Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2330 0 пікір 14 Мамыр, 2011 сағат 06:09

Елбасы барлық ұлттық компанияларды, өндірістік ұжымдарды инновацияға бет бұруға шақырды - Алматыда өткен форум

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат. Бұдан бұрын хабарланғанындай, 13 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Инновациялық Қазақстан-2020» форумына қатысып, инновацияны дамыту жөнінде кеңес өткізді,деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Форум Алматы қаласындағы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында өтті. «Алатау» паркі Назарбаев Университімен бірге инновацияны дамыту жөніндегі негізгі кластер болып табылады.

Премьер-Министрдің орынбасары -Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Мемлекет басшысына «Инновациялық Қазақстан -2020» форумының тұжырымдамасын ұсынды, соның аясында инновациялық әзірлемелер мен жоғары технологиялық инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылады.

Президентке Назарбаев Университеті, Білім және ғылым, Байланыс және ақпарат, Қорғаныс министрліктері, «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком» компаниялары мен өзге де ұлттық компаниялар әзірлеген 74 инновациялық жоба таныстырылды.

Мемлекет басшысы «Технология Дельта IT» ЖШС-нің автоматты қондырғылар құруашылары бар электронды баспа өнімдері өндірісі жөніндегі желілер мен қорғаныс кешені үшін радиоэлектронды жабдықтар шығару жөніндегі өндірістік цехпен танысты.

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат. Бұдан бұрын хабарланғанындай, 13 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Инновациялық Қазақстан-2020» форумына қатысып, инновацияны дамыту жөнінде кеңес өткізді,деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Форум Алматы қаласындағы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында өтті. «Алатау» паркі Назарбаев Университімен бірге инновацияны дамыту жөніндегі негізгі кластер болып табылады.

Премьер-Министрдің орынбасары -Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Мемлекет басшысына «Инновациялық Қазақстан -2020» форумының тұжырымдамасын ұсынды, соның аясында инновациялық әзірлемелер мен жоғары технологиялық инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылады.

Президентке Назарбаев Университеті, Білім және ғылым, Байланыс және ақпарат, Қорғаныс министрліктері, «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком» компаниялары мен өзге де ұлттық компаниялар әзірлеген 74 инновациялық жоба таныстырылды.

Мемлекет басшысы «Технология Дельта IT» ЖШС-нің автоматты қондырғылар құруашылары бар электронды баспа өнімдері өндірісі жөніндегі желілер мен қорғаныс кешені үшін радиоэлектронды жабдықтар шығару жөніндегі өндірістік цехпен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа сондай-ақ Ақпараттық технологиялар паркінің екінші кезеңінің тұжырымдамасы таныстырылды. Президент парк аумағында іске асырылатын «Microsoft», «Cisco», «Huawei», «IBM» тәрізді ірі трансұлттық компаниялар жоспарлаған инновациялық жобалармен, сондай-ақ «Kazakhstan Computer Graphics», «Массат Б.В.» компанияларының, «Физика-техника институтының» жобаларымен танысып шықты.

Форум аясында Мемлекет басшысы инновацияны дамыту жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, қаржы институттары мен банктердің, даму институттарының жетекшілері, қазақстандық және шет елдік іскер топтардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Президент инновация мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде айқындалғанын атап өтті.

- Соңғы екі жылда нормативтік-құқықтық база қалыптасты. Біздің ғылымға деген көзқарасымызды мүлде өзгертетін «Ғылым» туралы, «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдар қабылданып, жұмыс істей бастады. Бұл заңдар тек биылғы жылы ғана күшіне ене бастады, енді олар іс жүзінде қолданылуы тиіс, - деп атап өтті Президент.

Қазақстанда тиісінше инновациялық инфрақұрылым жұмыс істейді. Тоғыз технопарк, бес ұлттық және он бес өңірлік зертхана жұмыс жүргізуде, олар Президенттің тапсырмасы бойынша соңғы үш жылда тұрғызылды, яғни әрбір облыстағы университетте зертхана бар, онда өз әзірлемелері мен жаңалықтарын ашу үшін мүмкіндіктер жасалған. Бүгінде тоғыз венчурлық қор, үш конструкторлық бюро құрылған.

Бүкіләлемдік экономикалық форум ақпараттық технологиялар жөніндегі есебінде Қазақстанды ТМД-да көшбасшы ретінде бағалаған. Алайда бұл жұмыс әлсіз сипатталуда. Қазіргі уақытта база барын, жобаларды белсенді жүзеге асыру басталғанын атап өту керек.

Мемлекет басшысы бұл жұмыс инновацияны қолдау мен ынталандыру жүйесін дамыту тежеліп тұрғанымен, ғылыми-зерттеу базасының сапасының төмендігімен, бизнеске икемделу деңгейі жеткіліксіздігімен, мамандардың жетіспеушілігімен жүрмей тұрғанын атап өтті. Міне, осының бәрі өткен жүйенің әсерінен айықпағандықтан болып отыр.

Коммерциялық банктер жүйесі инновацияны, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға бағытталмаған. Іс жүзінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар деңгейі әлі де болса төмен.

- Сондықтан мен барлық ұлттық компанияларды, өндірістік ұжымдарды инновацияға бет бұруға шақырып отырмын, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ғылымға деген шығыстардың ішкі жалпы өнімге шаққандағы үлесі Қазақстанда дамыған елдерден 10 еседен астамға аз. Екінші жағынан алғанда, ғылымға жұмсалатын бюджеттік шығыстарды технологиялық инновациялардың өсімі ақтамай отыр. Ғылымға ақша әрдайым бөлінеді, алайда ғылым зерттеулерге көбірек бағытталған.

Мемлекет басшысы егер бұл кемшілік тез арада түзелмесе, онда Қазақстанның жаһандық бәсекелестікке қатысуы мүмкін болмай қалуы ықтимал екенін айтты. Таяу онжылдықта әлемнің барлық елдері инновациялық дамуы бойынша үш топқа бөлінетін болады.

- Әрине, біздің бәріміз де жоғары инновациялық-шығармашылық әлеуеті бар бірінші топқа қосылуды қалаймыз. Бұл топқа үміткерлер екінші топтан ауысқылары келеді, бірақ аутсайдер-елдер аз болмайды. Сондықтан осындай бәсекелестік болатындықтан, егер біз жақсы жұмыс істейтін болсақ, Қазақстан үшін бірінші топқа қосылуға мүмкіндіктер пайда болады. Мұндай мүмкіндіктер бар. Біз тек үміттеніп қана қоймай, бұған сенуге тиіспіз. Сондықтан бізге Инновациялық дамудың ұзақ мерзімді және тұтас стратегиясы қажет. Біз сіздермен бірге бұл істі де атқарамыз, - деді Президент.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы қарай Қазақстанда мемлекетте іске қосылатын инновациялық түрдің барлық нышандары мен белгілері болуы тиістігін атап көрсетті. Олардың тиімді пайдалану үшін инновацияның не екендігі туралы нақты түсінік болуы қажет.

Бұл - тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартатын және бұрын қолданылған ескі технологиямен салыстырғанда бұл сапаға қол жетімділік құнын төмендететін жаңа технология.

- Егер осының бәрі жүзеге асатын болса, адамдардың өмір сүру деңгейі өзгеше болатыны түсінікті. Алға қойылған басты мақсат - инновация. Турасын айтсақ, инновация - ол экономикаға айтарлықтай өсім беретін, ескімен салыстырғанда тиімді болатын жаңа тауар. Егер жаңа технологияның немесе тауардың тиімділігі ескіге қарағанда, кемінде 20 пайыз болса, онда біз инновацияны таңдаймыз. Сондықтан 20 пайыздан кем болмауы тиіс. Мысалы, 100 тонна қант болған, енді 105 тонна болды. Егер 100 мәшине шығарып келсек, енді - 120 шығарамыз, міне, бұл көзге көрінетін жәйт, - деді Президент.

Серпінді инновация тиімділіктің өсімін 100-120-ға дейін жеткізеді, негізінен алғанда - мың пайызға. Абсолютті инновацияның, яғни еш жерде болмаған инновацияның жөн-жобасы да өзгеше болуы керек.

-  Біз осыған егжей-тегжейлі қарап, негізінен алғанда, үздік үлгіні - абсолютті инновацияны жасауға ұмтылуымыз керек. Әрине, әлемде қолға алынған істі білмей тұрып, алға қадам басуға болмайды. Ең бастысы, инновация - ол тек технологиялық идеялар ғана емес, сонымен бірге басқарушылық және гуманитарлық бастамалар екенін есте сақтау маңызды. Инновация білім беру саласында, денсаулық сақтау ісінде, басқару саласында болуы мүмкін, - деді Мемлекет басшысы.

Президент бірінші топқа қосылу үшін Қазақстанда қазіргі кезде инновациялық дамудың өзіндік отандық базасын құру қажет екенін атап өтті.

- Бәрінен бұрын, осы идеяны түсінетін, өзіндік ой-санасы қалыптасқан адамдарды-инноваторларды даярлау қажет. Оларды іздеп тауып, бір орталыққа жинау керек. Мамандар даярлау мәселесі, ондай адамдардың кәсіби және шығармашылық деңгейін арттыру - инновациядан басқа, біздің басты міндетімізге айналуы тиіс. Біз өз тарабымыздан осы жұмысты бастаймыз. Ерекше түрдегі 20 зияткерлік мектеп құрылды. Оларда сабақтар өзгеше жүргізіледі, мұғалімдер мен талантты адамдар ерекше таңдаудан өтеді, соған сай ақы төленеді. Осы мектептердің түлектері Астанадағы халықаралық университетке, Алматыдағы ҚБТУ-не түсе алады. Біздің университеттеріміз арасынан тағы да осы деңгейге көтерілетіндері болатынына сенемін, - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев ғалымдар, мамандар мен менеджерлер тәрізді трансферт технологиясы жүзеге асырылатынын атап өтті. Осы орайда, өндірісте, өз тұрғындарына жеке меншік тауарларын сатуда тұйықталып қалу болмайтыны түсінікті. Қазіргі заманғы өлшеммен алғанда Қазақстанда рынок өте шағын көлемде.

- Мықты деген әлемдік рынокқа шығып, инновациялық рынокқа арналған орнықты ұстанымды қалыптастырып, өзіндік орнымызға иелік етуге тиіспіз. Әлемдік үлкен рынокқа шықпастан бұрын, оған бейімделуді біз дәл қазіргі кезде Кеден одағымен жұмыс жүргізуден бастауымыз керек. Яғни, 170 миллионнан астам халқы бар Ресей, Беларус және Қазақстанның кеңістігі ашық. Осындағы бәсекелестік ортаны сезініп, күш жинап, ой түйіп, содан кейін ұланғайыр рынокқа шығу керек, үлкен рынок - жүзеге асыратын бүгінгі міндетіміз, - деді Мемлекет басшысы.

Президент бүгінгі талқылауларды ескере отырып, бұл міндетті бірнеше бағыттар бойынша нақтылау қажеттігін атап өтті.

Бірінші. Еліміздің ғылыми-зерттеу базасы мен инновациялық басқару жүйесін жаңғырту керек. Мемлекеттік ғылыми институттардың нәтижелік және тиімділік жүйесін арттыру қажет.

- Біз «Ғылым туралы» жаңа Заң қабылдадық. Оның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету қажет. Заң ғылымға жаңаша тұрғыдан келеді. Бұл туралы ғылыми жұртшылық кеңінен білу үшін Заңды түсіндіру керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Салааралық ғылыми-технологиялық жоспардың аясында мемлекет ғалымдар мен өндірісті біріктіріп, өнеркәсіптен ғылымға тікелей тапсырыс беруі тиіс.

- Егер оған сұраныс болмаса, онда алға жылжу да болмайды. Бұрын да солай болған. Барлық ұлттық компаниялар, нақты өндіріс қызығушылық танытып, тапсырыс беретін болса, онда іс алға басады. Премьер-Министр жетекшілік ететін Жоғары ғылыми-техникалық комиссия өз жұмысын нақты осыған бағыттауы тиіс. Бізде Технологиялық саясат туралы да кеңес бар. Екі комиссияның да құрамына бизнес, ғылым, ұлттық холдингілер мен компаниялардың өкілдері енулері керек. Олардың нақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қажет. Егерде біз осы жұмыспен үнемі айналысып, кемшіліктерді көріп отырсақ, тапсырыс болатын болса, онда оны нақты экономика қолдана бастайды және пайдаланатын болады, - деді Президент.

Мемлекет басшысы тек осындай, әсіресе мемлекет, ғылым мен нақты экономика арасындағы салааралық үйлестіру ғана бұл жұмысты алға жылжытуды қамтамасыз ете алатынын атап өтті.

«Парасат» холдингісінің қызметін қайта қарап шығып, оны ғылыми саладағы мемлекеттің тиімді операторына бағыттау керек.

Ғалымдарға инновациялық және зияткерлік меншікті коммерцияландыруды бюджеттік қаржыландыру аясында қарастыру мүмкіндігін ұсыну қажет.

Салаларлық ғылыми-технологиялық парк арқылы басым инновациялық технологияларды, өнімдер мен қызметтерді теңдестіруді айқындау қажет.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру құрылымын халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру керек.

Президент инновация үшін негізгі мәселе - мамандарды қолдау екенін атап өтті. Қаржы және инвестиция үшін күрес бүгінде екінші орынға сырғыған, бірінші орынға даярлығы мықты кадрлар - кәсіби мамандар шығып отыр. Жыл сайын Қытай ғылыми-техникалық мамандар резервін 500 мың адамға, Оңтүстік Корея - 200 мың адамға толықтырады. Қытай мен Үндістанда білікті мамандар әлемдегі ғылыми-техникалық қызметкердің жалпы санының үштен бірін құрайды. Қазақстанда инженерлік мамандықты бітірген түлектердің үштен бірі ғана өз мамандықтары бойынша жұмыс істейді.

- Мен қазіргі уақытта инженерлік мамандықты таңдау керектігін үнемі айтып келемін. Бәрі юриспруденцияны, бизнесті, экономиканы оқу үстінде. Ал біз қазір Қазақстанды индустриаландыру ісін қолға алдық. Өткен жылы 152 кәсіпорын іске қосылды, биыл жаңадан 190 кәсіпорынды іске қосамыз, инженерлік мамандар қажет. Бұл бағытта үгіт жүргізілуі тиіс. Себебі, біз оларды мемлекет есебінен оқытамыз, жұмысқа орналастырамыз. Тіпті, мемлекеттік гранты бойынша әлемнің ең үздік университеттерін «болашақтықтар» бітіріп келіп жатады, сіздер олардың арасынан мамандарды таңдап алмай жүрсіздер. Олай болса, оларды неге оқыттық? Мен ОЭСР-ға мүше елдермен визасыз режимді пысықтау туралы тапсырма бердім, - деді Президент.

Мемлекет басшысы шетелдік және өзіміздің жоғары білікті мамандар үшін қолайлы жағдай жасап, тіршілік тұрғысынан сұраныстарын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ отандық таланттар мен кәсіби мамандарды ынталандырып, қолдау көрсету керек.

- Мен жоспарды әзірлеуге кешенді көзқарас туралы айтқанымда, осының бәрін ескеру керек. Бізге қазіргі кезде жаңа буын технократтар қажет. Бір жақсысы, шетелдік компаниялардың айтуыларынша, олар бізге жұмыс істейтін жаңа мамандарды даярлауда. Мен шетелдік мұнай компаниялары оқыту орталықтарын ашып, бір жыл оқытқан соң инженер дипломын беретіні туралы үнемі айтып келемін. Өйткені онда ертең өздері жұмыс істейтін - жабдықтар, бұрғылау станоктары, бақылау-өлшеу құрылғылары бар. Олар сонда оқып шығып, бірден жұмысқа араласатын болады. Себебі, ол - инженер. Ал біз инженер мамандығы үшін бес жыл бойы білім аламыз? Қазір олар қайда? Біздің өз жаңашылдарымыз, Кулибиндеріміз аз емес. Статистика бойынша жаңалық ашу жөнінде 1500-2000 сұраным түседі. Оның көпшілігі өнертапқыштық ұсыныстар. Бірақ бұл сандар біз үшін аздық етеді. Мүмкін енді біз мұнымен нақты айналыса бастағанымызды білген соң, адамдар бұл туралы көбірек ойлана бастап, сұранымды көбірек беретін болар, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев техно- және инновациялық парктер мен бизнес-инкубаторлар жұмысы үшін перспективасы бар мамандарға лайықты ұзақ мерзімді гранттар беру мәселесін ойластыру қажеттігіне назар аударды. Мысалы, «Жүз жаңа талант», «Жүз үздік инноватор», «Абсолютті инновациялық президенттік клубы» тәрізді көптеген бағдарламалар негізінде гранттар беруді қарастырып, ерекше көзге түскендерді үнемі ынталандырып, қолдап, гранттар тағайындап отыру қажет.

- Мен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған жүздеген инновациялық жобалар туралы бұған дейін де айттым. Олар келесі 20 жылға арналған Қазақстанның бағдарламасына айналуы тиіс. Бүгінгі жастар ержетіп, 2030 жылы 40 жасқа келеді, сол уақытта біздің еліміз жаңа инновациялық кезеңде өмір сүретін болады. Мен 20 жылдық туралы баяндаманың орнына Қазақстанның осындай бағдарламасын ұсынғым келеді. Бүгін сіздер маған осындай 70 жобаны көрсеттіңіздер, олардың жартысын мен жарамсыз деген болар едім, өйткені олар нағыз инновация емес. Бірақ әлі де уақыт бар. Барлық сала бойынша жұмыс істейік. Әрбір ұлттық компаниялар, кәсіпорын, зауытта   ғылыми-зерттеу институты болу керек. Оған олар  қаржы бөлуі тиіс. Шетелдік  инвесторлар кеңесі болады. Онда алғашқы кезеңдері барлық мұнай, металлургиялық компаниялардың бұл іске өндірістің кемінде 1 пайызы көлемінде қаржы бөлуін міндеттеу керек. Біз бұл тұрғыда тәжірибесі бар елдерден көп нәрсені үйренуіміз қажет. Трансферт технологиясы болуы тиіс. Онсыз болмайды, одан кейін одан әрі дамитын боламыз. Мысалы, біз Назарбаев Университетінде осындай зертханы құратын боламыз, - деді Президент.

Екінші бағыт - инновацияны қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушыларды, ірі бизнесмендер мен ұлттық компанияларды тарту. Ұлттық компаниялар өздерінің инновациялық даму жоспарларын әзірлеп, Үкіметпен келісулері керек. Инновациялық даму қазақстандық мазмұнды арттыру бағдарламасына сәйкес болуы тиіс.

Үшінші бағыт. Инновацияны кеңінен дамыту үшін шағын және орта бизнес секторына ең қолайлы жағдай жасау керек.

Президент инновациялық қызметтің тәуекелдік сипатын ескере отырып, Үкімет инновациялық қызметтің оңтайлы ұйымдастыру-заңдық түрі туралы мәселені пысықтауы қажеттігін атап өтті.

Экономикалық даму және сауда мен Қаржы министрліктері инновацияны фискалдық ынталандыру және қолдауда халықаралық тәжірибені жан-жақты зерттеулері тиіс. Сондай-ақ, кәсіпорындарды негізсіз тексеру осындай қолдауға жатады.

Еліміздегі трансұлттық корпорацияларлы шикізаттық емес секторға тартуды белсенді жүргізу керек. Қазір әлемде тіркелген патенттердің 80 пайызы трансұлттық корпорациялардың үлесіне тиеді. Жоғары ғылыми технологияларды қаржыландыруда да олардың үлесі 80 пайыздан асады. Сингапурде 7 мыңнан астам трансұлттық корпорация жалпы ішкі өнімінің 30 пайызын қамтамасыз етеді. Қазақстанда олардың үлесі жоқ.

Жалпы алғанда, инновациялық қызметтің барлық кезеңі мен түрін қамтитын, инновацияны ынталандыру мен қолдаудың кешенді пакеті керек.

- Үкіметке «Индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасын үш ай мерзімде әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды тапсырамын. Себебі, біз Парламенттің күзгі сессиясында оны қабылдап, Заң келесі жылдан жұмыс істеуі тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Төртінші бағыт. «Болашақ инновацияның» серпінді нүктесін дамыту. Әзірше Қазақстанда мұндай өсім аймағының екі нүктесі анықталып отыр. Бұл - Астанадағы Назарбаев Университеті мен Ақпараттық технологиялар паркі. Университет еліміздегі жүйе құраушы инновациялық-зияткерлік кластерге айналуы керек. Оның ғылыми орталықтары Қазақстаның жаңа ғылыми жүйесінің негізін қалауы тиіс.  «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі базасында Инновациялық технологиялар паркі кешені құрылады.

- Мен бүгін таныстырылған жобаны қолдаймын және Үкіметке Инновациялық технологиялар паркін дамытудың стратегиясын әзірлеуді тапсырамын. Өз кезегінде біз Астанадағы Назарбаев Университеті туралы стратегияны қабылдадық. Мен  Инновациялық технологиялар паркінің Қамқоршылар кеңесіне жетекшілік етіп, оның стратегиялық дамуын айқындауға атсалысатын боламын. Ал Премьер-Министр жетекшілік жасайтын Басқару  комитеті оны іске асыратын болады. Біз шетелдік басқарушы компанияны таңдауға тиіспіз. Оның тиімді жұмыс істеуі үшін Инновациялық технологиялар паркі жөніндегі нормативтік-заңнамалық базаны да қайта қарап, егер қажет болған жағдайда, өзгелер тәрізді, жеке заң қабылдау керек. Келешекте жергілікті мүмкіндіктерді ескере отырып, өзіміздегі барлық технопарктер мен аймақтарға инновациялық сипат беруге тиіспіз, - деді Президент.

- Біз барлық инфрақұрылымды құруымыз керек, фискалдық мәселе бойынша келістік, шештік. Олар бәрінен босатылуы тиіс. Шетелдік және қазақстандық компаниялар қызығатын инфрақұрылымды құрып, жұмыс істейтін кәсіпорындар мен жаңа өндірістер ашып, орталыққа айналамыз, мемлекеттің барлық инновациялық саясатын іске асырамыз. Танымалдық, үгіт-насихат керек, сондықтан біз ерекше тапсырма береміз. Жақсы сыйлықтар тағайындап, «Алтын сапа» конкурсы тәрізді өнертапқыштардың ұлттық байқауын өткізу қажет. Бұл қоғам үшін, жастардың инновациялық рухты сезінулері үшін қажет. Барлық кәсіпорындар осы көрсеткіш бойынша есеп берулері тиіс. Барлық мемлекеттік қызметшілердің, министрліктердің, ведомстволардың және облыстар басшыларының жұмысын біз осы көзқарас тұрғысынан бағалаймыз. Біз жаққан алаудан бізде де Кулибиндер, Эдиссондар табылып, әлемнің өзге де елдерінен шыққандай өз жаңашылдарымыз шығатын болады, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент бұл мәселеде Қазақстан Ресеймен өте тығыз ынтымақтастықта болатынын атап өтті.

- Ресей Президентімен президенттік келісіміміз бар. Біз «Сколковода» жұмыс басталғанын, Ресейде жұмыс көлемі көп екенін білеміз. Осы тәжірибені зерттеп, бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Бірлескен кезде іс әрдайым өнімді және нәтижелі болады. Өйткені біз бірыңғай Кеден одағының құрамындамыз, келісімшарт, одақтастық қатынастар бар. Мен Беларустен да және өзгелерден де аларымыз бар деп ойлаймын. Әрине, шетелдік тәжирибе керек. Мен не барын көріп отырмын. Бұл осы жоспар бойынша жақсы қадамдар барын білдіреді. Мен сіздерге зор табыстар тілеймін! - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522