Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2359 0 пікір 13 Мамыр, 2011 сағат 02:17

Сымбат Сұлуова. Орыстың мәшинесі тек картоп тасуға жарайды

Кедендік одақ құрылғалы біздің шенеуніктеріміз орыс автоөнеркәсібінің, оның ішінде «орыс ұлтының масқарасы» аталатын «АвтоВАЗ» концернінің сойылын соғып келеді. Соған бола шетелден алып келінетін автокөліктерге салынатын баж төлемдері мен салықтарды көтеріп әлек. Өздері «Тойота» мен «Мерседес» мінуді ұнатса да, қалың бұқараға қиғаны ұяла-ұяла машина деуге болатын «Ладалар» мен «Нивалар». Сол «Ладалар» кеше бүкіл Ресейді де, оның бас билеушісі Владимир Путинді де әбден ұятқа қалдырды.

11 мамыр күні Ресейдің премьер-министрі В.Путин Тольятти қаласында өткен машинақұрастырушылар одағының кезекті құрылтайына қатысты. Орыстың өнеркәсіпшілері дағдарысқа қарамай «АвтоВАЗды» ұстап тұру үшін миллиардап қаражат бөлгізіп отырған жарылқаушыларын құдайдай күтті. Осы «тарихи» оқиғаға орай кәсіпорын өзінің «супержаңалығын», яғни халықты қалтасынан қақпайтын, «үнемді» «Лада Granta» автокөлігінің тұсаукесерін дайындаған болатын. Бұған бола «АвтоВАЗ» өздерінің жаңа моделдерін барлық жұрттан жасырып, оны «алғашқы болып Путин көруі керек», оған «бірінші болып Путин отыруы қажет» деп жалбақтап жаңа моделіне адам жақындатпады. Өйтетіндей жөні де бар екен...

Жиналғандардың алдында сөзін сөйлеп, берер уәделерін беріп болған соң Путин журналистермен бірге «Лада Granta» көлігі тұрған павильонға барады. Орыс Премьері су жаңа қып-қызыл машинаны екі айналып, таңдайын қайта-қайта қағып, әдетінше рульге отырып, оны оталдырмақшы болады. Бар бәле осы жерде басталды. Сан  рет мақталып, сан рет тексеруден өткен көлік қырсыққандай оталмай қояды. Осы кезде орыс шенеуніктері мен автозауыттың басшылығы бұлқынып, қызарып-бозарып, жер астына кіріп кете жаздады. Мақтаулы машина тек бесінші реттен кейін оталып, қозғалды!

Машинаны аз-маз жүргізген Путин журналистерге қысыла-қымтырыла: «Жап-жақсы көлік екен. Мұндаймен дачаға бару ыңғайлы екен» дегеннен басқа ештеңе айта алмады. Сасқан үйрек артымен жүзеді демекші, басқа мақтау таппай «Жақсы көлік қой! Қараңдаршы багажнигіне екі қап картоп сыйып кетеді» деп бөсіпті. Владимир Путин жиналыстан кетіп қалғаннан кейін «ресейлік автокөліктің» басқа да қызықтары белгілі болды. «Лада Granta» моделін шын мәнінде «ресейлік» деуге де келмес. Себебі көліктің қозғағышы франциялық «Ренонікі» болса, беріліс қорабы жапондық «Nissanдікі» болып шықты.

Сондықтан, құрметті ағайын, арзан да болса орыстың жаман арбасын алғанша, жапонның не немістің ескісін алған әлдеқайда тиімді болар деп шештік. Керемет дейтін болса, шенеуніктеріміздің өздері әлгі «Лада Grantaға» мініп, дачасына барып, картоп тасысын демекпіз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502