Оның айтуынша, 2010 жылмен салыстырғанда, Қырғызстанға келуші шетелдіктер саны алты есеге өскен. "2010-2011 жылдары елге 70 мыңға жуық шетелдік келсе, өткен жылы 450 мың адамнан асқан. Бұлар республикада тіркеуде тұрғандар ғана. Виза мен тіркеуден босатылғандар бұл статистикаға кірмейді", - деді Шаикова.
Ватикан, Лихтенштейн, Мальта, Монако, Бруней, Бахрейн елдерінің азаматтарына Қырғызстанда тіркелмеген. "Бәлкім, бұл елдердің азаматтарына алпыс күн жеткілікті болса керек", - деп түсіндірді қызмет төрайымы.
Статистика бойынша, Қырғызстанға келу үшін виза қажет емес 45 мемлекеттің ішінен Оңтүстік Корея, АҚШ және Германия азаматтары жиі сапарлаған.
Abai.kz