Есеп Түгелов. Посткеңестік елдердің миллиардерлері
Жақында Ресейдің «Росбизнеконсалтинг» агенттігі бұрынғы КСРО-ға кірген елдердің ең бай адамдарының жүздігін жасақтап, жария етті. Бұл тізімдегілердің сексені ресейліктер болса, қалғандары ТМД-ның үш мемлекетінің «тұрғындары» (Украина, Қазақстан және Грузия) екен. Тізімдегі жеті «қазақстандықтың» төртеуін ғана қазақ деуге болады (Тимур және Динара Құлыбаевалар, Нұржан Сұбханбердин, Серік Рахметов). Бұрынғы 15 республиканың 11-нен жиырма жылдың ішінде бірде-бір миллиардер шықпапты!
Тағы бір жаңалық! Ресейлік миллиардерлердің ішінде бір ұлты қазақ миллиардер бар екен! Ол тізімде нөмірі елуінші болып тұрған Серік Рахметов.