығар, пенде емес пе.Бірақ, халық генералы аталған азаматтың полицияны басқарған жылдары Тараз тәртіпке келген жоқ па? Бригада, бандит, братва құрғандардың барлығын бір шыбықпен айдап , тұрмеге тоғытқан да Жаманбаев болатын. Кәзір қандай?Ай аман, жұрт тынышта көліктер соқтығысып, халық қырылып жатыр.Жақында Аса-Тараз жолында ірі жол апаты орын алды.Қоғамдық көлікке жеңіл автокөлік соқтығысып, төрт адам өртеніп кетті.Автобусқа соғысқан полиция қызметкері.Өкініштісі, тәртіп сақшысы өмірімен бірге үш адамды ала кетті.
Құмшағал ауылында күйеуін кепілдікке алып, әйелінен 200 мың теңге сұрағандарды қайда қоясыз?Қаладағы ең ірі азық-түлік сақтайтын қойманы 7 адам бетперде киіп келіп, бір күнде миллиондаған қаржыны алып кетті.Барлығының қолында Калашников автомат ы. Бейшара қарауылдар әлі ауруханада жатыр.Аймағанбетов қайда мұндайда?Тоғызыншы мөлтек ауданда ломбардты шаңқай түсте тонады.Қайда болды сонда бас полицей?Таразда көлік ұрлығы тұрмақ, адам ұрлығы басталды.Адам болғанда да нәрестелер сатылып жатыр.Құны алты мың доллардан.Енді мына қызықты қараңыз.Наурыз күні өрттен жас нәрестелерді құтқарған полицейлерді марапаттады.Батыр деп.Газиттер жазды, теледидар көрсетті.Ертесіне не болды, масқара болды.Үш нәрестені қалың өрттен құтқарған көршісі ағайынды әскери жігіттер болып шықты. Енді жалған айтқан менттер сотқа тартылып жатыр. Аймағанбетов осылай абыройдан айрылды.Кәзір Оңтүстік әскери қолбасшылығы мен ІІД быт-шыт болып соғысып жатыр. Осы ма сонда, Бозымбаевтың бозжорға кадірлері.
V. Журналистикада не жаңалық?
Қайынаға дегеніміз, мәртебелі Мейрамбек Төлепберген. Бас идиолог. Өзі Бозымбаевтың кәдірлерінің ішіндегі қазақшасы мықты азамат.Екіншісі, осы күнге дейін пәміләсі Джалдинов боп жазылатын баспасөз хатшысы Асқар. Руы жалайыри. Рушылдықты жек көретін әкімнің әрекеті.Жамбыл облысының журналистикасын жұтатқандар осы екі мырза.Бұлар алдымен «Ақ жол» газетінің бас редакторы Мақұлбек Рысдәулетті кетірді.Тым болмаса басқа қызмет те бермеді.«Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры Қалыбек Атжанды жұтты.Алайда білікті басшы далада қалмады.Алматыға өсіп кетті деп естідік.Облыстық «Ар-ай» газетінің бас редакторы Болат Бекжанды тұншықтырды. Осылайша 21 ғасырда Әулиеатаның үш арысы қуғын- сүргінге ұшырады. Үшеуі де талай шәкіртті баулып, бауырынан түлетіп үшырған тісқаққан тілшілер еді. Әттең, түсінбеді.... Бұл қалай басталды?«Ақ жол» газеті де, «Ар-ай» да, телеарна да облыс бюджетінен қаржыландырылады.Әрқайсысына жылына 60-70 млн теңгеден бөлінеді.Қыруар ақша.
Осы қаржыдан қарпып қалайық деді ме екен, ары-бері ойлап, осыдан пәленбай жыл бұрын мемлекет қаржысын жегені үшін сотты болған Ғалым Қасабайдың кандидатурасына тоқтайды.Іздегенге сұраған.«Салық тәртібі» деген баспахананы басқарып отырған Ғалым мырза келісе кетеді.Содан олар Мақұлбектей маңғаз атанның шаужайына жармасады.Осы уақытқа дейін мекемені шашау шығармай басқарып келген білікті басшының тірлігі шала екен.Журналистері жаза алмайды екен.Қанаттың қос құлағына осыны күніге сыбырлаған мырзалар атпал азаматты аттан құлатады.Анығын айтсақ, Рысдәулет қырандық танытып, сауысқандармен салғыласқысы келмеді.Өз еркімен кетті.Орнына журналистикада мақала жазып көрмеген, бұрын сотталған Қасабай келеді.Енді телеарна директоры, 35 жыл ғұмырын журналистикаға сарп еткен Қалыбек Атжанға тасадан тас ататын тасырлар арыз жазып, ақ адамды қаралап, ұйыған ұжымды қырық бөліп, ақыры президент аппаратына жамандап жатып, орнынан алды.
Атжан да олардың дүние жолында ештеңеден қаймықпайтынын түсінді ме, Алматыға бір-ақ күнде ауысып кетті. Орнына кім келді дейсіздер ғой.Ол тіптен күлкілі.Өмірінде қолына микрофон ұстап көрмеген Алматыдан Аяз би деген келді.Мұғәлім ағай түрі жылы болғанмен, азаматтық позициясы жоқ азамат екен.Айтпақшы, Ғалым Қасабайдың сокурснигі.Бір айдың ішінде Қалыбектің бар тілшілерінің, орынбасарымен қосып, тас-талқанын шығарды.Қазақы небір хабарларды жауып, шоу жасаймын деп жар салды. Шоуы шолақ болды... Кадрдің бастығына тағы да Қасабайдың туған қарындасы жайғасты.Осылай-осылай, ақыры шоферға дейін Қасабайдың туыстары мен Аяздың ағайындары орналасты.Обл ТВ-да жұмыста қалу үшін адамдар телеарна директорына емес, «Ақ жол» газетінің бас редакторына жалынатын болды.«Ар-ай» газетінде олар қолдан арыз ұйымдастырып, «Болат қызметкерлеріне қатал екен, ақша жепті» деген аңыз таратты.Арнайы тексеріп барған комиссияға білікті басшының ұжымы үдере түрегеліп, мекемеден қуып шықты. Ақындығы, сыншылығы, шыншылдығы бар бойынан табылатын Бекжанға шамасы келмеген бозөкпелер қайтадан Бозымбаевтың құлағын сарсытты. Ақыры араға үлкееен адамдар түсіп, Болат Бекжанды қалалық газетке ауыстырды
Егер бұл мақала жарыққашығып , ұнап жатса жалғасын сұрарсыздар. Әлі талай қызық бар, қоғам білмейтін. Ал мынау сөз соңында өте құпия жағдайлар туралы мәлімет. Мен айтты деп ешкімге айтпаңыздар.
1. Қанаттың қасіретті сөзі: Қанекең бір күні кабинетінде отырып, «ертең Талас ауданына іссапарға барамыз, дайындалыңдар» десе, қасындағы жандайшаптарының бірі «Құдай қаласа» депті. Сонда Қанекең «Құдай қаласа да қаламаса да барам, мен жоспарлап қойдым» депті.
2. Қанаттың қанатты сөзі: Ол алғаш облысқа келгенде «мен сіздермен үш айдан кейін домбырамен айтысам» деген. Ал кәзір бір жыл төрт ай болды, домбыра тұрмақ алдына жазып берген сөзін дұрыс оқи алмайды.
3. Қанат қарияларды жек көреді: «Нұр Отанның» қорытынды есебінде Есіркеповке «ақсақал қартайсаңыз, әдемі қартайыңыз» деп жіберді. Шындық айтқаны үшін.
4. Қанекеңнің сүйікті сөзі: «уволен».
5. Қанекеңнің көп айтатын сөзі: «мен құда, туыс, ру ағайынға қарамаймын». Кәзір айналасы толы... қ... жұрт пен... ж-лар.
Өркеннің блогынан