ТЖМ тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 16-шы «Қазспас-2011» халықаралық семинар ұйымдастырмақ
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - 23 мамыр мен 2 маусым айлары аралығында Төтенше жағдайлар министрлігі халықаралық құтқарушы бөлімшелердің 16-шы «Қазспас-2011» халықаралық семинар - жиынын ұйымдастырмақ.
Аталмыш шара ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің апаттан-құтқару бағытындағы біліктіліктерін жетілдіруге бағытталған семинар-жиынға қазақстандық құқарушылар мен Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің өкілдері қатысады. Сондай-ақ АҚШ, Чехия, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен байқаушылар шақырылған.
Жиында құтқару көпсайысынан, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогі үшін құтқару көпсайысынан, әскери үшсайыс пен судан құтқару көпсайысынан жарыстар өтеді. Сондай-ақ кионологиялық жарыстар мен құтқару технологиялары бойынша халықаралық конференция ұйымдастырылады.