Атыраулық акушерлер мен гинекологтар мәскеулік маманмен тәжірибе алмасты
АТЫРАУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда қалалық және аудандық перзентханалардың дәрігерлері Мәскеудің «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының» жетекші ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты Олег Ионовтың курстарынан дәріс алды.
Курстар барысында жергілікті акушерлер мен гинекологтар жаңа туған сәбилерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің, салмағы тым аз балаларды бақылау, хирургиялық кемшіліктері бар балаларды емдеуге қатысты соңғы ғылыми жетістіктермен танысты. Бұл курстарды өткізуге оларды қаржыландырған «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В» компаниясының арқасында мүмкін болды.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, мәскеулік ғылыми орталықпен ынтымақтастық жалғасын табатын болады.